Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде



бет17/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

1. Өзінің денесін сезіну. Проприумның дамуына қажетті аспект-өзінің денесін сезіну. Нәресте өмірінің алғашқы жылдарында немесе нәрестелік кезеңде, олар жақсы сезінеді. Яғни, бұлшық еттен шығатын сіңір, желбезек. Осыларды сезіне отырып, бұнда денелік өзгешелік қалыптасады.
2. Өзіндік ұқсастықты сезінуі. Бұл анықталған немесе күнделікті маңызды түлға ретінде өзінің тілінің даму барысында өзін тани бастайды.Сәби өзінің атын жаттап алғанымен өзінің сол адамның қалпында қалатынын сезінеді.Оның бойының немесе оның қоршаған ортаға қарамастан киімі, ойыншығы және басқа да заттары,ұқсастық сезімін күшейтеді. Мысалы,екі жастағы бала салқын немесе шаршағанын сезінбейді. Бұл ересектік шаққа дейін қалыптаспағанша жалғаса береді.
З. Өзіндік сыйлаушылық сезімі. Өмірінің 3-ші жылдарында келесі проприум формасы қалыптасады. Өзін сыйлаушылық-бұл сәби өзі жұмысына мақтаныш сезімін көрсету. Сондықтан өзін сыйлаушылық қандай болмасын тапсырманың сәбидің сәтті орындалуына байланысты.
4.Өзіндік дамуының кеңеюі. 4 жастан бастап қарағанда адам проприумы өзіндік даму шекарасы ұлғаюымен дамиды. Г.Олпорт бойынша балалар өзінің денесі өзінікі екенін тани отырып, айналасындағы кішкентай элементтердің, сонымен қатар адамдардың да өзінікі екенін қабылдайды.Мұнда «менің» деген түсінік пайда болады. Мысалы, менің добым, менің ойыншығым, менің мамам, менің апам және т.б.
5.Өзіндік бейне. 5-6 жаста дамитын проприум формасы. Бұл кезде бала ата-анасының, туысқандарының, мұғалімдерінің үміт күтетінін сезеді. Ол «мен жақсымын» және «мен жаманмын» айырмашылығын байқайды. Сонда да бала санасының жеткілікті дамығаны, үлкейгенде қандай болатын жөнінде ойламайды.
6.Өзін-өзі орынды басқару. 6-12 жас аралығында ол өмірдің әртүрлі мәселелеріне шешім табуға қабілеті барын түсінеді. Ойлауы дамып, ойлау процесіне көңіл аударады. Ол тек бастамасы ғана.Ол өзіне тәуелсіз болуға әлі сенбейді. Ата-анасының, құрдастарының қолдауымен жүреді.
7.Проприативті ұмтылыс. Жасөспірімнің негізгі мәселесі-карьерасын таңдау немесе басқа өмірлік мақсат қою.Жасөспірім болашақтағы жоспарлау керектігі жөнінде ойлайды. Бұл жағдайда балалық шақта болмаған өзіндік сезім қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет