Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі



бет27/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Кавказ халықтары
Этногенезі мен этникалық тарихы. Аймақтың көне байырғы халықтары. Солтүстік және Батыс Кавказдағы этникалық үрдістер, бұл жерде халықтар көп уақыт бойы түрлі көшпенді және жартылай көшпенді тайпалармен өзара қарым-қатынаста болды (б.з.д. I мыңж. және б.з. IV мыңж. киммерияцтар, скифтер, сарматтар, Едыге тайпалары).
IV-V ғғ. акацир бастаған түркі тайпаларының VI ғ. аварлармен, VII ғ. булгарлармен, хазарлармен, X ғ. печенегтермен конфедерациясы. VI ғ.- XIII ғ. басында аландардың конфедерациясы, олар монғол-татар шапқыншылығынан кейін Алтын Орданың құрамына енді. Осетин халқының қалыптасуындағы иран тілді аландар мен жергілікті кавказ тілді тайпалардың рөлі (балкарлар, карачайлар, кумыктар, ноғайлар). Кабардинецтар мен черкестар, шешендер мен ингуштар, Дағыстанның кавказ тілді халықтары.
Шығыс және батыс Грузия аумағындағы этногенетикалық үрдістер. Грузиядағы феодалды жікке бөлінушілік дәуіріндегі VI ғ. Колхид және Иберия мемлекеттері. Абхаздар этногенезі.
Б.з.д. II мыңж. Кавказдан тыс армяндардардың қалыптасу үрдісі. Б.з.д. II мыңж. Балқан түбегінен келген үндіеуропалық тайпалардың армяндардың этногенезіне қатысы. Олардың жергілікті тайпалармен, әсіресе хайамилармен байланысы, кейіннен олардан аормян – хай этнонимі пайда болды. Армяндардың ерте мемлекеттерінің құрылуы (Арматана, Хайас, Урарту). Армян халқының этникалық тарихында Иран, Түркия, Ресей арабтарының, түрік-селжуктардың, монғолдардың рөлі.
Әзірбайжан халқының этногенезі. Әзірбайжан аумағының ежелгі және ерте орта ғасырдағы Мидия, Атропатен, Албания, Сасанидтік Иранның құрамында болуы. III-IV ғғ. Әзірбайжанға ғұндардың, болгарлардың және басқа да түрік тайпаларының, ал XI ғ. түрік-селжук тайпаларының енуі. Одан кейінгі кезеңде, әсіресе монғол-татар шапқыншылығы кезеңінде түрік халқының көптеп келуі. Феодалды дәуірде әзірбайжан халқының қалыптасуы.
Халықтың тілдік және нәсілдік құрамы. Үш топқа бөлінген, шамамен 40 тілден тұратын кавказ тілдік семьялы халықтары: абхаз-адыге (абхаздар, абазиндер, черкестер, кобардиндер), картвелдік (грузиндер) және нах-дагестандық (шешендер, ингуштер, басбилер, цездар, аварлар, лактар, лезгиндер, андилар, даргиндер, табасарандар, цахурлер және т.б.). Үндіеуропалық (иран осетиндері, курдтар, армяндар), алтайлар (түрік әзербайжандары, ноғайлар, балқарлар, карачайлар), афразиялық (ассириялық ассирийлер) тілдік семьялары. Аймақ халықтарының сыртқы келбеттерінің еуропеидтық нәсілге, оның ішінде кавказ нәсіл тобына қатыстылығы.
Шаруашылығы. Егін және мал шаруашылығымен айналысуының көп жылдық тәжірибесі. Суландыру және богарлы егін шаруашылығы. Дәнді дақылдар түрлері және өндіріс еңбек құралдары. Жайылымдық және көшпелі мал шаруашылығының өзіндік түрі. Кілем тоқу, зергерлік өнер, қару дайындау, сазды және металл ыдыстар өндіру және т.с.с.
Материалдық мәдениеті. Елді мекендері мен баспаналарындағы аймақтық ерекшеліктер. Көне баспаналарды модернизациялау, оларды жаңамен ауыстыру. Дәстүрлі киімдері мен әшекей бұйымдарының үлкен кешендері. Дәстүрлі тағамдарының көп түрлілігі. Тау және жазық аудандардағы тамақтану жүйесіндегі айырмашылықтар. Үстел басындағы өзіндік этикеттер.
Рухани мәдениеті. Ауызша ақындық шығармашылығының байлығы. Эпикалық жырлар. Халық өмірінің ертегілердегі, мысалдардағы, мақал-мәтелдеріндегі, жұмбақтарындағы бейнесі. Музыкалық фольклор. Ән өнері мен халық биі.
Діни сенімдері. Христианство мен исламның басымдылығы. Армян-григориан шіркеуі. Кавказ мұсылмандарында суннизм мен Әзірбайжанда шиизмнің таралуы. Жергілікті көне сенімдер (ағаштарға, табиғат құбылыстарына, отқа табыну және т.б.), олардың көбісі христиан және мұсылман әдет-ғұрыптарының құрамды бөліктері болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет