Пән атауы:Қылмыстық құқық Тақырыбы:«Адам өлімі»


Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру



бет3/7
Дата04.03.2023
өлшемі273,5 Kb.
#71469
1   2   3   4   5   6   7
2.3. Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу дегеніміз - қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі нәтижесінде қол сұғушыға аның шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру. Бүл дегеніміз, кінәлі өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін, басқа адам құқықтарын, қоғамның мемлекеттің мүдделерін қоғамға қауіпті қол сүғушылықтан қоғай отырып, ешқандай қажетсіз шабуыл жасаушыны өлтіреді. Мысалы, ұрлық жасаған адамды өлтіру, қаруланбаған бүзақыны мылтықпен атып өлтіру.
Қылмыстық кодекс осы баптарда адам өлтірудің екі құрамын көздейді. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде не қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде адам өлтіру. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіру жәбірленушіні өмірінен айыру қажеттігі болмаған кезде орын алады. Кінәлының әрекеті сипаты және дәрежесі бойынша қастандықтың қоғамға қауіптілігіне анық түрде сәйкес келмейді.
Сот тәжірибесінде қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруге саралау жасалған кезде қателіктер жиі жіберіледі. Бірқатар жағдайларда қажетті қорғану шегінен асып кету болмаған жайттар да кездеседі. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіргенде тікелей де, сол сияқты жанама қасақаналықтың болуы мүмкін. Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде абайсыздықтан өмірінен айыру қылмыстық жауапкершілік болып есептелмейді. Ұсталған адамның жасаған қылмысы ұсталу жағдайының сипаты мен қоғамға келтіретін қауіптілік дәрежесіне анық түрде сәйкес келмегенде, тұлғаға ешбір қажеттіліксіз, шектен тыс, осы жағдай тудырмаған зиян келтіру қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану деп танылады (ҚК-тің 100-бабы). Қажетті қорғану шегінен асып кеткен кезде адам өлтіруден 100-баптың айырмашылығы-жәбірленуші оны өлтірген кезде қоғамға қауіпті қастандық жасамайды. Ұсталған тұлғаға ол қылмыс жасағаннан кейін зиян келтіріледі. Бұл зиянның көлемі қылмыстың ауырлығына байланысты. Ұсталу жағдайына келетін болсақ, мұның да белгілі бір рөлі бар, бірақ бірінші дәрежелі емес немесе кез келген ұстау жағдайында (егер қажетті қорғану жағдайы туындамайтын жағдайда), мысалы шағын немесе орта ауырлықтағы қылмыс жасаған тұлғаны өлтіруге немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге болмайды. Әйелдерге анық мүгедектік белгісі бар адамдарға және өте жас балаларға немесе милиция қызметкерлеріне кәмелетке толмағандарға (егер олар қаруды қарсылық көрсеткен, қарулы не топ болып шабуыл жасаған, адамдардың өміріне қауіп төндіретін, бұдан бөгде адамдар зардап шегуі мүмкін болатындай елеулі түрде адамдар шоғырланған жағдайдан басқа жағдайларда) оқпен атылатын қаруды қолдануға тыйым салынады. Атылатын қаруы бар қылмыскерлердің, полиция қызметкерлері ұстайтын адамдардың, оларға көрсетілген ара қашықтықты қысқарта жақындауға, немесе оның қаруына жанасуға әрекет етуі полиция қызметкерінің оқпен атылатын қаруды қолдануына құқық береді.
Қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтіруді дұрыс саралау үшін бұл қылмыстың субъективтік жағын анықтаудың маңызы зор.
Қажетті қорғаныс шегінен шыққандық үшін шын жауыптылық қасақана зиян келтірген, яғни ниет нысанындағы кінә болған жағдайда ғана жүктелетіндігі заң нормасныда тікелей белгіленген. Қажетті қорғаныс шегінен шығын абайламай адам өлтірсе - қылмыстық жауаптылық болмайды.
Қылмыс субъектісі - жасы 16-ға келген, есі дұрыс адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет