Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет28/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Зерттеліп отырған аймақта көне дәуірде қандай өркениеттер болды?

  2. Аймақтың кавказ тілді, иран тілді және түрік тілді халықтардың этногенезіндегі айырмашылықтар неден байқалады?

  3. Кавказ халықтарының шаруашылық-мәдени түрлерінің жіктелуін құрыңыз.

  4. Дағыстанның әлемге әйгілі зергер мамандарының бұйымдарын мысалға келтіріңіз.



ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ
Аумақ елдері: Тәжікстан Таулы Бадахшан облысымен бірге, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан автономды Қарақалпақстанмен бірге.
Этногенезі мен этникалық тарихы. Палеолит дәуіріндегі алғашқы адамдардың тұрақтары, неолиттегі аймақ аумағындағы меңгерулер. Қола дәуіріндегі жоғары дамыған егін шаруашылығының өркениеті. Анти дәуірі (хорезмиялықтар, соғдиялықтар, бактриялықтар, сақтар, массагеттер және т.б.). Гректердің жаулап алуы және Александр Македонский империясының күйреуі. Біздің дәуіріміздің басында юэчжилердің басып кіруі және Қошан патшалығының құрылуы. Үйсіндер мен эфталиттер мемлекеті. Түркі тілдес халықтардың енуі және Түрік қағанатының үстемдігі (VI-VII ғғ.). Иран (батыс және шығыс) халықтарымен өзара қосылуы. Арабтардың жаулап алуы және исламның таратылуы. XIII ғ. монғол-татар шапқыншылығынан кейінгі аймақ халықтарының этникалық құрамындағы өзгерістер. Кейіннен тәжік, өзбек, түркімен, қарақалпақ, ұйғыр халықтарының құрылуы.
Антропологиялық және тілдік жіктелулері. Аймақ халықтарының еуропеоидтық және монғолоидтық нәсіл компоненттері. Аралас және аралық топтар. Екі ірі тілдік семья елшілерінің болуы – алтай (түрік тобы) және үндіеуропалық (иран).
Шаруашылығы. XIX – XX ғғ. басында аймақ аумағында қалыптасқан үш түрлі шаруашылық-мәдени түрлердің болуы: көгалдағы отырықшы егіншілер, дала мен жартылай шөл далалардағы көшпенді малшылар және көгалдар мен үлкен өзендер жағалауларында тұратын жартылай отырықшы егінші-малшылар. Суландыратын егін шаруашылығы. Дәнді дақылдар егумен айналысу. Ауыл шаруашылық құралдары. Мезгіл бойынша көшіп-қонатын мал шаруашылығы (меридионалды, вертикалды, стационарлы). Отарлық жайылымдық мал шаруашылығы. Отардың құрамының көшіп-қонудың түрлі жүйелерімен байланысы. Көшпенді мал шаруашылығының егін және балық шаруашылығымен байланысқан кешенді мал шаруашылығы. Үй кәсіптері мен қолөнер. Аймақтың жекелеген аудандарында қандай да бір ауыл шаруашылық немесе қолөнер өнімдерін өндірудегі мамандандырудың жоғарғы деңгейі.
Қоғамдық ұйымдар. Шаруашылық қызметінің көп салалығының қоғамдық ұйымдардың жан-жақтылығына әсері. Патриархалды-феодалдық қарым-қатынастардың үстемдік құруы. Егіншілердің қауымының формалары. Ру-тайпалық қағидаларға негізделген көшпенді қауымы - малшылар қауымының негізгі және басты ұясы. Егін және мал шаруашылығы қауымдарының ішкі өмірлерін реттеуде шариат пен кәдімгі құқықтардың (адат) рөлі. Аймақты патшалық Ресейдің жаулап алғаннан кейінгі әлеуметтік-қоғамдық қатынастардағы өзгерістер.
Материалдық мәдениеті. Шаруашылық кәсіптері мен аймақтық ерекшеліктерінің далаларды, көгалдарды және тауларды мекендейтін халықтардың өмір сүру жүйесіне әсері. Қалалар мен ауылдық елді мекендердегі өзіндік өмір сүру салты. Ірі елді мекендердегі хуторлық және тау етегіндегі түрлері. Қалалық және ауылдық кварталдар (махалля). Көшпенді малшылардың баспаналары. Отырықшы егіншілердің көгалдардағы баспаналары. Көшпенділердің негізгі баспаналары – түрік және монғол түріндегі киіз үйлер. Дәстүрлі киімдері, ер және әйел адамдар костьюмдерінің негізгі элементтері. Жынысына, жасына және рәсімдеріне байланысты киімдер кешенінің тұрақтылығы. Тамақтану жүйесі мен ыдыстарының этникалық аспектілері.
Рухани мәдениеті. Орта Азия халықтарының дәстүрлеріндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер. Ортақ эпикалық шығармалар, сюжеттерінің, батыр есімдерінің, жер атауларының сәйкес келуі, жекелеген поэмалар, кейде бүтін жырлардың сәйкестігі. («Алпамыс», «Көроғлы» және т.б.). Көркем мұраның асқан байлығы мен жан-жақтылығы. Бұқара, Самарқанд, Хиуа, Үргеніш және т.б. қалалардағы архитектуралық үлгілер. Ұлттық жазба әдебиеті мен поэзиясының керемет үлгілері. Музыкалық өнер мен билер. Қоғамдық және отбасылық өмірге исламның енуі. Исламға дейінгі діни сенімдер мен ұғымдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет