Пән атауы:Қылмыстық құқық Тақырыбы:«Адам өлімі»


Адам өлтірудің неғұрлым жиі кездесетін түрлері



бет6/7
Дата04.03.2023
өлшемі273,5 Kb.
#71469
1   2   3   4   5   6   7
2.7. Адам өлтірудің неғұрлым жиі кездесетін түрлері.
Адам өлтірудің 50%-дан астамы Қылмыстық кодекстің 99 бабының бөлігі бойынша сараланады және неғұрлым жиі кездеседі.
Адам өлтірудің неғұрлым жиі кездесетін түрлеріне мыналар жатады:

  1. өзара жанжал нәтижесінде адам өлтіру;

  2. қызғаныштан адам өлтіру.

Өзара жанжал нәтижесінде адам өлтіру: бұл жағдайда өлтіруді масат тұтқан ниет алдын-ала болмайды. Жанжал себебі әр түрлі болады (қызғаныш, реніш, т.б.) Бірақ жанжал кезінед адам өлтіру барлық уақытта бірдёй 99-баптың 1-бөлігінде көзделген қылмыстың құрамын бермейді.
Төбелес немесе жанжал кезінде адам өлтіру, егер онда ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінде көрсетілген мән-жайлар болмаса, төбелеске немесе жанжалға кім ұйытқы болғандығына қарамастан, қылмыс жай адам өлтіру деп сараланады. 1996 жылғы 20 желтоқсандағы №11 қаулымен өзгертулер енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына жасалған қастандық үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды- соттардың қолдануы туралы» №7 Қаулыда былай деп көрсетілген: «Соттар бұзақылық ниетпен қасақана өлтіруді өзара бас араздық себеп болып төбелес немесе жанжал кезіндегі өлтіруден ажарата білу керек. Бұл мәселені айыпты мен жәбірленушінің ара қатынасын, жанжал мен төбелестін шығу себебін, жанжалды кімнің бастағаны, екі жақтын да іс-әрекеттерінің сипатын және белсенділігін, басқа да мән-жайларды анықтау қажет».
Қызғаныштан адам өлтіру. С. И. Ожеговтың сөздігінде «қызғанышқа» бірудің махаббатына немесе берілгендігіне басқа біреудің күдік келтіруі. Қызғаныштан адм өлтірудің қоғамға қауіптілігі, өзі мазмұны жағынан, жай адам өлтірудің құрамын береді. Қызғанышпен адам өлтіргенде жәбірленуші сенімділігіне күдік тудырған немесе сенімсіздігін көрсеткен адам да, сонымен қатар сол қызғаныш сезімінің тууына себепші адам да болуы мүмкін.
Сонымен қатар, негізсіз қызғанныштан (өсек естіп, т.б.) адам өлтіру де ҚК тің 99-бабының 2-бөлігі бойынша саралануы мүмкін. Қызғаныштан адам өлтіру кейбір жағдайларда (мысалы, жәбірленуші көзге шөп салғанының үстінен тісу) жан күйзелісі кезінде жасалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықытары мен бостандықтары» - деп жарияланған. Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қылмыстық кодекстің 2-бабында адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау ең басты міндет ретінде көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының барлық заңдарың жеке адамды қоғауға, адам құқытары мен бостандықтарын қорғауға әруақытта артылықшылықтар береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміні бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған.
Жеке адамның қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенін туған сәтінен, яғни анасының денесінен болініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Өлім адам өқмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биолгогиялық болып екіге бөліне. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Объективтік жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы жәбірненушінің өлімі болып табылады.
Адам өлтірудің субъективтік жағы - Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Тікелей қасақаналық кезінде кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сүғып отырғандығын сезеді. Оның әрекеті іс жүзінде өлімге сөқтыруын мүмкін екедігіне немесе қалайда олімге әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттің нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына нем қүрайдылық танытады. Соңғы уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мүндай кезде белгілі бір қүрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бүл Оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты - жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасақаналық арасындағы айырмашылықты айқындаудың іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ оның еркінен тыс себептер бойынша ол болмай қалғандығы бойынша анықталады.
Адам өлтірудің субъектісі — жасы 14 толған, есі дұрыс адам.
Қылмыстың субъектівтік жағы - кінәнің қасақана жасалуымен сипатталады.
Қазақстанның құқықтық статистикасы деректері бойынша адам өлтірудің жиі кездесетін түрлеріне өзара жанжал нәтежиесінде адам өлтіру және қызғаныштан адам өлтіру жатады.
Жәбірленушілердің виктимдік мінез-қүлқы айыпталушымен таныс емес жәбірленушілердің 42,2 пайызы қарақшылық шабылуы кезінде өлген.
Жәбірленушілердің 84 пайызы ер адамдар, 13 пайызы әйелдер болған, пайда қорлықпен кісі өлтіруде - 10,4 пайызы, Адам өлтіру - жалпы қылмыстықта орын алатын апаттардың бірі және әрқашан табысты болмаса да қылмыс әлемімен күресудегі қиыншылықтарға қоғамды бағыттауға тиіс. Алайда, ол үшін заңнаманың негізі мен шеңберінде қылмыспен күресу бейімдейтін заңдарды жасау және жетілдіру керек, сондай-ақ, сәтті қызмет жасау үшін, қажетті деңгейде құқық қорғау жүйесінің, нәтежиелік күресі қызметін ұйымдастыру қажет.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет