Басқармалықаудит -кәсіпорындарда басқару мен ұйымдастырудыжетілдіру мен
тексеру.Кәсіпорынның өндірістік қызметтің тиімділігінбағалау, құралдарда пайдаланудың
ұтымдылығымен өнімділігін арттыру бойыншашешімдер қабылдау .
Басқармалықаудит – бұл клиент үшін оныңқуаты мен ресурстарын тиімді
пайдаланудыарттыру бойынша кеңес беру қызметінің түрі.
Арнайы аудит – шаруашылық субъектінің қызметін нақты аспектілерін тексеру. Оның
қызметінің заңдылығы т.с.с. жақтары тексерілуі мүмкін(салықтық есепберуді дайындау,
әлеуметтік қорларда пайдалану т.с.с. )
Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын қызметі де,
тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да
ерекше.
Аудит түрлерін зерттеудің методикалық жағынан маңызы өте зор. Өйткені, аудитті
қандай түрлеріменжүргізу және олардың әрбіржағдайлардатигізетін әсерлерін анықтау қажет.
Ақпаратты пайдаланушыларбойынша аудит ішкі және сыртқы болып екігебөлінеді
Сыртқы аудитаудиторлықфирмалармен немесе жеке аудиторлармен шарт бойынша
субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерінтәуелсізтүрде бағалау
үшінжүргізіледі .
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындалған жұмыстарына тәуелсізэкспертиза
берудің нәтижесінде аудиторлар қаржы жағдайын жақсарту,жұмыстардың тиімділігін арттыру
жөнінде керек болған жағдайда өз ұсыныстарын береді. Сонымен қатар
субъектініңтөлемқабілеттілігіне және қаржы тұрақтылығынабаға береді. Сыртқы аудиттің
мақсаты тапсырыс берушілердің мүддесінеқарай жасалынады.Сыртқы аудиттің басты міндеті –
субъектінің отчетына тәуелсіз түрде баға беру, көрсеткіштерінің дәлдігінанықтап, сол жайында
тапсырысберушілергеөз пікірін айту. Сыртқы аудитөз жұмысын заңдарға, стандарттарға ,
бухгалтерлік есеп принциптеріне, нормативтерге сүйене отырып жүргізеді.
Жалпы аудит туралы, оның ішінде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген
түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден,
сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт
жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және
оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп,
оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін
аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау
жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту
жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы
орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай
даму қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.
Сондықтан Қазақстан Респуликасында аудит қызметі жан-жақты таратылуы қажет, бірақ
біздің елдің өзіндік экономикалық, әлеуметтік, тарихи даму ерекшеліктеріне сәйкес аудит
принциптерін лайықты түрде қарастыру қажет. әрине, оның ішінде ұйымдастыру, құрылымы
туралы көптеген өзгерістер енгізу өте қажет.
Әдебиеттер: 2,3,7
Достарыңызбен бөлісу: