Пән бағдарламасының (Syllabus)титул парағы


-тақырып. Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата25.04.2023
өлшемі455,77 Kb.
#86856
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
4-тақырып. Аудиторлық тәуекелділік және оның маңызы
Лекция 7
1.
Аудиторлық қауіп туралы түсінік және оның құрамы. 
2.
Тұтас қауіп. Бақылау қауіпі. Таптырмас қауіпі. 
Лекция 8
3.
Аудиторлардың сақтандыру жауапкершілігі
1. Аудиторлық қауіп туралы түсінік және оның құрамы. 
Кез келген қызметте тәуекелдік болады. Экономикалық субъект үшін тәуекелдік — бұл
нарық конъюктурасының өзгеруі (мысалы, тұтынушылардың өзгерген талғамы), серіктестер
тарапынан тәртіп бұзушылық, сыртқы факторлар әрекеті. Аудиторлық тәуекелдік кәсіпорынның
қаржылық есеп беруіне қатысты дұрыс емес пікірдің қалыптасуында болып табылады.
Аудитті жүргізудің жалпы қабылданған әдістері, пайдаланушының күтуі және бизнесті
жүргізу практикасы аудитордың процедураны "қаржылық есеп беру бойынша пікірі шындыққа
сәйкес келмейді" деген минималды тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы мен орындауын
талап етеді.


Аудиторлық тексеру кезінде айтылған пікір пайдаланушы үшін кәсіби стандарт
сақталады, елеулі мәліметтер жинақталды және осы пікірді дәлелдеу үшін бағаланды дегенді
білдіреді.
Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің кіші деңгейін анықтаса, бұл оның
қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын
көрсетеді. Нольдік тәуекелдік жүз пайыздық тәуекел абсолютті сенімсіздік абсолютті
сенімділікті білдірер еді. Тәуекелдік дәрежесі нольмен бірлік (0-ден 100%-ға дейін) арасындағы
диапазонда ауытқуы мүмкін, бірақ осы мәндер не жоғары не төмен болмайды. Қаржылық есеп
беру дәлділігінің толық кепілдігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондық-тан
аудитор қателер мен қателіктер абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.
Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар
сенімінің деңгейіне әсер ететін факторлардың әрқайсысының мәнін бағалап, аудит
аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы
керек. Осы факторлар негізінде, аудитор "қаржылық" есеп беруде аудит аяқталғаннан кейін де
елеулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелдік деңгейін субъективті түрде қоя алады.
Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік
деңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады.
400 "Тәуекелдікті бағалау және ішкі бақылау" ХАС-ында тәуекелдікке анықтама берілген.
"Аудиторлық тәуекелдік — қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес
келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді".
Аудиторлық тәуекелдіктің үш компоненті бар (сызба 1 көрсетілген).


Сызба 1. Аудиторлық тәуекелдік компоненттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет