Пән бойынша дәрістердің конспектісі №1 Дәріс Тақырып: Тұлға психологиялық ғылымның базалық категориясы ретінде


Бала- адамда сенгіштік, шығармашылық, ашушаңдық, қырсықтықтың пайда болуы. Ересек



бет43/47
Дата16.02.2023
өлшемі196,46 Kb.
#68428
түріКонспект
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Тұлға теориясы Дәрістер

Бала- адамда сенгіштік, шығармашылық, ашушаңдық, қырсықтықтың пайда болуы.
Ересек- рационализм, объктивтілік, өз тәжірибесінің негізінде шешеім қбылдау басым болады.
Девиздер: Бала- ұнайды, маған керек.
Ересек- пайдалы, мақсаттылы.
Ата-ана- тиіссің.
Э.Берн адамдардың бір-бірімене қарым-қатынас жасауларында белгілі стереотипттерді көрсетті.
1. Мінез- құлық стереотипінің бірінші стереотипі ойын
2. Тұлға аралық қарым-қатынастағы екінші стереотип- сипау және соғу.
3. Мәжбүрлеу.
4. Трансакция.
5. Тұлғаның психологиялық ұстанымы мен позициясы.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар:
1.Э.Берннің өмір жолы?
2.Психологияға Э.Берннің қосқан үлесі?
3.Трансактілі анализ дегеніміз не? Қандай өмірлік жоспарлар болады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Основы общей психологии. С.Л. Рубинштейн. М.2005.
2.Лекции по общей психологии. А.Н. Леонтьев. М.2005.
№ 26 дәріс
Тақырыбы: Александр Лазурскийдің тұлға концепциясы.
Мазмұны:
1.А. Ф. Лазурскийдің өмірбаяны.
2.А. Ф. Лазурскийдің тұлға концепциясы.


