Пән атауы : Әлеуметтік-саясаттану білім модулі


Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерi Тұрғын үй архитектурасы



бет6/9
Дата27.02.2023
өлшемі110,52 Kb.
#70070
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Мәдениет Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті.

Сәулет және сән өнерiнiң ескерткiштерi Тұрғын үй архитектурасы

  • Монументті тұрғын үй архитектурасына Жетісу қалаларының төңірегіндегі аумақтарда тұрғызылған қамалдар жатады. Олар қолдан биіктетіліп (кейде табиғи биіктерді пайдаланып) жасалған биік аландарға тұрғызылған еңселі үйлер. Құрылыстар көптеген жартылай қараңғы жайлары, дәліздері бар бір немесе екі қабатты болған. Әдетте төменгі қабатында ұзынша 6—8 бөлмелі болып, олардың қабырғаларының қалындығы екі метрге дейін жеткен және одан да қалың жасалған. Төменгі қабаттарына төбесіндегі арнаулы саңылаулар арқылы немесе шырағдандармен жарық түсірілген. Екінші қабатқа пандус немесе кішкене аспалы көпір апарған, ал одан баспалдақпен төменгі қабаттың бөлмелеріне түсуге болады. Қамалға әдетте сазбалшықпен қоршалған кең аула түйіседі. Дуалдың үстіне әдетте сатылы жақтаулар орнатылған, оқ атуға болады. Құрылыстың бүкіл болмысын оның тұрғын жай ғана емес, қорғаныс құрылысы да болғанын көрсетеді. Тараздан, Қызылөзен қаласының жұртынан, Құлан, Ақбешімнен қамалдар қазып-аршылды. Олар жоспарлануы мен құрылысының құрылымы жағынан да ұқсас. Қостөбе, Қүйрықтөбе жөне Баба-Ата қала жұрттарының қамалдарын қазған кезде қызықты материал- дар алынды.
  • Қостобе қала жұрты Талас аңғарында жатыр және Жамукет қаласы деп саналады. Ол жартылай тік бұрышты етіп жоспарланған, биіктігі 15 метрге дейін жететін, жоғарғы алаңшасының көлемі 30х30 м болатын қамалдан тұрады. Оның қасында шахристан мен рабад (келемі 450х450 м) және ұзын дуалмен қоршалған аумақ орналасқан. Негізгі қазба жұмысы қамалда жүргізілді. Қамал құрылысының ансамбліне сарай кешені кірген. Оның құрылысы ВЫ ғасырдан ЫХ ғасырдың басына дейін созылған. Құрылыс екі кезенде жүргізілген: бірінші кезеңі - ВЫ — ВЫЫЫ ғасырларда, екінші кезеңі - ВЫЫЫ ғасырдан ЫХ ғасырдың басына дейін. Құрылысты қайталап салу кезінде сарайдың ішкі жайларының жоспарлануы, бекіністі дуалдардын орны өзгертілген. Барлығы 20 үй орны аршылды, олардың ішінде тұрғын бөлмелер, діни сипаттағы орындар, қонақ қабылдауға арналған салтанат жайлары, шаруашылық бөлмелері, сондай-ақ айналма дәліз бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет