Әдістемелік нұсқаулар. «Дүниежүзілік сауықтандыру мен еңбек талаптарын жеңілдету – халықтың жақсы тұрмысын көтерудің негізгі міндеттерінің бірі, барлық кәсіпорындарда қазіргі қауіпсіздік техника құралдары енгізіледі және өндірістік жарақаттар мен кәсіби ауруларды жоятын санитарлық – гигиеналық жағдайлармен қамтамасыз етіледі» деп жазылған.
Бұл нұсқаулар КСРО конституциясында жазылған:
21 – бап. «Мемлекет еңбекті қорғау мен жағдайларының жақсаруы, халық шаруашылығының барлық салаларында оның ғылыми ұйымдастырылуына қамқорлық жасайды».
42 – бап. «Азаматтар денсаулығын қорғауға құқылы. Бұл құқық қауіпсіздік техникасының дамуы мен жақсартыоуы және өндірістік санитариямен қамтамасыз етіледі».
құрылыс жағдайларындағы еңбекті қорғау сұрақтарының тек қана инженерлік емес, сонымен қатар саяси мағынасы бар. Революциясының жеңісіне орай адамзат тарихында алғашқы рет еңбекті қорғау бойыынша барлық шаралар гуманизмнің жоғары принциптері негізделіп, жұмысшылар бақылауына берілген. Капиталистік қоғам жағдайында еңбекті қорғау бойынша міндеттер кәсіпкерге түсім түсіруге мүмкіндік туған жағдайда ғана іске асырылады.
Әдебиет:[1], [2], [3], [4], [5, 3-8 бет], [21]
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар: Қазақстан Республикасының Үкімет шешімдерінде еңбекті қорғау облысында қандай міндеттер қабылданған?
Еңбекті қорғау сұрақтары бойынша кәсіби одақтардың съезіндегі шешім мазмұнын баяндаңыз.
КСРО-ң профодақтарының III съезінде қауіпсіздік техникасы облысында қойылған міндетті баяндаңыз. КСРО-ғы еңбек жағдайларының капиталистік мемлекеттердегі еңбек жағдайларынан түпкі ерекшелігі қандай?
1 – тақырып. Еңбекті қорғаудағы құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары.
Негізгі заң шығарушы актілердегі еңбекті қорғау сұрақтары: КСРО конституциясы (Ата заңы), КСРО заң шығару негіздері мен еңбек туралы заңдары, мемлекеттердің еңбек туралы заңдар кодекстерінде, мемлекеттік денсаулықты сақтау мен КСРО заңшығарушы негіздері.
Еңбек қорғау облысындағы нормалар мен ережелер. Әйелдер, жасөспірімдер және еңбек жарамдылығы төмен тұлғалардың еңбегін қорғау.
Еңбек қорғау облысындағы мемлекеттік бақылау мен коррекциялары; еңбек қорғау бойынша қоғамдық инспекторлар; мамандандырылған мемлекеттік инспекциялар.
Еңбекте қауіпсіздік пен салауатты талаптарды қамтамасыз ету мен бақылауды жүзеге асыруда кәсіпорындардың (мекемелердің) әкімшілігінің міндеттері.
Кәсіпорында еңбек қорғау қызметінің ұйымдастырылуы. Еңбек қорғауды үгіттеу, жұмысқа орналасқан кездегі жұмыс берілетін орында жөн-жобамен оқу.
Кәсіпорындар мен мекемелердегі қызметтік тұлғалардың еңбек қорғау бойынша заңдар, норма мен ережелердің бұзылуына жауапкершіліктері.
Өндірістегі қауіпсіздік жағдайларды тіркеу, есепке алу және тексеру. Себеп талдауы мен кәсіби аурулар травматизмін ескерту.