Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет19/33
Дата29.09.2023
өлшемі0,59 Mb.
#111396
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
16-тақырып. Сәбит Мұқанов
Жоспар
1. Шығармашылық өмірбаяны
2. «Балуан Шолақ» повесі
3. «Ботагөз» романы
С.Мұқанов әдебиетке «Жалшының зары», «Бостандық» деген өлеңдерімен келді. Алғашқы адымын саяси лирикадан бастады. С.Мұқанов – кемел прозашы.Ол әр кезеңде сирек те болса, шеберлік мектебі саналатын әңгіме жанрына ат басын бұрып отырған. Әңгімелерінен суреткерлік нышан («Әсия», 1925), өтпелі дәуір шындығы («Азғын», 1927, «Кер заман» 1928, «Әмеңгерлік азабы» 1928), өндіріс тақырыбы («Суалмас сауын»,1933; «Алтын аймақ», 1934-37), Отан соғысы оқиғасы («Тіл алушылар», 1942; «Батыр қыз» 1944), көтерілген тың («Аспаз») сырына қанығамыз. «Ақбөпенің сыры» (1927), «Достар» (1937), «Балуан Шолақ» (1940-41), «Бақташының баласы» (1953), «Жарқын жолмен» (1931) повестерін жазды. «Бақташының баласы», «Жарқын жолмен» – балаларға арналған повестер.
С.Мұқанов – кең тынысты романшы. «Адасқандар» (1931) – алғашқы әлеуметтік-психологиялық роман. Роман оқиғасы, кейіпкерлері өмірде болған. Аталмыш туындының жазылуы, суреттелінетін жәйлер жөнінде жазушы «Мөлдір махаббат былай жазылды" атты макаласында ("Қазақ әдебиеті, 1959, 23 қазан), "Өмір мектебі" сынды мемуарлық (1970, 262 б.), жұбайы М.Мұканованың естелігінде(«Кемел еді , кең еді". - Кітапта: "Кәдімгі Сәбит Мұканов" 1984, 324-325 бб.), К.Ергөбековтың "Сәбит Мұқанов" (1989, 68-69 бб.), Р.Тұрысбектің "Дүниетаным және шығармашылык." (1993, 101-137бб.) зерттеу кітаптарында кең көлемде сөз етіледі.
Роман 1959 жылы «Мөлдір махаббат» деген атпен басылып шықты.
3. «Жұмбақ жалау» романы 1916 казақ халкынын. үлт-азаттык күресін, революция тұсындағы жылдарды, күрескерлер бейнесін реалистік үлгіде көрсетті. Романда Казакстандағы 1910-20 жьлдардағы окиға, әлеуметгік кайшылықтар (бай мен кедей арасындағы жер мәселесі мен майдан жұмысына жастарды алуға т.т.) кеңінен көрінеді. Кейінірек "Ботакөз" аталған бұл автордың дүниетаным иірімдері ізденіс пен шеберлік биік белеске шыққаны анық аңғарылады. Сол себепті барлық жетістіктерімен казак әдебиетінің 30-жылдарда кандай көркемдік табысымен қорытындылаған кезендік туынды санатында". Роман композияциясын ("Тұнғиықта", "Таң атарда", "Күн күлімдегенде"), кейіпкерлер жүйесінен (ауыл кедейлерінің өкілдері - Аскар, Амантай, Кузнецов, Ботакөз, Балтабай, Бүркітбай, Кенжетай т.б.), бай-болыстың өкілдерінен (Итбай, Кошкин, Кулаков, Сарбас т.б) өмірдің өзінен алынған шындық, шеберлік үлгілері көрінеді.
Шығармa кейіпкерлері өмірде болған. Әдеби бейнелер: Аскар - Сәкен, Амантай-Аманкелді, Итбай болыс-патша сенатына құрметіне ие болған Сайын Кыдыров, Базархан, Мадияр жөнінде де дерек көздері бар.
Романнын көркемдік табысы - өмір шындығымен, окиғалык өріс пен сюжеттік желісінен төңкеріс такырыбы әрі терең, әрі шеберлікпен көрініс тапкан. Сол себепті де "Ботакөз" романымен С.Мұқанов халықтың түрмысын, тарихын, мәдениетін, ойы мен сезімін жете білетін әлеуметтік жазушы ғана емес, сонымен катар көркем сөздін шебері екенін тағы бір көрсетті... "Ботакөз" казак әдебиетінің зор әлеуметтік - тарихи және эстетикалык мәні бар аса ірі шығармаларының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет