Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет29/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Орта Азия аумағындағы ең ежелгі өркениеттерді атаңыз.

  2. Парсылар мен тәжіктердің этногенезін не жақындастырады?

  3. Аумақтың түркі тілдес халықтарының этногенезі мен этникалық тарихына талдау жасаңыз.

  4. Аумақ халықтарының шаруашылық-мәдени түрлерінің айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

  5. Аумақта кең таралған экзогамды және эндогамды некелердің негізгі белгілерін анықтаңыз.

  6. Орта Азия халықтарының халық шығармашылығындағы ортақтықтар неден байқалады?



ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫ
Қазақтарды этнологиялық зерттеу тарихы. Мәселені зерттеу деңгейі, оның негізгі кезеңдері, Қазақстан халықтары мен аумағы туралы парсы, анти (б.з.д. V ғ. – б.з. III ғ.), қытай дереккөздері (б.з.д II ғ.), көне түрік руна жазбалары (VI-IX ғғ.). IX-XVII ғғ. Қазақстан халықтары туралы ортағасырлық араб, парсы және түрік дереккөздері.
XII - XVII ғғ. басындағы орыс және батыс дереккөздері. Революцияға дейінгі орыс тарихнамасы. XV ғ. соңы мен XVII ғ. басындағы қазақ хандығына сапар шеккен орыс көпестерінің, саяхатшылары мен ғалымдарының сауалнама хаттамалары. XVIII ғ. - XX ғғ басындағы Қазақстан туралы мәліметтердің толықтырылуы және тереңдеуі. П.Н.Палластың, И.Г.Георгидің, И.П.Фальканың, Г.И.Спасскийдің, А.И.Левшиннің, А.Н.Харузиннің, Л.Мейердің, М.Красовскийдің, Г.Н.Потаниннің, Н.А.Аристовтың, В.В.Бартольдтың, В.В.Радловтың және т.б. еңбектері. Қазақ этносын зерттеудегі Орыс Географиялық және басқа ғылыми қоғамдардың рөлі. Ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы батыс тарихнамасы.
Дәстүрлі қазақ этнографиясының түрлі аспектілері туралы Ш.Ш.Уәлихановтың, М.С.Бабаджановтың, М.Г.Тяукиннің, Ы.Алтынсариннің, Б.Дауылбаевтың, С.А.Жантөриннің, М.Шормановтың еңбектері. Халық ауыз шығармашылығының материалдары, тарихи-эпикалық және тарихи-батырлық мазмұнындағы туындылар.
Қазақтардың және Қазақстанның басқа да этностарының этнологиялық тарихнамасындағы кеңестік және кеңес дәуірінен кейінгі кезеңдер. Ғылыми қоғамдар қызметі (Қазақстанды зерттеу Қоғамы, Ресейдің тайпалы құрамын зерттеу бойынша Комиссия, КСРО ҒА Қазақ филиалы, ҚазКСР ҒА тарих, археология және этнография институты). Н.Н.Сабитовтың, Ә.Х.Марғұланның, Э.А.Масановтың, В.И.Захарованың, В.В.Востровтың, А.А.Арғынбаеваның, М.С.Мұқановтың, У.Х.Шалекеновтың, А.Б.Төлеубаеваның, С.И.Ажигалидың, Ж.О.Артықбаеваның және т.б. қазақтардың және республиканың басқа да этностарының дәстүрлі этнографиясы туралы еңбектері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет