Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Тақырып: Гордон Олпорттың диспозиционалды тұлға теориясы



бет16/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Тақырып: Гордон Олпорттың диспозиционалды тұлға теориясы.
Дәрістің мазмұны:
1.Ғалымның өмірбаяны, диспозиционалды теориядағы тұлға ұғымы.
2. Тұлға белгісі концепциясы.


Дәріс мақсаты: диспозиционалды теорияның негізгі қағиадаларын сипаттау, Олпорттың концепциясы мен принциптерін талдау.
Негізгі ұғымдар: тұлға, тұлға қасиеетері, диспозиционалды теория, ситуациялар диапазоны, адаптивті мінез-құлық.

Гордон Уиллард Олпорт Индиа штаты Монтескеде 1897 жылы дүниеге келді. Ол отбасындағы төрт баланың ең кішісі. Гордон дүниеге келгеннен кейін әкесі отбасын Огайтоға көшіріп әкелді. Оның әкесі ауыл дәрігері болып қызмет атқарды. Кішкентай Олпорт бастауыш сыныпты Кливиенда ауылындағы тегін оқитын мектепте білім алды. Ол өзінің отбасын сезімге беріле отырып сенімді және құштарлықпен протестантизмді құрметтейтін отбасы болғандығын айтады.Олпорт ерте жастан қабілетті бала болады. Оның өзінен үлкен ағасы Флайди, Гарворд университетінің асперант психологы болған. Олпорт мектепті бітірісімен сол университетке түседі.


Олпорт Гарварта психологияның бірнеше курсын бітіргеніне қарамастан, бәрібірде ол экономика мен философияға машықтанады. Жоғарғы курста оқып жүргенде ол валонтерлық қызметті жетілдіру қатарындағы жобаға қатысады.
1919 жылыоқуын аяқтаған соң Олпортты Түркиядағы Константинопл (Станбул) қаласындағы Роберт-колледжіне әлеуметтану мен ағылшын тілінен оқытушы болуға ұсынысты қабылдайды.
Ол келесі жылы кіші ғылыми қызметкерлердің психология бойынша дипломдық жұмысы үшін степендияға ие болады. Гарвардты бітірерде ұсынылған дипломдық жұмысы болатын. 1922 жылы психология бойынша докторлық деңгейі көтерілді. Оның диссертациясы «жеке тұлғаға» арналды. Құрама штаттардағы осы бағыттағы тұңғыш зерттеу жұмысы болды. Келесі екі жыл бойы Олпорт Берлинде және Германиядағы Гамбурга сонымен қатар Англиядағы Кембридж университетінде зерттеу жұмыстарымен айналысты. Еуропаға оралған соң екі жыл бойы Гарвард университетіндегі «әлеуметтік этико» факультетінде оқытушы болып жұмыс жасайды. Ол осы жерде «Личность ее психологические и социолные аспекты» деген курсын ашады. Бұл Құрама Штаттағы тұңғыш курс болды.1926 жылы Олпорт Дартмутс колледжнде психологиядан оқытушы ассистент қызметін атқарады. Ол сол жерде 1930 жылға дейін қызмет атқарады. Осы кезде ол Гарвард университетіне бұрынғы қызметіне яғни «Әлеуметтік қарым-қатынас» факультетіне жұмысқа шақырту алады.
1942 жылы оған психология профессоры атағы беріледі. Олпорт осы жерде 1967 жылға дейін яғни дүниеден өткенге шейін қызмет атқарады. Ол Гарварта жаңа карьерасын бастайды. Олпорттан көптеген студенттер оның танымал курсынан дәріс алады. Ол көптеген жемісті еңбектердің авторы болады. Солардың бірі өте танымал еңбек «личность психологическое интерпретация» (1937ж).
Сонымен қатар, Олпорт көп қолданатын екі тұлға тестінің авторы болып табылады. Олар «Изучение реакции А-S» және «Изучение ценностей». 1931 жылы Вернонның жетекшілігімен, 1951 жылы Г. Линдсеем құрастырды және 1960 жылы қайта өңделіп шықты. Олпорттың толық еңбектерінің тізімін 1968 жылы жарық көрген «Истории психологии в автобиографиях» ұсынылған.
Г.Олпорт проприум деген терминді еңгізді. Оның ойынша проприум позитивті шығармашылық адамның табиғи қасиетінің дамуын көрсетеді. Г.Олпорт тұлғаның барлық аспектілерін пропиум жаулап алады деген. Ол проприумды оның диспозициясына қатысты адамның тұрақтылығын, перспективті мақсаты деп қарастырды. Сонымен қатар, проприумды «тұлға ішінде өмір сүретін кішкентай адам» деп қарастырмаған.Бұл ұйымдастырушы және біріктіретін күш, яғни адамзаттық өмірдің құрылуы.
Г.Олпорт «өзіндік» жеті әртүрлі аспектілерін қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет