Слайд пен реферат жұмыстарын бағалау критерийлері (100 ұпай) • фактілерді дұрыс айта көрсете білу – 25 ұпай; • жұмыстың ғылыми құрылысын сақтай білу - 25
тақырыпты аша білу – 25 ұпай;
• сауаттылық – 15 ұпай; • тарихи фотоларды дұрыс пайдалана білу – 10 ұпай. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) пәні бойынша тәжірибелік және СӨЖ сабағын бағалау критерийлері (100 ұпай) 95-100 ұпай «өте жақсы» баға деген егер студент; берілген ақпаратты нақты түсінсе, тарихи оқиғаларды жете игерсе; өз ойын дұрыс әрі нақты тарихи фактілерді игерсе және жаңа технологияны, презентацияларды жасап пайдалана білсе, өз тұжырымдарын, ұстанымдарын дәйектемелі түрде дәлелді түсіндіре білсе; 90-94 ұпай «өте жақсы» деген баға егер студент:тақырыпты нақты түсінсе және тарихи заңдылықтардың теориялық негіздерін игерген болса; өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс әрі сауатты жеткізе білсе, өз тұжырымдарын, ұстанымдарын дәйектемелі түрде дәлелді түсіндіре білсе; еркін пікір жасай алса; еркін ойын жеткізе алса; 84-89 ұпай «жақсы» деген баға егер студент:берілген ақпаратты нақты түсінсе және тарихи даталарды жақсы білсе, өз ойын еркін, тарихи оқиғалармен байланыстыра сауатты айта алса және ұсынылған оқу материалдары бойынша өз ой қорытындысын тұжырымдай білсе; пікір-талас жасай алса; тарихи фактілер мен оқиғалар жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастырса; 80-84 ұпай «жақсы» деген баға егер студент:тақырыпты нақты түсінсе және жеке тұлғаларды жақсы білсе, белгілі бір хронологиялық кезеңнен мағлұматы болса және ұсынылған оқу материалдары бойынша өз ой қорытындысын тұжырымдай білсе, тарихи тұлғалардың қызметіне тоқталып кетсе; 75-79 ұпай «жақсы» деген баға егер студент:тақырыптың мазмұнын жалпы түсінер болса; тақырыптың мазмұнын қысқаша ғана баяндай білсе; оқыған немесе тыңдаған ақпаратын түсінеді, бірақ ондағы мәліметтерді нақты тапсырмалар орындау барысында жете қолдана алмаса;