Дәріс мақсаты: Тұлғаның өзіндік санасы ұғымына сипаттама беру, тұлғаның өмірлік жолы концепциясын қарастыру.
Негізгі ұғымдар: тұлғаның өзіндік санасы, тұлғаның өмірлік жолы, биография.
Лазурский Александр Федрович (1874-1917 жж) орыс, украин дәрігері және психолог. Ол 1874 жылы 27 ақпанда Перяшов Хмельнищкийда (Украина) дүниеге келген. М.Я.Басов және В.Н.Мясешевтің ұстазы. Педагогикалық акдемияның Санкт- Петербургтегі психоневрологиялық институттың профессоры В.М.Бехтеревпен серіктестік қарым-қатынас орнатады. Ол 1879 жылы әскери-медицинаық академияны «Үздік дәрігер» дәрежесінде бітіріп, сонда В.М.Бехтеревтің басқаруымен жүйкелік және жан ауруларды емдеуден клиникада конкурстан өтіп қалған болатын. А.Ф.Лазурскийдің зерттеу іс-әрекеттері бірінші курс оқып жүргенде осы клиникалық лабороторияда басталды. Сол кезден бастап-ақ оның қызығушылығының орталығы психологиялық мәселелер болып табылады. 1895 жылы ашылған психологиялық лабораторияда ғылым туралы сонымен бірге барлық клиникада терең қызығушылықпен жүре бастады. Жас дәрігер академияны бітіргеннен кейін осы лабораторияны басқарады. Клиниканың штаттың дәрігері болып жүріп, А.Ф.Лазурский 16 жас шамасында үлкен емдеу жұыстарымен айналысты. Біраз уақыт Санкт-Петербургтегі жан ауруларымен ауыратын адамдардың үйлерді әртүрлі салада басқарды. Әрі қарай А.Ф.Лазурский жүйкелік және дамуда ауытқушылықтың бар, ақыл-ой қабілеті төмен бала басқа дәрігерлермен бірге ұйымдасқан медицинаның педагогиканың сұрауы бойынша дәрігер-консультант болды. Академияны аяқтай саласымен Петербургтегі қоғамдық психиатрлар мен невропатологиялық жұмыстарына бар ынтасымен қатысады. 1899 жылы соның мүшесі ретінде тағайындалды. Сол кезде А.Ф.Лазурский барлық медициналық дициплинаға сай өткізілген, медициналық дәрігер дәрежесін алуға емтихан тапсырады. «Мидың қанауына қызметінің әсері» атты негізгі физиологиялық зерттеулер жүргізді. Психоневротикалық клиникада зерттеу тіпнұсқалықты эксперименталды әдістермен жүргізіледі. Оның нәтижесінде үлкен жетістікте қорғалған докторлық дисертацияда И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, М.С.Добротворский болды. И.П.Павлов, теориялық және практикалық қатынастардың «тақырыпты қызықтырақ» деп жоғары бағалады. В.М.Бехтерев емхана жүргізілген үлкен зерттеу маңызды екендігін атап айтқан болатын. А.Ф.Лазурский клиникалық физиологиядағы соматопсихикалық қатынасқы қатысты өз жұмыстарына деген қызығушылығын шақырған болатын.
Индивидуалдылықтың мәселесін қарастырған ғалымның бірі А.Ф.Лазурский. Оның зерттеулері индивидуалды айырмашылықтардың теориясының негізін қалай отырып, мінезді, темпенаментті адам индивидуалдылығының сипаты ретінде қарастырып, зерттеуді ұсынды. А.Ф.Лазурский адам өмірі мен тәжірибесіне жоспарлы түрде араласуға болатын табиғи экспериментті жақтады. Тәжірибеде жекелеген психикалық процестер емес, психикалық функциялар және тұлға толығымен зерттелді.
В.М.Бехтерев және Л.Франкпен қызметтестік әсерінен А.Ф.Лазурский алғаш рет тұлға қасиеттерін түсіндеруде психоморфологиялықтың орнына нейродинамикалықты қойды. «Жалпы және эксперименталды психология» атты дәріс курсында психикалық шындықтың екі аймағы жайлы идеясын айтты: эндопсихикалық және экзопсихикалық. А.Ф.Лазурскийдің пікірінше темперамент және мінез эндопсихиканы, яғни тұлғаның тума жағын құрайды. Экзопсихикалық жағы тұлғаның қоршаған өмірге деген қарым-қатынас жүйесі. Осынегізінде оның тұлғаны классификациялау жүйесі құрылды.
А.Ф.Лазурский бойынша табиғи және тұлғалық ерекшеліктер В.М.Бехтеревтің жетіспейтін әрекеттік ойы, оның басқаруындағы психоневрологиялық институтта қалыптасқан болатын.
В.Н.Бехтеревтің пікірінше «тұлғалық өз алдына екі бір-бірімен байланысты іздер болса, оның бірі органикалық ортамен тікелей байланысты, ал келесісі әлеуметтік ортамен байланысты». Олардың арасындағы қатынасты В.М.Бехтерев «Әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік әрекеттер, өткен тәжірибеде органикалық әрекеттің көрінуі, органикалық ортада әлеуметтік ортаның дамуынды көрнедіі» деп бейнелеген.
А.Ф.Лазурскийдің ойынша басты тұлғалық тапсырма – түсіндіру ең қиын ортаның арасындағы қабілеттілік (бейімделу), ( табиғат, заттар, адамдар, тұғалық қатынастар, идеялар, эстетикалық, моральдік құндылықтар т.б). Адамдардың арасында тұлғалық белсенділіктің қабілеттері шаралары деңгейлері әртүрлі болуы мүмкін. Психикалық сатының 3 түрі көрінеді – төмен, орта және жоғары. Бұл сатылар адамның психикалық дамуына әсер етеді. А.Ф.Лазурский бойынша тұлғаның көрінісі екі психологиялық механизмнің бірігуі. Бір жағынан, ол эндопсихика – адамның психикалық ішкі механизмі. Эндопсихика назар аудару, есте сақтау, бейнелеу және ойлау, тәуелділікке деген қабілеттілік, эмоциялық, импульсивтілік тағы сол сияқты, темпераментте, ақылдың берілуі, соңы, мінезде осы сияқты өзіне басты психикалық функцияларды қоршайды. А.Ф.Лазурский бойынша ішкі сызулар (эндочерты) көбіне туа пайда болады. Бірақ ол нақты туа пайда болады деп есептемейді. Оның ойынша эндопсихика тұлғалық ерекшеліктеріне басты бөлігі, ядро құрады.
Келесі тұлғалық жағы экзопсихика, ортада, қарым-қатынаста көрінетін ішкі тұлғалық обьектінің мазмұны. Экзопсихикалық қоршаған адамдардың шарты бойынша көрініс адамның өзінің ішкі бейнесін көрсетеді. Екеуі де өзара байланысты және бір-біріне әсер етеді. Елестетулердің дамуы, шығармашылық іс-әрекетке деген қабілеттілік, жоғары сезімталдылық – осының барлығы шығармашылық жұмыстарға қатысты. Мұнда аталған сызба өзара байланысты, біреуінің дамуы қалғандарының дамуына әсерін тигізеді. Жауап беруші мінез-құлыққа және өмірдің ішкі шарттарына қалай баяндалса, экзокомплекстік қатынастар сызбасында да солай.
Жоғарыда айтылғандай тұлғаның бейімделуі төмен немесе жоғары нәтижелі болуы мүмкін. А.Ф.Лазурский осыларды байланыстырып 3 сатыны бөліп көрсеткен болатын. Олар: төмен саты, орта саты, жоғары саты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет