Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
5-тақырып. Кәсіпорындар мен аудиторлық дәлелдеулерді алу әдістемесі
Жоспар:
1.Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері. 
2. Аудиторлық дәлелдер алу көздері. Аудиторлық дәлелдеу олардың іс-әрекеттері.


Лекция 10
4.
Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері. 
5.
Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.
1.Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері. 
Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып
талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат
аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы
жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен
мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті
аудиторлық дәлелдер жинайды.Олар:
-
түгендеу кезінде қатысу немесе бақылау
-
шаруашылық немесе бухгалтерлік есеп операцияларын орындау,
бақылау
-
ауызша сұрақ жауап алу
-
үшінші тұлғадан алынған құжаттарды тексеру
-
клиент ұйым дайындаған құжаттарды тексеру
-
арифметикалық есептеулерді тексеру
-
талдау
Аудиторлық процедуралар екіге бөлінеді: бақылау тесті, мәндік
процедуралар.
Бақылау тесті ұйымның жарамдылығы ішкі бақылау мен бухгалтерлік
есеп жүйесінің қызмет етуінің тиімділігі туралы аудиторлық дәлел алу
мақсатында алынатын тесттер. Мәндік процедуралар қаржылық есеп
берудегі қателіктер мен заң бұзушылықтарды анықтау үшін алынатын
тестер. Олар екіге бөлінеді:
1) операциялар мен шоттар қалдығының өлшемдік тестері
2) аналитикалық процедуралар
Аудит бағдарламасын түзуде аудиторлық дәлел жинау үшін қандай
аудиторлық процедуралар және қандау көлемде орындалатынын анықтап
алу керек.
Аудиторлық дәлелдерге телаптар 500-ші аудиторлық дәлелдер деп
аталатын халықаралық аудит стандарттарымен реттеледі.
Аудиторлық дәлелдердің келесідей түрлері болады: ішкі, сыртқы,
аралас.
Ішкі дәлел аудиттелетін ұйымнан ауызша немесе жазбаша түрде
алынатын ақпарат.
Сыртқы дәлел үшінші тұлғадан аудиторлық ұйымның сұрауы бойынша
алынған жазбаша түрдегі ақпарат.


Аралас дәлел аудиттелетін ұйымнан жазбаша немесе ауызша алынып
үшінші жақтың жазбаша түрде растаған ақпараты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет