КІРІСПЕ
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында "ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары", - деп жарияланған. Өмір сүру құқығы - ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық қүқығының ең негізгісі. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артылықшылықтар береді.
Соңғы жылдары ерекше өткірлікпен маңыздылықа адам өмірі мен деңсаулығына ауыр қол сұғушылықтармен күресу ие болуда. Осы қоғамдық қиындық бүгінде қоғам үшін ақиқатты қауіптілік тудырып отыр. Адамға қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде ең қауіптісі кісі өлтіру қылмысы болып табылады. "Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру" деп Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 99-бабында көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 15-бабында әркімнің өмір сүруге құқығы бар және ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ екендігі айқындалған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам өмірін қорғайтын бірқатар нормалар бар: адамды өлтірген үшін (99 - 101 баптар), өзін-өзі өлтіруге жеткізгені (105 бап), қауіп үстінде қалдырғаны (119- бап), адамның имун тапшылығы кезінде АИТВ вирусын жұқтыру (118-бап) және басқа да қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген. Қазақстанның қылмыстық заңнамадағы едәуір өзгерістер тіркелген қылмыстар санының азаюына себеп болды. Алайда, қылмыстық заңнын "қатаңдылыгына" қарамастан, статистикалық деректер бойынша адам өлтіру қылмысының көрсеткіштері жоғары.
Курстық жұмыс тақырыбының маңыздылығы Адам мен азамат құқығының жалпыға бірдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығы мен әр адамның өмір сүру құқығы, Қазақстан Республикасы Конституцияның 15 бабында жарияланғанынан көрінуде. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан - 2030 стратегиясында ұзақ мерзімді басым ретінде: «барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, денсаулығын, білімі мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту» айқындалған.
Курстық жұмыс мақсаты - түрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып, адам өлтіру туралы білімдерді жүйелеп терендету, бұл қылмыстың заңдылық жауаптылығын және оны ауырлататын мән-жайларды қарастыру, адам өлтірудің түрлерін саралау, сондай-ақ кәзіргі кездегі қылмыстықтың ішінде адам өлтірудің үлесі мен динамикасын анықтау.
Курстық жұмыс жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің ресми мәтіндері, оларға берілген түсініктемелер, басқа да нормативтік құқықтық актілер, адам өлтіру мәселесіне арналған ғылыми еңбектер, қазақтардың көне құқығының әдет-ғұрып ережелері, қылмыстық құқық, криминология, криминалистика пәндерінен оқу-әдістемелік әдебиеттер, құқықтық статистика
деректемелер қолданылды.
1.КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ТҮСІНІГІ.
1.1. Өмірге қарсы қылмыстардың тарихы мен жалпы ұғымы
Қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деп аталатын заңдар болды. Бұл көне заңдарда адам өлтіру мәселесіне елеулі орын берілген. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы» ережесінде адам өлтіру қылмыс деп танылып, қылмыс заңы бойынша қудаланатын1. «Қасым ханның қасқа жолы» бір ғасырдай атқарылған соң тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп «Есім ханның ескі жолы» деп аталып, адам өлтірудің мәселесі маңыздылығын жоғалтпай қарастырылған. Қазақ хандығы заңдарының түп-төркіні қазақ халқында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелерден шықты. Тәуке ханның «Жеті жарғы» жекелеген баптарында хан жоғары судья болған, ол қылмысты және теріс қылықтары үшін, жазаға тартқан. Қазақ хандығы заңдарының қылмыс заңына оның таптық мәні айқын көрінеді: Тәуке ханның «Жеті жарғысында» қылышпен әдейілеп кісі өлтірушілерге бұрынғыдай «қанға қан, жанға жан алу» ережесі сақталды. Өтірілген адамдардың туыстары кісі өлтірушіні өлтіруге құқылы немесе тапапкерлердің келісімі бойынша қылмысы үшін белгіленген құн төлеумен жазаланады. Кісі өлтіруші құл төлеп, яғни әрбір өлтірілген ер кісі үшін 1000 қой, ал әйел үшін 500 қой төлеп өмірін сақтап қалатын болған
Қазақ хандығы заңдарының негізі - феодалдық базис пен патриархалдық-феодалдық өндірістік қатынас болды:
- сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам өлтірілген адамның туыстарна
жеті адамның құнын төлейді;
- егер әйелі күйеуін өлтірсе ол міндетті түрде өлтіріледі, егер туыстар оған кешірім жасамаса, одан құн төлеп құтыла алмайды;
- егер күйеуі әйелін өлтірсе, ол жазасына құл төлеп құлыла алады;
-күйеуі өз әйелін зинақорлық үстінде ұстаса оны өлтіре алады;
- ата-аналарына өз балаларын өлтірген үшін ешқандай жаза қолданылмайды;
-некесіз тапқан нәрестесін ұяалғанынан өлтірген әйел өлім жазасына кесіледі;
- өзін-өзі өлтіруші зираттан оқшау жерге жерленеді.
Өмір сүру құқығы - әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкімнің де өмірі еріксіз қиылуға тиіс емес. Бұл тұжырым Азаматтық және құқықтар туралы саяси халықаралық пактінің 6 бабында көрсетілген.
Адам өлтіру – адамның адамға жасаған әрекетінен туындаған қылмыстың ең ауыры, басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру. Бұл қылмыстың обьектісі - адамның өмірі.
Қылмыстың обьективтік жағы - адам өлтіру әрекетінде, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет, яғни адамды күш қоданып жарақаттау, улау немесе тұншықтыру, қорқытып, үрейлендіріп, жалған жала жабу болмаса тағы да басқа психикалық ықпал жасау арқылы да адам өмірінен айыруға болады. Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру - өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамау нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы.
Жеке адамға қарсы қылмыстар туралы істер жөніндегі қылмыстарды саралау және тиісінше, оларды жасаған адамдарға әділ жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңды дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін кінә нысанын, ниетінің түрін, қылмыс жасаудың мәні мен мақсатын, тәсілін, жағдайы мен сатысын, келтірілген зардаптардың ауырлығын анықтау қажет. Қылмыстық процесті жүргізетін органдар іс жүргізу құжаттарында (айыптау актісінде, үкімде) өз тұжырымдарын жол берілетін анық дәлелдемелерді келтіре отырып негіздеулері тиіс.
Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар көбіне сотталушылармен негізінен спирттік ішімдік ішкен күйде, маскүнемдікке шалдыққан адамдармен және бұрын жазасын өтеп шыққан адамдармен, қылмыстың қауіпті қайталануымен жасалатыны анықталды. Сонымен қатар бұндай аса ауыр құқық бұзушылыққа әйел адамдардың да баратыны және құқық бұзушылықты спирттік ішімдік ішкен жағдайда жасайтыны көрінеді.
Осы орайда сот үкімдерінде сотталушыларға жаза тағайындау кезінде олардың жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға, жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін ескеріп және не себепті бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалғаны көрсетіледі.
Сонымен қатар, қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселенің бірі бұл сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен айыпталушының іс-әрекетінің дұрыс сараланбауы болып табылады.
ҚР ҚК-нің 99 бабы бойынша саралантын басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуды ҚК-тің 106 бабымен дәрежеленетін абайсызда адам өлтіруден ажырату қажет, өйткені қылмыстық менмендік (әрекетті жасай отырып адам жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біліп, бірақ еш негізсіз, жеңілтектікпен оны болғызбайтынына сенгенде) немесе қылмыстық немқұрайлылық (алайда, кінәлі істің мән-жайы бойынша өзінің әрекетінен жәбірленушінің өлімі болуы мүмкін екендігін алдын ала біле алатын және білуге тиіс бола тұра, алдын ала білмеуі) нәтижесінде жасалады.
Егер қылмыс оны аяқтағанға дейін үзілген болса, онда кінәлі өз әрекеттерін не себепті тоқтатқанын, бұл оның еркіне тәуелді болған-болмағанын, бұл ретте қылмысты жалғастыруға оның нақты мүмкіндігі болған-болмағанын, қоғамға қауіпті зардаптың ту қандай мән-жайлардан кедергі болғанын анықтау қажет.
Осыған байланысты, ҚК-нің 99-бабында көзделген адам өлтіруге оқталған кезде кінәлі оның қоғамға қауіпті сипатын сезгендіктен, жәбірленушіге құқыққа қарсы қаза келтіру мақсатында әрекет жасаған, оның іске асатынын алдын ала білген және соны қалаған, бірақ оған қатысты емес жағдайлар бойынша қаза іске аспаған қасақана әрекеттерді тану керек.
2007 жылғы 11 мамырдағы ҚР Жоғарғы Сотының «Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір қылмыстарды саралау туралы» нормативтік қаулысының 30 тармағына сәйкес қылмыстың субъективті жағы мен кінә нысанын айқындай отырып, жасалған қылмыстың барлық мән-жайының жиынтығын, атап айтқанда, кінәлінің және жәбірленушінің өзара қатынасының сипатын, қылмыс жасаудың тәсілі мен қаруын, жарақаттардың және өзге де дене зақымдарының санын, сипатын және жойылуын, қылмыс субъектісінің заңға қарсы әрекетін тоқтату себебін және тағы сол сияқты, сондай-ақ оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын ескеру қажет.
Кінәлі қасақана қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің құқыққа қайшы екендігін және жәбірленушінің қазасының туындауы мүмкіндігін алдын-ала білсе, алайда оның осындай зардапқа қатынасы абайсыздықпен сипатталса, онда кінәлінің әрекеті абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапкершілікті көздейтін ҚК-нің 106 бабының үшінші бөлігі бойынша саралануға жатады.
Бұрындары ҚР Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997-жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру» дегі Қылмыстық кодекстің 99-бабында тура көрсетіген.
Адам өлтіру - жеке адамға қарсы қылмыстардың ең ауыры. Бұл қылмыстарды ашу ерекше қиын және жүмыс көлемі үлкен болғандықтан, кісі өлтіру бойынша істерді күрделілігін қарап, жоғары категорияға жатқызуға болады.
Кісі өлтіру туралы қылмыстық іс қозғай негіздері мыналар болып табылады:
1) кісі өлтіру белгілері бар мәйіттін табылуы;
2) өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы.
Қылмысты жасалу тәсіліне қарай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп қарауға болады:
-ашық түрде кісі өлтіру, яғни кісі өлтірушінің жанында оны білетін адамдардың болуы. Егер көрген болмаған жағдайдың өзінде де, кісі өлтіруші
өзінің істеген ісін және кінәсін жасырмаған жағдайда;
-жасырын түрде кісі өлтіру, яғни қылмысты ешкім көрмеген жағдайда
жасалуы, қылмыскердің өз кінәсін белсенді түрде жасыруға тырысуы,
куәгерлер қатысқан жағдайдың өзінде бейтаныс адамның қылмыс жасап, жауапкершіліктен құтылып мақсатын іске асыруы.
Кісі өлтіру туралы істер бойынша жүргізілетін тергеу істерінің ішінде ең маңызды орынды сот-медицина сараптамасы алады, оны тағайындау дене жарақаттары сипаты мен өлімнің болу себептерін анықтау үшін міндетті болып табылады.
Сот-медициналық сараптамасы жасалған қылмыстың жағдайлары, өлтіру алдындағы жағдайла, өлтірудің құралдары, жәбірленуші тұлғасы, сезіктінің тұлғасы, қылмыстың сылтауы мен мақсаты, мүмкін қылмыс болмай, инценировка жасалған шығар мәселелерін шешу үшін тағайындалады.
1.2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодескі бойынша адам өлтірудің ұғымы.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданылып жүрген Қылмыстық кодексі бойынша өмірге қарсы қылмыстарға мыналар жатады: адам өлтіру (ҚК-тің 99 бабы); жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі (ҚК-тің 100 бабы); жан күйзеліс жағдайында болған адам өлтіру (ҚК-тің 101 бабы); қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 102 бабы); қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚК-тің 103 бабы); абайсызда кісі өлтіру (ҚК-тің 104 бабы); өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚК-тің 105 бабы). Өмірге қарсы бағытталған осы қылмыстар, адам өлтірумен байланысты. Адам өлтіру-жеке адамға қарсы қылмыстардың, ең ауыры. ҚК-тің 99-бабының бірінші бөлігі, адам өлтіру дегеніміз-басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп анықтама береді. Адамның өмірі табиғат берген, маңызды әлеуметтік құндылық, ол оны туғаннан иемденеді. Адам өлтіру объектісі-адамның өмірі, ол адамнын азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналысатына, денсаулық ахуалына, біліміне,т.б. байланысты емес. Қылмыстық заң жәбірленушінің еркіне қарсы адамға қаза келтіруді де, оның келісімімен қаза келтіруді де бірдей дәрежеде адам өлтіруге жатқызады. Жәбірленушінің кім екендігін білмей қалу қасақана адам өлтіргендік үшін жауаптылыққа әсер етпейді.
Өмірге қастандық жасау объектісінің бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін оның бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет. Қылмыстық-құқықтың тұрғыдан алғанда, адамның туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта өмір бар деп саналады. Әлі тумаған немесе өліп қалған адамның өміріне қастандық жасау мүмкін емес. Медицина ана құрсағында адам пайда болған кезден бастап өмір басталды деп есептейді. Бірақ қылмыстық заң ғылымында көптеген ғалымдар өмір адам туылғаннан кейін басталады деп пікір айтады. Физиологиялық тууға дейін баланы өлтіріп түсіру, егер оған медициналық негіз болмаса, криминалдық абортқа жатады.
Қылмыстық заңда адамның өлген кезі деп биологиялық өлімді, яғни ми қабы клеткаларының бір жола ыдырауы нәтижесінде ми қызметінің толық тоқтаған кезін алады. Биологиялық өлімнен басқа «клиникалық өлім» деген түсінік бар, бүл жағдайда адамның жүрегі тоқтап қалады. Қазіргі медицина тоқтап қалған жүректі бірнеше сағаттан кейін қайта жүргізе алатындай немесе оны басқа жүрекпен ауыстыратындай дәрежеге жетті. Мұндай жағдайда өмірі қайта қалпына келтіру мүмкіндігі бар. Жүрек тоқтағаннан кейін бас миының қабы 4-7 минут өткен соң өледі, бұл жағдайда адамды тірілту мүмкін емес.
Адам клиникалық өлім келтірсе, бірақ ол адамның жүрегі кейін соғып қалпына келсе, мұндай іс-әрекет өлтіруге оқталғандық болып сараланады. Сонымен қатар, клиникалық өлім жағдайындағы адамға қастандық жасауды өлтіру деп санауға болады.
Өлтіру, ол-басқа адамның өмірін жою. Өзін-өзі өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге оқталу қылмыс болып табылмайды.
Тірі екен деп қателесіп өлі адамға қастандық жасау өлтіруге оқталғандық болып саналады.
Жәбірленуші өлген кезден бастап адам өлтіру аяқталған қылмыс деп танылады, ал өлімнің бірден болғандығы немесе бірқатар уақыт өткен соң болғандығы маңызды емес.
Қылмыстың объективтік жағы Адам өлтіру әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Адамды өмірінен күш қолданып та (жарақаттау, тұншықтыру, уландыру, т.б.),психикалық ықпал жасап та (қорқытып, үрейлендіріп, жалған лақап таратып, т.б.), айыруға болады.
Әрекетсіздік жолымен адам өлтіру дегеніміз өлімге араша тұратын адамның өз міндетін орындамауы нәтижесінде жәбірленушінің қайтыс болуы. Бұл жағдайда қандай да бір объективтік және субъективтік алғышарттар болуы тиіс: заң бойынша-туыстық жақындығы, кәсіби борышы, жасасқан шарт бойынша міндет артылуы және ол міндетті орындай алатын мүмкіндік болуы тиіс. Мысалы, баласын өлтіру үшін анасы оны тамақтандырмайды, дәрігер өлім халінде жатқан адамға тиісті көмек көрсетпейді.
Өлтіру тәсілдері әрқилы. Кейбір жағдайларда тәсіл адам өлтірудің сараланған түрін қарайды (ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігі). Ол,көбіне, жаза тағайындағанда ескеріледі.
Қоғамға қауіпті зардаптың - адам өлімінің болуы-бұл қылмыстың объективтік жағының міндетті нышаны. Адам өлтірудің барлық түрлері жәбірленушінің өмірін жоюға келіп тіреледі. Адам қаза таппаса бұл қылмыс аяқталды деп саналмайды.Адам өлтірудің басқа бір нышаны-айыптының іс-әрекеті мен жәбірленушінің өлімі арасындағы себептік байланыс. Қылмыс нәтижесінің кездейсоқ емес, айыпты әрекетінің зардабы болуы міндетті шарт. Адам өлтіру-заңсыз жолмен басқа адамға өлім келтіру. Егер адам заңды жолмен өлтірсе, ондай әрекет адам өлтіру ретінде қарастырылмайды. Ондай әрекеттерге -өлім жазасына кесілген адамды өлтіру, қажетті қорғану шегінен асып кетпей қол сұғушыны өлтіру(ҚК-тің 32 бабы), қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде өлтіру не зиян келтіру (ҚК-тің 33 бабы).
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады. Айыпты өзінің басқа адамның өліміне алып келетін іс-әрекет жасап отырғанын, ондай зардаптың болуы мүмкін екенін немесе қалайда болмай қалатынын біледі, соны тілейді-яғни тікелей ниет танытады, егер ол өлімнің болуына немқұрайды қараса-жанама ниет танытады. Республиканың жаңа ҚК-і. бойынша абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет адам өлтіруге жатпайды, адам өміріне қарсы жасалған басқа қылмыстарға жатады:
Адам өлтірудің субъективтік жағын сипаттау үшін себептің де, мақсаттың да үлкен маңызы бар. Адамды өлтіргенде айыпкер әрекеттеріндегі себеп пен мақсат әртүрлі болуы мүмкін, олар қылмысты саралауға ықпал жасайды немесе жаза тағайындағанда ескеріледі. Адам өлтірудің субъектісі - жасы 14-ке толған, ақыл есі дұрыс адам. Адам өміріне қарсы бағытталған басқа қылмыстар үшін жауаптылық 16 жастан басталады.
ҚК-тің 99 бабының 1 бөлігінде көзделген адам өлтіру түрі қасақана деп аталатын түріне жатады. Бұл түрде жазаның жеңілдететін мән-жайлары да жоқ, сондай-ақ саралаушы нышандары да жоқ, адам өлтіру жатады. Сот практикасы адам өлтірудің бұл түріне төбелестің, жанжалдың, өш алу, қызғану сезімдерінің нәтижесінде, сондай-ақ жәбірленушінің өтініші бойынша оған жаны ашып жасаған іс-әрекетті жатқызады.
1.3 Адам өлтірудің ауырлататын мән-жайлар.
Екі немесе одан көп адамдарды өлтіру. 1996 жылғы 20 желтоқсандағы № .11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қастандық жасағандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» №7 қаулысында былай көрсетілген: «ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігі бойынша екі немесе одан көп адамды қасақана өлтірген жағдайда саралануға тиіс, егер қылмыс бір немесе бірнеше әрекет арқылы қысқа уақыт аралығында орындалса және де айыптының бірнеше адам өлтіруге тікелей немесе жанама ниетінің болғандығы анықталса. Айыптының ниеті бірнеше адамды өлтіруге бағытталып, бірақ ол бір адамды өлтіріп, екінші адамға қастандық жасаса, бүл аяқталған қылмыс ретінде - екі немесе одан да көп адамды өлтіргендік деп қарастырылмайды, себебі - қылмыс субъектісінің еркіне байланысты емес мән- жайлар бойынша оның бірнеше адамды өлтіру ойы жүзеге аспай қалды». Бұл жағдайда айыптының әрекетін ҚК-тің 24 бабы және 99 бабы 2 бөлігі бойынша және басқа сараланатын нышандардың болуына қарай ҚК-тің 99 бабының 2 бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралау керек. Ал қылмыскерлердің бір адамды өлтіру және екінші адамға қастандық жасау әрекеттерінің қандай кезекпен орындалғандығы қылмысты саралауға әсер етпейді.
Егер қылмысты бірнеше адам орындайтын болып, олар бірнеше адам өлтіруді алдын ала жобалап және өзара атқаратын міндетін бөлісіп, әрқайсысы басқа адамды қатыстырмай бір адамнан ғана өлтірсе, олардың әрқайсысының әрекеті ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің 15-ші тармағы бойынша саралануға жатады.
Егер екі немесе одан да көп адамды өлтіру әр уақытта болып, бүл әрекеттер айыпкердің бір жолғы ойымен жүзеге асырылмаса, онда бүл қылмыстар ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің 1-ші тармағы бойынша бірнеше адам өлтіру ретінде сараланады.
Бір уақытта бір адамды өлтірген және екінші адамды абайламай өлтірген айыптының әрекетінде бүл қарастырылып отырған қылмыстың қүрамы жоқ, ол екі қылмыстың жиынтығы: адам өлтіру және абайсызда кісі өлтіру қылмыстары ретінде сараланады.
Егер екі немесе одан көп адамды өлтіру көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалса, бүл іс-әрекетті ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің 6-шы және 7-ші тармақтары бойынша саралау керек.ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің 5-ші тармағы қолданыла алмайды, егер екі адам өлтірудің біреуі жеңілдететін мән-жайларда жасалса (ҚК-тің 100-101 баптары).
2. Қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе коғамдык борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру. Қылмыстың бұл түрінің жәбірленушілері қызметтік міндетін атқарушы , сондай-ақ кәсіби және қоғамдық борышты орындаушы азаматтар, не олардың жақындары болуы мүмкін. Бүл қылмысты жасағанда айыпты жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе қоғамдық не кәсіби борышын занды түрде атқаруына қарсы тұрады немесе сол үшін өш алады. Мысалы, браконьердің өзін ұстаған адамды өлтіруі, тергеуде немесе сотта куәгер ретінде жауап берген адамды өлтіру.
ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің осы тармағы бойынша жауаптылыққа тартқанда адам өліміне себеп болған әрекеттің қашан жасалғандығына мән берілмейді. Жәбірленушінің өз қызметтік міндетін немесе кәсіби не қоғамдық борышын атқару кезінде ғана өлтірілуі міндетті емес.
Айыптының әрекетін осы көрсетілген тармақ бойынша саралау үшін, адам өлтіру сол жәбірленушінің қызметтік міндетті немесе қоғамдық не кәсіби борышты өзінің туыстарының немесе жақындарының емес атқаруымен байланысты жүзеге асырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қастандық жасағандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында көрсетілгендей, жәбірленушінің қызметтік міндетті немесе қоғамдық не кәсіби борышты атқаруына байланысты жасалған қылмысты саралағанда айыпталушы өзінің қызметтік міндетін немесе қоғамдық борышын атқарушы адамға қарсы әрекет жасап отыранын және соған байланысты қылмысқа баратындығын өзінің түсінетіндігін және жәбірленушінің қызметтік немесе қоғамдық борышты атқарудағы қандай заңды әректтері айыптыны қылмыс жасауға итермелегенін анықтау қажет.
Қызметтік борышын жүзеге асыру дегеніміз - адамның мемлекеттік немесе басқа кәсіпорында, мекемеде жұмыс істейтіндігіне қарамастан өз міндетіне жататын әрекеттерді жасауы.
Қоғамдық борышты атқару дегеніміз - кез-келген азаматтың өзіне
жүктелген әлеуметтік міндетті, сондай-ақ қоғам немесе жеке адамдар мүддесін көздейтін кез-келген басқа әрекеттерді орындау.
Қылмыстық, азаматтық істердің, сондай-ақ материалдардың сотта қаралуына, алдын-ала тергеудің жүргізілуіне не үкімнің, сот шешімінің немесе өзгедей сот актісінің орындалуына байланысты судьяның, прокурордың, тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, қорғаушының, сарапшының, сот приставының, сондай-ақ олардың жақындарының өміріне қастандық жасау (не өлтіру) арнаулы норма - ҚК-тің 380-1 бабы бойынша жауаптылыққа апарады.Құқық қорғау органының адамы болып табылмайтын, бірақ өзін айыпталушыға сондаймын деп таныстырған және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған әрекеттер жасаған адамның өміріне қастандық жасау ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің 2-ші тармағы бойынша саралануы тиіс.
Жаңа қылмыстық заң бұл құрамға қоғамдық борышпен қатар жаңа нышан - кәсіби борышты енгізген. Кәсіби борышқа адамның кәсіби мәртебесі жүктейтін міндеттер жатады.
Қылмыстық заң тек қызметтік міндетті не кәсіби немесе қоғамдық борышын атқарушы адамдарға ғана емес, олардың жақындарын да қорғайды. «Жақындар» деген түсінікке тек арғы бергі туыстар ғана жатпайды, сонымен қатар достық, сүйіспеншілік қатынастағы (қалыңдық, күйеу бала, достар, т.б.) адамдар да жатады. Жақын адамды өлтіру жәбірленушінің қызметтік, кәсіби немесе қоғамдық борышты атқарумен бас тартқызу мақсатында немесе сол қызметі үшін өш алу мақсатында жасалынады.
Дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды өлтіру, сол сияқты адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру. Адамды ұрлау не адамды кепілге алу оқиғаларының көбеюі, дәрменсіз жағдайдағы адамға қастандық жасау фактісіне қоғамның басқа көзбен қарауы, бұл жайларды адам өлтірудің саралаушы нышандары ретінде санауға негіз болады. Адамның дәрменсіз жағдайы дегеніміз - адамның физиологиялық немесе басқадай себептермен (әлі жас,қартайған, ауру, кеміс: соқыр, керең, ақсақ, шолақ, т.б.) қылмыскерге жөнді қарсылық көрсете алмауы. Адам өлтірудің бұл түріне ұйықтап жатқан немесе қатты мас адамды, сондай-ақ басқа бір себептермен есінен танған адамдарды өлтіру де жатады. Бұл жағдайда жәбірленушінің дәрменсіз екендігі айыптыға белгілі болуға тиіс. Жәбірленушінің дәрменсіз жағдайы айыпкердің әрекетінің салдарынан да, онсыз да болуы мүмкін. Ұрланған немесе кепілге алынған адамды өлтірудің осы қарастырылған нышанмен ұқсастығы бар, сондықтан олар 99 баптың 2 бөлігінің 3-ші тармағына біріктірілген. Ұрланған немесе кепілге алынған адам да дәрменсіз болады. Мұндай адамды өлтіру 99 баптың 2 бөлігінің 3-ші тармағы бойынша сараланады.
ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің осы қарастырылып отырған тармағы қолданылғанда жәбірленушінің ұрланған кезде немесе бірқатар уақыт өткеннен кейін қаза болғандығы ескерілмейді. ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің 10-шы тармағы ұрланған немесе кепілге алынған адамның өлтірілгендігін ғана емес, сонымен қатар адамды ұрлауға немесе кепілге алуға байланысты басқа адамдардың өлтірілгендігін де қамтиды (мысалы, кепілді босатуға тырысқан немесе ұрлауға кедергі келтірген адамды өлтіру).
Жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру. Бұл қылмыс үшін жауаптылықтың қатаң болу себебі сонда - мұндай жағдайда қылмыскер тек әйелді ғана өлтіріп қоймайды, бойына жан біткен, бірақ әлі өмірге келмеген ұрпақты да өлтіреді.
Бұл бөлікті қолданудың бірден-бір шарты - әйелдің жүкті екендігін айыпты білуге тиіс. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулыда былай делінген: өлтірген кезде ол әйелдің жүкті екенін айыптының білуі жеткілікті, бұл жағдайда іштегі баланың қанша айлық екендігі, оның қалай өсіп келе жатқандығы, әйелдің тиісті дәрігерлік мекемеде өзінің жүктілігін тіркеткен-тіркетпегендігі рөл атқармайды». Айыпты адам әйелдің жүктілігін сырт пошымынан, әйелдің өз сөзінен немесе медициналық құжаттармен танысу арқылы біле алады. Қалай болғанда да жүктілік анық белгілі болуға тиіс. Әйелдің жүкті екендігін білмеген адам бұл тармақ бойынша жауапқа тартылмайды. Және де, қылмысты осы тармақпен саралау үшін іштегі баланың әйелге қастандық жасау нәтижесінде немесе одан бұрын өлгендігінің заңдық маңызы жоқ.
Егер айыпты адам әйелді жүкті екен деп ойлап өлтірсе, бұл әрекет екі қылмыстың жиынтығымен сараланады - біріншіден, жүкті екендігі айыпкерге белгілі әйелді өлтіру және жай немесе басқа ауырлататын мән-жайлармен сараланатын адам өлтіру. Жәбірленушіні шатастырып, басқа адамды өлтірген жағдайда қылмыс осылай сараланады (өлтіруге тиісті жүкті әйелдің орнына қателесіп айыпты ондай жағдайда емес басқа адамды өлтіреді).
Жүкті әйелді өлтіргенде айыптыда жәбірленушінің өліміне қатысты, тікелей ниет те, жанама ниетте болуы мүмкін. Өлтіру себептері әртүрлі болғанмен, олардың қылмысты саралауға ықпалы болмайды. Мысалы, жүкті әйелді қызғаныштан өлтірген адам ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің 5-ші тармағы бойынша жауапқа тартылады.
Аса қатыгездікпен адам өлтіру. Жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтіру дегеніміз - айыптының айуандық әрекеттерге баруы, адамгершілік шегінен шығуы. Аса қатыгездікті мынадай мән-жайлар сипаттайды:
-өлтіру тіәсілі (жәбірленушінің денесіне көптеген жарақат салу, көму, ас,су бермеу,уландырып қинау,қышқылмен күйдіру,т.б.).
-өлтірер алдында немесе өлтіргенде садистік қылық көрсету (қинау, зорлау,жанын күйзелту);
-жәбірленушіні жақындарының көзінше өлтіру, оларды күйзелту.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» қаулысында былай делінген: «Қасақана өлтіруді аса қатыгездікпен жасалған ретіңде сипаттайтын мән-жайларды баға бергенде аса қатыгездік тек объективтік әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар айыптының өз іс-әрекетіне психикалық қатынасымен де сипатталатынын ескеру қажет». Аса қатыгездіктің нысандары болу үшін айыпкер өлтірер алдында немесе өлтіріп жатқан кезде жәбірленушіні қинайды, жанын күйзелтеді, не алдын ала әдейі қинап өлтіреді, өлі денені қорлау, бүлдіру де аса қатыгездіктің белгісі, ол әрекетті ҚК-тің 99 бабы 2 бөлігінің 5-ші тармағымен саралауға негіз болады.
Аса қатыгездікпен өлтіргенде айыпкер өзінің іс-әрекетінде аса қатыгездік сипат бар екендігін түйсінуге, соны қалауға немесе оған саналы түрде жол беруге тиіс. Жоғарыда аталғандай, аса қатыгездік тек объективтік әрекеттермен ғана емес, сонымен қатар айыпкердің психикалық қатынасымен де сипатталады. Бірақ «аса қатыгездік» түсінігі медициналық емес, құқықтық. Адам өлтірудің бұл саралаушы нышанының бар жоғын қоғамда қалыптасқан моральдық, тұрмыстық көзқарастарға сүйене отырып тергеу және сот органдары анықтайды. Адам өлтірудің нақты тәсілін қолданғанда жәбірленушінің өлім алдында ерекше күйзелісте болған-болмағанын дәрігер-сарапшы анықтайды.
Өлім денені жойып жіберу немесе оны мүшелеп тастау барлық уақытта бірдей аса қатыгездік әрекетте жата бермейді. Аса қатыгездік жасаудың себептері әртүрлі болады: кек, қызғаныш, бас пайда, т.б. Олар қылмысты ҚК-тің 99 бабының 2 бөлігінің 5-ші тармағы бойынша саралауға әсер етпейді.
6. Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам елтіру. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты пленумының 1994 жылғы 20-желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» Қаулысында былай.деп көрсетілген: «қасақана адам өлтіруді көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен орындалды деп саралау үшін, сол әрекетті айыптынын көптеген адамдардың өмірінге және денсаулығына өзінің қауіп төндіргенің біліп жасалғандығын анықтау қажет». Бұл қылмысты жасау тәсілінің өзі көпшілікке, яғни көбіне адамды мұндай тәсілмен өлтіргенде көптеген азаматтардың өміріне қауіп төнеді (өрт салынады, копарылыс болады, адамдарға қарай автоматты қарудан оқ жаудырады, ішнде адамдар бар автомильді апатқа үшыратады, т.б.).
Егер адамды қандай да бір автоматты аспапен өлтірсе, ал аспапқа жақын басқа адамдар өмірне қауіп төндіретін болса, бұл жағдайда да көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіру орын алады. Ол аспап тек жәбірленушінің ғана өміріне қауіпті емес, басқа, кемінде бір адамның өміріне қауіпті болуға тиіс. Бірнеше адамның өміріне қауіп төндіре алатын аспапты немесе құралды жәбірленушіні ешкім жоқ жерде өлтіруге қолданса, бұл қарастырылып отырған қылмыс нышанын бере алмайды. қасақана адам өлтіруді ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінінң 6-шы тармағымен саралау үшін жәбірленушіні өлтіруді алдын-ала ойластырып, сол әрекетін айыпатының жәбірленушіні өлтіруді алдын-ала ойластырып, жүзеге асыру барысында қанша адамның жәбір шеккендігінің маңызы жоқ. Іс жүзінде тек бір адамды ғана өлтіру ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 6-шы тармағын қолдануды жоққа шығара алмайды, егер адамды өлтіру тәсілі басқа көптеген адамдардың өміріне қауіп төндірғен болса. Адам өлтірудің бұл түрінде айыпкердің нақты бір адамды өлтіруге тікелей ниеті болады.
Басқа адамдарды өлтіру немесе олардың деңсаулығына зақым келтіру жанама ниет болып саналады. Егер көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен бір адамды өлтіру көптеген адамның өліміне алып келсе, айыпкердін әрекетің ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 1-ші, 6-шы тармақтары бойынша саралау қажет. Егер көрсетілген әрекеттер нәтижесінде бір адам қаза тауып, бір адамның денсаулығынга зақым келсе, әрекет қылмыстар жиынтығы бойынша сараланады.
Көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен адам өлтіргенде айыпкер өзінің өлтіруге тиісті адамынан басқа адамды өлтірсе, оның әрекетін ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 1-ші тармағы бойынша саралау қажет.
7. Адам өлтіруді ұйымдасқан топтың жүзеге асыруы. ҚК-тің 31-бабына сәйкес. бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бүрын біріккен адамдардың тұрақты тобы ұйымдасқан топ деп саналады. Адам өлтірудің бүл түрі қоғам үшін өте қауіпті. Ұйымдасқан топ қылмыстық мақсатпен алдын-ала бірігеді. адам өлтіруге мүқият дайындалады (қай жермен қашан жүретіні, қандай қарумен қалай өлтіруге болатыны, т.б.), өзара атқаратын рөлдерді бөледі. Адам өлтірудің бұл түрін ашу өте қиын. Адам өлтіруді жүзеге асырған топта үйымдасқан топ тән нышандардың біреуі болмаса (тұрақтылық немесе қылмыс жасау мақсатында топ мүшелерінің әдейі бірігуі), ондай топтың адам өлтіру ҚК-тың 99-бабы 2-бөлігінің 15-ші тармағы бойынша саралануға тиіс емес.
Адам өлтіруді бір адам жүзеге асырса, ол ұйымдасқан топтың құрамын сол адаммен қоса ұйымдастырушы, айдап салушы және көмектесуші адамдар кірсе, бұл әрекетте ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің осы тармағы бойынша саралануы мүмкін.
Егер ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың мүшелері адам өлтірген болса, онда ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық құрған не оған басшылық жасаған адам ҚК-тің 31-бабының 5-бөлігіне сәйкес ҚК-тің 28-бабына сілтеме жасалып ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 15-ші тармағымен жауапталады. Адам өтіруге қатыспаған адамды адам нақты бір ұйымдасқан топтың мүшесі болғандықтан ғана жауапқа тартуға жол берілмейді.
Қылмыстық сыбайластық жасаған адам өлтіруді де ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 15-ші тармағы бойынша саралау керек, себебі, біріншіден - қылмыстық сыбайластыққа ғана тән ерекше нышандарды алып тастаған күнде, онда ұйымдасқан топқа тән барлық нышандар бар: тұрақтылық және бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында топ мүшелерінің бірігуі.
Соңғы жылдары Қазақстанның құқық қорғау органдары өте жақсы қаруланған, бес аспап қылмыстық құрамалармен күресуде,олардың кейбіреулерінің билікті орындарда отырған өз адамдары бар. Ондай бандаға Алматыны неше жыл жайлаған, бірнеше ауыр қылмыстар жасап, үш адамды өлтірген Можаев тобын жатқызуға болады.
Пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып адам өлтуру. Материалдық пайданы заңсыз жолмен алу мақсатында адам өлтіру пайда табу мақсатындағы адам өлтіру деп саналады, оған бәсекелестікті жою, мүліктік құқықтарды иемдену, материалдық шығындардан құтылу, сондай-ақ жалданып яғни тапсырыспен адам өлтіргені үшін ақы алу. Көздеген пайпаны адамда өлтіргеннен кейін алу міндетті емес, ең бастысы - қастандық жасаған кезде бас пайданы көздегендік анықталуы тиіс. Адам өлтірудің мұндай түріне жәбірленушіні, оның жоғарғы лауазымды қызметін алу үшін өлтіру де жатады.
Бұл құрамның міндетті әлементі - пайда табудың себеп болуы. Пайда табу мақсатында адам өлтірудің тәсілдері әрқилы: белсенді әрекет жасап тікелей шабуыл жасаудан уландыруға дейін немесе ешқандай әрекет жасамай өлтірге дейін болады. Егер қасақана өлтірудің себебі пайда табу болмаса, онда жәбірленуші өлгеннен кейін оның мүлкін иемденуге бағытталған айыпкердің әрекетін ҚК-тің бөтеннің меншігіне қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген бабы бойынша, ал адам өлтіруді - саралаушы нышандарына қарай ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігі бойынша немесе 2-бөлігінің тиісті тармақтары бойынша саралау керек. Мысалы борышты төлемегені үшін жәбірленушіні өлтіргенде айыпты адам бүл қылмысты пайда табу үшін жасады деп қарастыруға болмайды, себебі, мұндай жолмен борыштың қайтпайтынын немесе материалдық пайда түспейтінін айыпкер біледі. Мұнда адам өлтірудін негізінде пайда табу емес өш алу жатыр, сондықтан оны ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 2-ші тармағымен саралау дұрыс емес. Айыпкерге келтірілген залалды жәбірленушінің бас тартуына байланысты, оны өлтіру де, өш алу деп қарастырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» Қаулыда пайда табу үшін жасалған адам өлтіруге - өзі немесе басқа адамдар үшін қандай да бір материалдық пайда (ақша, зат, мүліктік құқық, пәтер-үйге құқық, т.б.) табу мақсатында не материалдық шығындардан құтылу (мүлікті, борышты, қызмет үшін төлемді қайтару, мүліктік міндеттемелерді орындау, алимент төлеу, т.б.) мақсатында адамды қасақана өлтіру жатқызылған.
Қарақшылықпен, қорқытып алущылық пен немесе бандитизммен үштасқан адам өлтірушілік: адам өлтіру және қарақшылық адам өлтіру және қорқытып алушылық, адам өлтіру және бандитизм ретінде, қылмыстар жиынтығы бойынша сараланады.
9. Бұзақылық ниетпен адам өлтіру. Бұзақылық дегеніміз - қоғамды, қоғамда қалыптасқан әдет-гұрыпты сыйламау. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты 1994 жылғы ,23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаудығына жасалған қастандық үшің жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» Қаулыда мынадай түсініктеме беріледі: «жанжал немесе төбелес кезінде адам өлімі болса, соттар оның бұзақылық ниетпен қасақана жасалғандығын немесе өзара бас араздық бойынша жасалғаның ажыратуы тиіс. Бүл мәселені шешкенде жәбірленуші мен айыптының ара қатынасын, жанжалдың немесе төбелестің себептерін, оны кім бастағанын, екі жақтын қаншалықты және қандай әрекеттер жасағанын, басқа да мән-жайларды ескеруі қажет».
Бұзақылық ниетпен жасалған қылмыста мақсатты анықтау қиын. Көбіне мұндай қылмыстар ешқандай себепсіз жасаланады. Бүзақылыққа барған адамдардың басым көпшілігі (90% дейін) сол кезед мас күйде болған.Адам өлтіру қай жерде жасалса да қызғаныш, өштесу немесе қандай да бір жеке ара қатынас нәтижесінде жасалса, ол бұзақылық ниетпен адам өлтіру деп сараланбайды. Жәбірленуші жасаған жанжалдың төбелестің нәтижесінде өзі өлсе, бұл жағдайда да қылмыс бұзақылық ниетпен адам өлтіргендікке жатпайды. Бұзақылық ниетпен бір адамды өлтірген де екінші адамның денсаулығына қатты зақым келсе, онда бүл іс-әрекет ҚК-тің 99 - бабы ,2-бөлігінің 14-ші тармағы және ҚК-тің 103-бабы («денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сараланады. Егер бұзақылық ниетпен адам өлтіргенде қоғамдық тәртіпті бұзатындай, қоғамды сыйламайтындай қылық көрсетсе, онйң іс-әрекеті ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 13-ші тармағы және 257-бабы бойынша сараланады. Бұзақылық әрекет кезінде абайсызда адам өлсе бұл іс-әрекетте осы қарастырылып отырған қылмыс құрамы жоқ, ол ҚК-тің 257- және 101-баптары бойынша саралануы тиіс.
10. Басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды женілдету максатымен жасалған, сол сияқты зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатында күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру.
ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 8-ші тармағында адам өлтірудің өзінше бөлек екі түрі үшін жауаптылық көзделген: 1) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатында адам өлтіру; б) зорлауға немесе жыныстық қатынас сипатындағы күш қолдану әрекеттерімен ұштасқан адам өлтіру.
Қылмыстың бірінші түрі бойынша жауапкершілік бұрын жасалған қылмысты жасыру немесе айыпкер өзінің алдыда жасалатын қылмысын жеңілдету мақсатында адам өлтіргенде болады. Бұл қылмысты жасағанда айыпты адам бұрын жасаған қылмысын толықтай немесе қылмысты саралауға және жаза шарасына ықпал ететін кейбір мән-жайларды жасырып қалуды мақсат. тұтады. Басқа қылмыстың жасалуын жеңілдету мақсатында адам өлтіруді айыпкер сол бастапқы ойластырған қылмысын жасағанға дейін немесе қылмысты жасау барысында жүзеге асырады.
Басқа қылмыс дегеніміз - қылмыстық заңда жауапкершілік көзделген, қоғамға қауіптілігі кез келген деңгейдегі қылмыс.Жасалған қылмысты жасыру немесе жасалатын қылмысты жеңілдету көздеген қылмыстық және жасалған қылмысты жасыру немесе жасалатын қылмысты жеңілдету мақсатында адам өлтіру, егер айыпкер сол бұрын жасалған қылмысқа қатысқан болса, әрқайсысы бөлек-бөлек сараланады.Басқа қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру - сол қылмыс жайында құқық қорғау органдары әлі хабарланбаған не тиісті органға хабарланып, ол жайында кінәлі білмейтін кезде ғана емес, қылмыс жайында хабар тцісті түсіп, оларға қылмыс жасаған адам белгілі болған және ол жайында да орын алады.Егер кінәлі қылмыс жасауды жеңілдету немесе жасалған қылмысты жасыру мақсатында өзінің қоғамдық немесе қызметтік борышын өтеп жүрген адамды қасақана өлтірсе, онда оның іс-әрекеті ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 6-шы және 8-ші тармақтары бойынша сараланады.Әйел зорлаумен ұштасқан қасақана адам өлтіру дегеніміз - кінәлінің әйелді зорлау кезінде немесе соған ниет қылған кезде жәбірленушінің қарсылығын жаншып немесе садистік сезіммен оны өлтіруі.
Мұндай әрекеттер 99-баптың 2-бөлігінің 5-ші тармағы және 120-баптың немесе 121-баптың тиісті бөлігі бойынша саралануға тиіс, себебі бул жағдайда кінәлі екі объектіге қастандық жасайды - жәбірленушінің өміріне және оның жыныстық бостандығына, бүл екеуі өзінше екі болуы мүнкін.
Қылмыстық Кодекстің - 99 бабы 2- бөлігінің «к» тармағы бойынша саралау үшін адам өлтірудің зорлау кезінде немесе сол үшін күш қолданып әрекет жасау кезінде немесе сондай әрекеттерден кейін іле- шала болғандығын анықтау, қажет . Зорлағаннан кейін немесе жыныстық қатынас жасау мақсатында күш қолданғаннан кейін сол қылмыстың ізін жасыру үшін жәбірленушіні белгілі бір уақыт өткен соң өлтірген адамның іс- әрекетін, сол қылмыстың жасалу мән-жайына байланысты, ҚК-тің 99, 121-баптары бойынша саралау керек. Өлтірген және зорлаған бір адам немесе әртүрлі адам болу мүнкін. Мысалы, әйелді топтасып зорлағанда, солардың біреуі оны өлтіреді.Сол адам ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігі бойынша, ал басқалары ҚК-тің 20-бабы бойынша жауапталады.
•Жыныстық қатынаспен бойланысты адам өлтіруге баратын маньяктар қоғам үшін өте қауіпті.Олар біріне-бірі ұқсас көптеген қылмысқа барады.
Қылмыстың субьективтік жағы тікелей немесе жанама ниетпен сипатталады. Зорлаған кезде жәбірленушіні абайсызда өлтіру ҚК-тің 120-бабы 3-бөлігінің 1-ші тармағы бойынша сараланады.
11. Әлеуметтік, улттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық не қанды кек себебі бойынша адам өлтіру.
Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтарын сақтаудың кепілдіктерінің бірі үлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық себептері бойынша жасалған қылмыстық іс-әрекеттер үшін жауаптылықтың күшейгендігі.
Мүлдай себептермен адам өлтіргенде кінәлі адам белгілі үлтқа, нәсілге, қандай да бір дінге немесе конфессияға жатқандықтан жәбірленушінің толық қанды адам еместігін көрсеткісі келеді. Екінші жағынан өз үлтының, нәсілінің немесе діни конфессиясының ерекшелігін көрсетеді. Қылмыстық мақсатқа әртүрлі іс-әректтер жатады: үлтаралық өшпенділікті өршітуден бастап діңді ұстамағандық үшін кек алуға дейін. Кінәлі жәбірленушіні оның басқа ұлтқа, нәсілге жатқандығы немесе өзге дінді ұстағаны үшін өлтіреді.
Қандық кек бойынша адам өлтіруді саралауға сүйекке түскен дақ негіз болады. Қылмыстың бұл түрінің субъектісі қанды кек қайтару дәстүрі сақталған ұлттың адамы болуы мүмкін.
Біреудің қолынан қаза тапқан туысы үшін өш алу кейбір үлтта ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан дәстүр. Істің мән-жайын толық анықтау үшін мүндай дәстүрді мүқият зерттеген жөн. Мысалы, әйел адамнан өш алмайды. Әйелдің өлтірген адамы үшін кекті сол әйелдің туысынан - ер адамнан қайтарады. Әйелден кек алу ер адамның өзін-өзі қорлағаны болып саналады.
Қасақана адам өлтіруді ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 11-ші тармағы бойынша саралағанда, кінәлінің қанды кек дәстүрін сақтаған ұлт өкілі екендігін анықтау қажет. Сонымен қатар, осы қылмыс жасалғанға дейін адам өлтіру фактісі болды ма, ол өлген адам кінәлінің туысы ма және кінәлінің туысының өліміне жәбірленушінің немесе оның туыстарының кінәлі екендігін ол қайдан, кімнен естіді - осы мән-жайлар да анықталуға жатады. Қанды кек бойынша адам өлтіруді басқа қайшылық бойынша адам өлтіруден ажырату қажет.
12. Жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында жасалған адам өлтіру.
Медицина саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде (бір адамның мүшелері мен тінін басқа адамға отырғызу) донорлық материалдарға сүраным көбейді, олардың қүны да жоғары. Бүл жағдай адамның мүшелері мен тінін сату мақсатында адам өлтіруге итермелеуі мүмкін. Мүндай қылмысты жасаудағы негізгі себеп - бас пайда, бірақ кейде «ізгілікті» ниет те болуы мүмкін (ҚК-тің 35-бабындағы орынды тәуекелдің нышандары жоқ), оған, мысалы, жақын адамның өмірін сақтап қалу мақсаты жатады.
Бүл тармақта, адам өлтірудегі мақсат - оның мүшелері тінін пайдалану деп көрсетілген. Бірақ мұны, адам мүшелері мен тінін медициналық мақсатта ғана пайдалану деп түсінбеу керек. Каннибализм, жыныстық фетишизм және басқадай да жағдайлардың болуы ықтимал.
Осы Кодекстің 99-105 баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бүрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру (ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 5-ші тармағы). Бүрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі оның бүл қылмысты бүрын да жасағанын көрсетеді. Бүл жағдайда қылмыстың бірнеше мәрте жасалу нышаны қолданылады (ҚК-тің 11-бабы), яғни бүрын қылмыс үшін адамның сотталғаңдығы қажет емес, тек жауапқа тарту мерзімі өтпеген немесе соттылығы занда белгіленбеген тәртіпте алынбаған болса жеткілікті. Басқа жағдайлар норманың өзінде көрсетілген. Егер кінәлі бұрын жауапкершілік ҚК-тің 99-102-баптарында көзделген адам өлтіруді жасаса, онда оның кейін жасаған адам өлтіруі бұл саралаушы нышанды қүрамайды.
Егер бүрын адам өлтіргені немесе оқталғаны үшін, сондай-ақ адам өлтіруге қатысып, бірақ сотталмаған болса, онда мұндай іс-әрекет ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 11-ші тармағы бойынша өзінше саралануға тиіс.
Егер айыпкер бүрын әр кездері екі мәрте, ауырлататын мән-жайларды адам өлтіруге оқталса және оның ешқайсысы үшін сотталмаса, онда екінші іс-әрекет ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігінің 11-ші тармағы бойынша саралануға тиіс.
2. АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Жаңа туған баланы анасының өлтіруі
Жаңа қылмыстық кодексте заң шығарушы анасының өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кезеңде психикасын бұзатын жағдайда немесе есінің дүрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бүзылуы жағдайында өлтіруін өзінше бапқа бөлектеуді қажет деп санады. Адам өлтірудің бұл түрі бұрын жай адам өлтіру ретінде (жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларсыз) сараланып кёлді. Жүктілік (көбіне, қажетсіз) және физиологиялық туу әйел психикасына теріс әсер етуі мүмкін. Босанған әйелдің бүл қылмыстық әрекетті жасаған кездегі патологиялық жағдайы оны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарауға негіз болады.
Қылмыстық кодексте анасының жаңа туған баласын өлтіргені үшін жауаптылық бірінші рет жеке қарастырылған. Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оны дербес құрамға бөлуді мүмкін деп тапты. Бұл құрам үшін баланы туу кезінде немесе туғаннан кейін бірден қасақана өлтірген жағдайдың орын алуы шарт. Бұдан басқа жаңа туған баланы өлтіру біраз уақыттан кейін жүйкені зақымдайтын жағдай үстінде немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың бұзылуы жағдайында орын алуы да мүмкін.
Қылмыстық кодекстің 100-бабының санкциясына қарағанда, заң шығарушы мұндай адам өлтіруді әйелдердің туу кезіндегі және туғаннан кейінгі ерекше психикалық жай-күйлерін ескере отырып, жеңілдету жағдайлары кезінде жасалған қылмыс деп санайды. Сонымен бірге, әйелдің алдын ала жаңа туған баланы өлтіру ниеті болғандығы және бұған оның дәрменсіз жай-күйін пайдаланған оқиғалардың да болуы мүмкін. Мұны адам өлтірген кезде жеңілдету жағдай деп санауға бола қояр ма екен? Оның үстіне заң шығарушы осындай оқиғаларды да Қылмыстық кодекстің 99-бабында көзделген адам өлтіру деп санайды. Психиканы зақымдайтын жағдай үстінде немесе психика бұзылуы жағдайында анасының жаңа туған баласын өлтіруіне келетін болсақ, онда мұндай адам өлтіру туғаннан кейін біршама уақыт өткен соң, бірақ бала жаңа туған деп саналатын кезең ішінде ғана орын алады. Психиканы зақымдайтын жағдайдың немесе психиканың бұзылу жағдайының болуын осы мәселеге байланысты сарапшылық қорытынды беретін психиатр айқындайды.
Жаңа туған бала түсінігі оның мазмұны айқындау кезінде белгілі бір қиындықтарды туғызады. Заң әдебиеттерінде олар әр түрлі айтылады. Осыған байланысты түрлі мерзімдер көрсетіледі: бір тәулік, бір апта, бір ай. Кейбір авторлар жағдайға байланысты әр түрлі мерзімдерді пайдалануды ұсынады. Бұған келісу қиын. Баланың жаңа туған кезеңі адам өлтірудің жағдайына емес, баланың өзінің өсуіне байланысты ғой. Жаңа туған кезең деп-баланың туғаннан кейінгі өмірінің алғашқы сатысы-оның ағзасының сыртқы орта жағдайларына бейімделетін уақыт ішіндегі бірінші кезеңі болып табылады.
Бұл кезеңге ішкі органдар функциясының тұрақсыздығы тән болады. Жаңа туған кезеңнің ұзақтығы әркімде әр түрлі және бірнеше аптаның мөлшерінде, көбінесе үш-төрт апта бойына ауытқып тұрады. Айы-күнін толтырып туғандарда бұл мерзім шала туғандарға қарағанда қысқарақ. Анасының жаңа туған баланы өлтіруі туу сәтінде немесе туғаннан кейін бірден болуы мүмкін. Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша адам өлтіруге баға беру үшін ананың психикалық жай-күйінің шешуші маңызы болмайды. Ең бастысы, бұл адам өлтірудің көрсетілген уақыты. Дегенмен, мынаны есте ұстау керек, адам өлтіру-туған адамды заңға қарсы қасақана өмірінен айыру.
Туу-ұзаққа созылатын процесс, бірінші босанатындарға ол 15-20 сағатқа, қайталап босанатындар үшін 10-12 сағаттан тұруы мүмкін. Егер туған баланы емес, ал ұрықты өмірінен айыру орын алса, бұл жағдайда адам өлтіру болмайды. Есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психиканың зақымдалуы немесе психиканың бұзылуы жағдайында адам өлтіруге келетін болсақ, онда мұндай әрекет ҚК 100-бабы бойынша саралануы үшін баланың туған кезеңі ішінде жасалуы тиіс. Бұл қылмыстың субъективті жағы, басқа да барлық адам өлтірудегі сияқты тек қана қасақаналықпен сипатталады.Осы қылмыстың субъектісі-арнайы қылмыстың орындаушысы, мұнда жаңа туған баланың 16 жасқа толған анасы ғана болуы мүмкін. Егер мұндай жағдайда қылмысты бірігіп орындаушы түріндегі қатысушылар болса, онда олар ҚК-тің 100-бабының 2-тармағының 5-ші тармақшасы бойынша жауапқа тартылады, ҚК-тің 100-бабында көрсетілген жеңілдету жағдайлары оларға қолданылмайды. Егер өзге қатысушылар қоса орындаушы болмай, ұйымдастырушының айдап салушының немесе көмектесушінің рөлінде болса, онда саралау күрделірек болады. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген қылмысқа қатысушылар үшін Қылмысты кодекстің жауапкершілікті жеңілдететін 53 және 100-бабында көрсетілген жағдайлар (жеке, сипатта болғандықтан және жаңа туған баланың анасына ғана қатысты болуына байланысты) қолданылмайды. Сондықтан олар ҚК-тің 29-бабының тармақтары және 100-бабының 2-тармағының тиісті тармақшалары бойынша жауапкершілікке тартылады.
Жәбірленуші, бұл жерде - жаңа туған сәби, сот медицинасында ол физиологиялық туудан бастап адам санатына кіреді.
Қылмыстың объективтік жағы жаңа сәбиді өлтіру заңға кайшы әрекетпен сипатталады. Бұл қылмыс белсенді әректпенде, әрекетсіздікпен де жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, баланы тамақтандырмау. Егер анасы сәбиін туып жатқан кезде немесе босунаға байланысты немесе басқада себептермен (әкенің баладаң бас тартуы, баланың некесіз тууы, тұмыс нашарлығы, баспананың жоқтығы, т.б.) психикасының бұзылуы ықтимал алғашқы бір тәулік ішінде патологиялық жағдайда өлтірсе, бұл жеңілдететін мән-жай болуы мүмкін.
Қылмыстың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады. Ниет тікелей немесе жанама болуы мүмкін.
Қылмыстың субъектісі жасы 16-ға жеткен, жаңа туған сәбидің анасы ғана бола алады. Ананың екі және одан да көп (егіздерді, үшемдерді) жаңа туған сәбилерді өлтіруі ҚК-тің 99-бабы бойынша жауаптылыққа әкеледі.
2.2.Аффект жағдайында адам өлтіру.
Жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс әрекетінен (әрекетсіздігінен) болған кенет пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында, сол сияқты жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе мольға жат мінез-қүлқына байланысты туындаған үзаққа созылған психиканы бүзатын жай-күйде адам өлтіруі мән-жайды желіндететін адам өлтіруге жатады. Жәбірленуші өз өліміне өзі себепкер болады, кінәлі де кенет болған күшті жан күйзелісі (физиологиялық аффект) оның өз әрекетін бақылау және оған басшылық жасау қабілетін төмендетеді.
Физиологиялық аффект нәтижесінде эмоциялық жарылыс болады, адам психикасы қалыпты жағдайдан ауытқиды, саналы да байсалды қызмет нашарлайды, психологиялық процесстер қайнап сыртқа шығады, адам өз әрекетіне ие болалмай қалады.
Мысалы, маскүнем әке әйеліне, бабаларына ылғи зәбір көрсетеді. Бұл тәжірибе жүзінде, отбасы мүшелерінің біреуінде физиологиялық аффект тудыратын, ұзақ уақыт психика жарақаттайтын жағдай деп танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы табан асты туынадаған немесе тікелей немесе жанама ниет нысанындағы кінәмен сипатталады. Адам өлтірудің бүл түріне қызғаныш немесе кек алу себеп болады, бірақ басқада себептер болуы мүмкін.
Заң шығарушы адам өлтірудің бұл түрін кенеттен басталған қатты жан толғанысы жағдайында жасалған өлтіру ретінде айқындайды. Кінәлының психикалық жай-күйі инстинктивті және сөзсіз-рефлекторлық қызметпен байланысты өткінші, интенсивті көңіл-күймен айқындалады. Көбінесе адам өлтірудің бұл түрі үшін ашу-ыза, жеккөрушілік және түңілу әсері тән болады. Аффект жай-күйі негізінен аз уақытқа, әдетте бірнеше минутқа созылады. Қатты жан толқуы тікелей сыртқы әсердің салдарынан кенеттен пайда болады.
Аффект жағдайында адам өлтіру кенеттен, теріс фактор әсер еткеннен кейін тікелей сол бойда жасалады. Мұнда уақыт аралық үзіліс болмайды немесе елеулі емес (мысалы, кінәлы болған жағдайдың мәнін бірден түсінбегенде).
Аффект жағдайының басталуына негіз ретінде Қылмыстық кодекстің 98-бабында мыналар көзделген: зорлық күш көрсетумен (мысалы ұрып-соғу), сондай-ақ психикалық (денсаулығына зақым келтірумен, мүлкін жойып жіберумен ж.т.б. қорқыту) болуы керек.
Басыну адамдық қадір-қасиетін кемсітумен, жеке басын қорлау арқылы жасалуы мүмкін. Өте ауыр балағаттау адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін жағымсыз нысанда дөрекі түрде кемсітумен көрінеді. Ал ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсіту дәрежесін бағалау өлшеміне келетін болсақ, мұнда объективтік факторларды, сол сияқты субъективтік факторларды да ескеру қажет. Мысалы «фашист» сөзі соғыс ардагеріне және соғысқа қатысушыға, ол үшін қасиетті болып саналмайтын жас буын өкіліне түрліше реакция туғызуы мүмкін. Моральға жатпайтын әрекет түсінігіне келетін болсақ, біздің еліміз бастан кешірген бірқатар моральдық құндылықтарды қайта бағалаумен байланысты олардың мазмұнын түсінуде де белгілі бір қиындықтардың пайда болуы мүмкін. Оның үстіне біздің қоғамымыз жікке бөлінуге қатты ұшырап отыр және көптеген құбылыстарды түрлі әлеуметтік топтар түрліше қабылдайды. Оған қоса біз қазір әрекеттердің қандай моральға қайшы келетіндігіне сілтеме жасай алмаймыз. Сонда да қай уақытта болмасын, негізінен қоғам мүшелерінің көпшілігіне бірдей болып саналатын моральдыцқ құндылықтар, жақсылық пен жамандық, ар- намыс және арсыздық, сенімділік пен сатқындық, ұят пен ұятсыздық деген пікір түсініктер болды. Міне, осылар баға беру негізіне алынуы тиіс. Адам өлтірілетін аффект жай-күйі заңда көзделгендей кенеттен болған жағдай емес, жәбірленушінің үнемі қайталанып отырған құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты пайда болған, ұзақ уақыт психиканы зақымдайтын оқиғалармен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, тіпті бір қарағанда еленбейтін жағдайдың өзі шыдамның шегінен жеткізіп, адам өлтіруге әкеліп соқтыратын көңіл-күй жарылысының тұтандырғышы болып табылуы мүмкін. Аффект жағдайында адам өлтіру тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін.
Аффект кезінде екі немесе одан көп адамды өлтіру жағдайы Қылмыстық кодекстің 111-бабының 2-тармағында сипатталған. Екі немесе одан да көп адамды өлтірудің түсінігі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағының 102-ші тармақшасында берілген.
Қылмыс субъектісі - қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам. Екі және одан көп адамды аффект жағдайында өлтіру осы қылмыстық сараланатын қүрамы ретінде ҚК-тің 101-бабының 2-бөлігінде қарастырылған. Айыпкер өзінің қатты жан күйзелісіне себепкер бірнеше адамды бірден немесе аз уақыт аралығында өлтіреді. Аффект жағдайында бір адамды өлтіру және сол мән-жайларда басқа адамның өміріне қастандық жасау ҚК-тің 101-бабының 1-бөлігі және 24-бабы бойынша сараланады.
Достарыңызбен бөлісу: |