Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


-тақырып. Ғабит Мүсірепов



бет18/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
15-тақырып. Ғабит Мүсірепов
Жоспар
1. Шығармашылық өмірбаяны
2. «Қазақ солдаты» романы
3. «Оянған өлке» романы
Төңкерістен кейін мектепті бірге бітірген 20 шақты баламен «Ақмола облысының оңтүстік партизандарының группасы» деген отрядқа қосылып, ақ казактарға қарсы күреседі. Кейін ауылда әскери комиссар, аудандық милиция бастығының орынбасары қызметтерін атқарады. Сол кезде елге танымал С.Мұқановпен кездесіп, оның кеңесімен Орынбордағы жұмысшылар факультетіне түседі. 1925 жылы «Едіге» әңгімесі «Еңбекші қазақ» газеінде жарық көреді.
1927-28 жылдары Шортандыдағы орман шаруашылығы техникумында оқытушылық қызметін атқарды. 1928 жылы «Тулаған толқында» атты алғашқы повесінде ақтар мен қызылдар соғысы кезіндегі қазақ ауылы өмірі суреттеледі. Бұл шығармада Ғ.Мүсіреповтің суреткерлікке тән таланты, өзіндік ерекшеліктері айқын көрінді. «Ұзамады, ұзын астауға салынып балқыған бағланның еті келді. Бүгілген тізелер жазылып, көсіліп мінгескен аяқтар жиналды. Еріндегі насыбайлар кілемнің астына тасталды. Екі құлағы қалқайып, езуі ыржиып, таңдай көрініп жатқан қозының басы мен теңкиіп жатқан сары қазысы бар ұзын астау келіп сылқ ете түсті» деген жолдардан Ғ.Мүсіреповтің стиліне тән жылы юмор, бейнелілік, ықшамдылық байқалады.
«Талпақ танау» (1933) – отызыншы жылдардағы қазақ әңгіме жанрының айтулы табысы. Колхоз бастығы Сәден көрші шаруашылықтың шошқа өсіріп, пайда тауып отырғанын көріп, бірнеше шошқа сатып әкеледі. Шошқаны кәпірдің малы санайтын ауыл адамдары алғашында оған үрке қарайды. Есен деген момын адамды жабылып жүріп шошқа бағуға көндіреді. Әңгімеде юмор, психологизм жарқырап көрінген.
«Шұғыла» әңгімесі сол кездегі солақай саясатты барынша әшкерелеген, оған қаймықпай қарсылық көрсеткен, туған халқы алдындағы азаматтық борышын адал орындаған, ащы шындықты шынайы бейнелеген туынды. Даладағы қазақтың аштан қырылғанын айтады.
Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығында ана тақырыбы айрықша орын алды. Ол аналарға арнап он шақты әңгіме, повесть жазды («Ұлпан»).
«Қазақ солдаты» – Ғ.Мүсіреповтің проза саласындағы елеулі табысы. Роман алғашында «Қазақ батыры» (1945) деген атпен шықты. Кейін «Қазақ солдаты» болып қайта жарияланды. Роман Отан соғысына арналып жазылған. Шығарманың композициясы қазақ солдаты Қайроштың басынан кешкендерін көркем баяндау арқылы құрылған. Совет Одағының батыры Қайырғали Смағұлов бас кейіпкер Қайрош Сарталиевтің түп тұлғасы ретінде алынған.
«Оянған өлке» (1953) романы қазақ әдебиетінің үздік туындысы. 19 ғасырдың екінші жартысынан Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ даласындағы өндіріс тақырыбын көрсетеді. Мыңдап жылқы айдаған дала шонжары Жұманның бар малы бір жұтта қырылып қалады. Ал Игілік бай заман ағысына ілесе білетін жаңашыл бай ретінде көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет