Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет15/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Негізгі ұғымдар: қашу механизмдері, позитивті еркіндік, адамның экзистенциальды қажеттіліктер.
Эрих Зелигманн Фромм – 1900жылы 23наурызда Франкфуртта дүниеге келіп, 1980 жылы 18 наурызда Лонкарнода дүниеден озды. Неміс социологі, философ, әлеуметтік психолог, психоаналитик, Франкфурт мектебінің өкілі, нейрофридизм мен фрейдомарксизмнің негізін қалаушылардың бірі. Эрих Фромм ортодоксальді иудейлердің жанұясында дүниеге келді. Оның анасы Роза, жеткіншек шағында Краузе Ресейден көшкен раввиннің қызы болды. Эрихтің әкесі Нафтали Фромм да равиндердің немересі болды, бірақ саудамен айналысты, отбасында ортодоксальді діни дәстүрді сақтап жалғастырды.
Оның өсіп тәрбиеленген ортасы патриархалды-капиталисттік орта болды. “Менің әлем тануымды жаңа заманға сай деп айтуға болмайды, - дейді Фромм радиоинтервьюде, – ... Талмундты, библияны оқыдым және өзімнің буржуазиялық эпохада өмір сүрген аталарым жөнінде тарихты көп естідім”. Қызықты ақпараттарды ол өз атасы туралы әңгімелерде айтады, Баварияда азын-шоғын дүкенге ие болған атасы жөнінде: “Өмір бойы атам дүкеншікте отырып, Талмунд оқып үйренді, егер сатып алушы келсе, ол басын көтеріп, ашуланып, сұрайтын: “Не, басқа дүкен жоқ па еді?”деп, міне мен осындай әлемде өстім”.
Алғашқы әлемдік соғысты Фромм 14 жасында көрді. “Бұл қалай болғаны? – деп өзіне бірнеше жылдан кейін сұрақ қояды. – Миллиондаған адамдар бірін-бірі иррациональді мақсаттар мен политикалық ойлар үшін өлтірді. Яғни соғыс политикалық және психологиялық жағынан қалай мүмкін? Адамдарды қандай күш басқарады?”. Бұндай ойлар жас баланы психология, әлеуметтану және философия ғылымдарын терең меңгеруге түрткі болды.
Фромм Франкфуртте діни ілімді негіздеген ұлттық мектепте оқыды. Оны 1918 жылы бітіріп, Гейдельберг университетіне түседі. Бұнда ол философияны, әлеуметтану мен психологияны оқып, үйренді. 1922 жылы Альфред Вебердің жетекшілігімен докторлық диссертацияны қорғап шықты. Психоаналитикалық дайындығын Фромм Берлин психоаналитикалық институтында аяқтады. Бұнда әр жылдары тәлім беріп, практикадан өткізген Шандро Радо, Макс Эйтингон, Вильгеьм Райх және тағы басқа танымал аналитиктар болды. Бұнда Фромм кейіннен Чикагода профессор атағын алуға көмектесетін Карен Хорнимен жақын танысады.
1920 жылы ең маңызды көңіл аудартарлық жағдай оның бірінші әйелі Фрида Райхман – ғалым, аналитик болғанының әсерінен, ол Зигмунд Фрейдттің теориясына қызығушылық танытады. 1925 жылы Фромм маңызды психоаналитикалық дайындығын бітіріп және жеке тәжірибесін ашты. Жалпы Фромм 35 жыл негізінде белсенді психоаналитик болды. Кең көлемді тәжірибелер, пациенттермен қарым-қатынас адам психикасының құрылуында биологиялық және әлеуметтік бай мағлұмат берді. Эмпирикалық материалдардың анализі Франкфурттағы Институтта жарық көрді. 1933 жылы билікке Гитлер келгеннен кейін Фромм Германияны тастап, бірінші Женевка көшті, кейін 1934 жылы АҚШ-қа Нью-Йоркке көшеді. Бұнда ол Колумбиялық университетте жетекші болады. 1941 жылы Фроммның алғашқы кітабы “Бегство от свободы” кітабы жарық көреді. 1943 жылы Фромм Вшингтон психиатриялық мектебінде Нью-Йорк бөлімшесін құруға көмектеседі, ал 1946 жылы Уйльям Алансон Уайттың Психиатрия Институтының негізін қалаушысы ретінде көрінді. 1968 жылы Фроммда алғашқы инфаркт болады. 1974 жылы ол Муральтоға (немесе Локарноға) қоныс аударады. Кейін “Иметь или быть” еңбегінен кейін, 1977жылы, онымен екінші инфаркт, кейін үшінші де болады (1978 жылы). Ол Швейцарияда өз үйінде 1980 жылы көз жұмды.
Фроммның тұжырымдамасы бойынша классикалық психоанализ адам туралы білімді жетілдіруге негізделген, бірақ ол адам қалай өмір сүру керек және не істеу керек деген білімін жетілдірмеді. Оның ойынша, Фрейд психоанализді қарапайым ғылым негізінде көрсеткісі келді, бірақ этика пробемаларына жеткілікті көңіл бөлмегендіктен қателік жасады. Сондай-ақ оның көзқарасы бойынша адамдарды сексуалды әуестіктерге байланысты қарастырса адамды түсінуге болмайды. Фромм психоанализде әлеуметтік факторларды адамның мінезін биологиялық мотивтерге байланысты қарастыруға тырысты. “Адамның табиғаты – адамның құмарлығы және оның үрейі – мәдениеттің өнімі” екендігін көрсетуге тырысты.
Мейірбандылық немесе дұшпандылық және қиратушылық, билікке құмарлық және бағынуға талпыныс, өзін-өзі көрсету, сараңдық, үрей – бұл барлық талпынулар мен қорқыныштар, адамдарда кездестіруге болады, өмірдің кез келген шартына орындалып отырады. Бұл бейімділіктердің ешбіреуі бастамада адамға тән болмайды.
Өзінің «Бегство от свободы» (1941) кітабында Фромм күрделі жағдайды зерттеді. Батыс мәдениетінің адамы бұл жағдайда, индивидуалды талпыныс жалғыздыққа әкеледі, қуыс кеуде және дәрменсіздік сезімін сезінеді. Ол тұлға құрыуының капитализм эраларына анализ жүргізеді – жаңа философия құрылуы мен адамның жаңа әлемтануы мен өмірдің мәні. Үлкен зейінді ол роформация периодына және Лютер мен Кальвин ғылымына бөледі. Ол Лютер мен Кальвиннің әлемтану психологиясы мысалында тарихи процесстердің суреті мен оның адамдарға әсерін, адамдардың өз-өзінен және өз бостандығынан қашуының себептерін ашуға тырысты.
Өзінің екінші «Бегство от свободы» кітабының жалғасы “Человек для самого себя” 1947ж кітабында, Фромм этика, норма, құндылық пробемаларын қарастырды, бұлар адамның өзін-өзі құруы және оның мүмкіндіктерінің орындалуы.
Э.Фромның позитивті еркіндік теориясында адамдар басқа адамдармен және қоғаммен бірігу сезімін жоғалтпай, автономды түрде өмір сүре алады. Адам өзін әлемнің бір бөлшегі ретінде сезіне отырып, оған тәуелді болмайды. Осы еркіндік түрін Э.Фром позитивті еркіндік деп атаған. Позитивті еркіндікке жету адамдардан өмірде аяқ асты белсенділікті талап етеді. Э.Фром аяқ асты белсенділіктің әлеуметтік нормалар мен шектеулерге сәйкес әрекет ететін балаларда болатындығын атап көрсетті. Махаббат пен еңбекті Э.Фром позитивті еркіндіктің дамуын жүзеге асыратын қосымша компонент ретінде қарастырды.
Э.Фромм адамның бес негізгі экзистенциалды қажеттілігін бөліп көрсетеді:
1. Байланысты орнату қажеттілігі.
2. Өзін-өзі жеңу қажеттілігі.
3. Туған-туысқа деген қажаттілік.
4. Ұқсастық қажеттілігі.
5. Көзқарастар жүйесі және берілу қажеттілігі.
Адамның қажеттіліктерін қаратыра кле Э.Фром «бұл қажеттіліктердің қанағаттандырылуы индивидтің өмір сүріп жатқан әлеуметтік шарттарына байланысты болады»,-деген.

9 Дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет