Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет16/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33
13-тақырып І.Жансүгіров
Жоспар

  1. Ілияс романтизмі

  2. Ілияс реализмі

Өмiрдегi айрықша құбылыстарды бөлiп алып нақыштау, романтикалық қаhарманды әспеттеу I.Жансүгiров шығарма­шылығында да бiраз кездеседi. Cәкен романтизмi дегенде, қаhарманды алабөтен қиындық өткелiнде сынау жетекшi роль атқарса, cонымен бiрге оның қаhарманы үнемi дерлiк бар кедергiнi жеңушi, жеңiмпаз ер бейнесiнде алынса, Iлияста жеңiмпаздық cарын кейiндеу үстем болады да (мәселен, 1929жылғы «Гималай» өлеңiнде), оның есесiне, әсiресе, бастапқы өлеңдерiнде қайғы-мұңға, тұспалдауға ойысу басым болып келедi. Cондай-ақ Мағжан, Cәкендегi тәрiздi Iлияс романтизмi де реализмнен мүлде бөлектенiп, томағатұйық жолмен кеткен жоқ. Қайта бастапқы тауындыларында, әсiресе 1917жылға дейiнгi жырларында, негiзiнен алғанда, реализм басым түсiп, cол реализм аясында романтизм элементтерi ұшырасып отырды.Мәселен, 1912жылғы «Күзгi гүлге» өлеңi-реалистiк сипатта жазылған туынды. C.Cейфуллиннiң осыған дейiн талданған «Түс» өлеңiнде гүлдердiң т.б күзде емес, жазда солуы суреттелсе, мұндағы айырмашылық: күзде сарғаю сөз болады. Жапырақ, гүлдiң күзде солуы машықты жағдай екенi белгiлi. Әйтсе де өлеңнiң: «Қар қатып, пәк денеңе мұз тұрса да, // Жазды күт, күзгi гүлiм», – боп аяқталуында табиғаттың жылы мезгiлiн тосумен қатар, адамдар өмiрiндегi жазды күту, яғни бостандықты (жаз бостандықтың cимволдық белгiсi десек) аңсау идеясы да меңзелген. Бұл тұспалдауды шартты түрде романтизм элементi десек, өлең, негiзiнен алғанда, реалистiк болса да, романтизм шарпуына да аздап бөленгенiн байқаймыз.
Ақынның романтикалық қаhарман жасаудағы iргелi бiр табысы – оның 1923 жылы жазылған «Ызалы қиял» өлеңi:
Ай ұшамын аспанға,
Жер жағдайы жақпайды.
Аспанға аяқ басқанда,
Кiм көңiлiмдi cақтайды.
Жай отымен ұстаcып,
Мен көк дауыл зырлаймын.
Зайрамен көңiлiм тұтасып,
Айына да тұрмаймын.
Зәулiм жақпар қара құз
Екпiнiме торқадай.
Жердi ораған көк теңiз
Сапырылар сорпадай.
Өлеңнiң алғашқы шумағында-ақ лирикалық қаhарманның жер жағдайын жақтырмай, Айға ұшпақ болуының өзiнде қатардағы адам сезiмi емес, айрықша қаhарманға тән ширыққан толғаныс жатыр. Одан әрi лирикалық қаhарманның өмiрде бола беретiн дағдылы бөгетпен емес, «жай отымен» ұстасуы; «көк дауыл» боп зырлауы; тiптi Айға да аялдағысы келмеуi – бәрi ерекше мықтылық белгiлерi. Лирикалық қаhарманның күшейгенi cоншалық: оның екпiнiмен «жердi ораған көк» теңiздiң өзi (cөзбе-сөз түсiнсек, жердi орау мұхитқа ғана тән. Демек теңiз болғанда да, мұхит сипатындағы теңiз) сорпадай сапырылатыны әйгiленедi. Cонымен бiрге «сапырылар сорпадай» тiркесi – қазақ ұғымына неғұрлым жақын ұлттық нақышты шебер пайдалану үлгici. Шығарманың кейiнгi бөлiмiнде де лирикалық қаhарман құдiретiне тәнтi боламыз:
Ащы, қатты дауыстан
Қарағай, терек жығылар.
Қожайынсыған арыстан
Сескенер, тасқа тығылар.
Қабақты түйсем түнерiп,
Куiлдеймiн бұлт қуып.
Көшем көкке үдерiп,
Көз жасым – жаңбыр жер жуып.
Жерде мейiрiм, шапқат жоқ,
Бәрi залым, малқұмар.
Жерде әлсiзге рахат жоқ,
Бәрi жаусыз, қанқұмар.
Жалаңаштың тұлғасын
Тондырар суық қысы бар.
Қайыршының дорбасын
Қағып жүрген кiсi бар...
Дүние – дұшпан, мен-долы,
Ызам жердiң жүзiнде.
Талақ қылып мен мұны,
Ұшам Күннiң өзiне.
Мiне, осы үзiндiдегi «ащы, қатты дауыстан» қарағай, теректiң жығылуы да лирикалық қаhарман пәрмендiлiгi арта түскенiн айғақтайды. Қарағай, терек жығылуы оңай еместiгiн, оны не адамның ара, балтаны қолданып тiке әрекет етуi, не сұрапыл дауыл ғана сұлата алатынын ескерсек те, дауыспен ағаш құлатудың жай адамға тән еместiгiн оңай айырамыз. Демек бұл
да қуаты да, мүмкiндiгi де ерекше романтикалық қаhарманға
лайық iстер екенi аян. Осыншалық шарықтаулардан кейiн iрге тепкен лирикалық қаhарманның көз жасының жаңбыр боп жер жууы да сендiрерлiк. Cонымен қатар ақын жердегi зұлымдықты нақты нақыштамауымен ерекшеленедi. Бiз жердi қандай зұлым­дық басқанын (жоқшылық па, түрмеге жазықсыз қамау ма т.б.) бiле алмаймыз, оның есесiне лирикалық қаhарманның үйрен­-
шектi мекеннен әйтеуiр қашуы, жерде «жалаңаштың тұлғасын тоңдырар суық» қыс бар екенi cөз болады. «Жаз» көбiне тоқшылықтың, кендiктiң, «қыс» болса, қысым мен суықтың символдық белгiсi екенiн сараптасақ, «тоңдырған суық» қысқа бiртүрлi cекемденiп қарау туады. Түйiн ретiнде дiттерiмiз: лири­калық қаhарманның жердi жақтырмай, «күннiң өзiне» ұшам деп, қоршаған ортаға соншалық наразылығын бiлдiретiн осы өлең жолдары тек жиырмасыншы жылдардағы кесапатқа ғана емес, кейiнгi, тiптi күнi кешегi жетпiсiншi жылдардағы «тоқырауға», бейжай тiрлiкке, қысымға көне беруге қарсы бағытталған деу­iмiзге болады. Демек лирикалық қаhарман сезiмiн және қоршаған ортасын нақты көрсетпей, жинақтау, меңзеу, шарттылық көмегiмен оқшаулантып кестелеу нәтижесiнде ақын белгiлi бiр мөлшерлi уақытпен шектелмей, ұзаққа созылуы мүмкiн озбырлық үстемдiгiне деген қарсылығын бiлдiрген деп тұжырамыз.
I.Жансүгiров романтизмiнiң де, реализмiнiң де ең биiк шыңы – «Гималай» өлеңi (1929 ж.). Шығармада әcпеттелген Гималай тауының айрықша заңғар болып кеп, қалың мұнардан айыға алмауынан т.б. романтизм әсерiн аңғарсақ, әсiресе, шығарманың екiншi «Жауап» бөлiмiнен лирикалық қаhарман­ның күрестi аңсауы мен жеңiске деген сенiмiнен реализм мен романтизм астасуын көремiз. («Гималай» өлеңi кейiн Iлияс стилi қарастырылғанда кең талданады.– Қ.Ж.)

Әдебиет


  1. Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар,2007





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет