5. Дене жаттығуларының мазмұны, түрлері, техникасы, құрылымы, топтастырылуы
Дене жаттығуларының пайда - болуы адам қоғамының ұзақ даму барысына жатады. Дене жаттығуларының пайда болуында шешуші рөлді материалдық өмір жағдайлары, атап айтқанда, бәрінен бұрын еңбек қызметі ойнады. Мұнда адамның жаттығу болмысын сапалы түрде түсінуінің үлкен маңызы бар. Адамды еңбекке дайындау үшін оның дене күшін дамытуға бағытты түрде әсер етуге және қозғалыс тәжірибесін балаларына үйретуге деген қажеттілікке байланысты дене жаттығулары пайда болды.
Дене жаттығуларының техникасы - дегеніміз ізденідің, ғылыми анализдің жəне спортшының қимылды орындау əдісін практика жүзінде тексеруден өткен нақтылы нəтижелері деп түсінеміз.
1.Дене тәрбиесі жүйесінің тарихи жинақталған белгісіне қарай жіктелуі (гимнастика, ойындар, туризм, спорт). Бұл жіктелуге сәйкес тәжірибеде (практикада) пайдаланылып жүрген дене жаттығулары төрт топқа бөлінеді: ағзаның құрылысьі мен қызметіне әсерінің жіктелуі мен тиімділігі бағаланатын, өнерлеп даярланған қозғалыс пен қимылдық әрекеттің әр түрлілігімен, сонымен бірге барлық қозғалыстың дұрыс орындалуымен, сұлулығьшен және үйлесімділік күрделілігімен сипатталатын гимнастикалық жаттыгулар; қозғалыс әрекетінің қорытынды нәтижесі (озу, жоғары секіру, дәл лақтыру және т.б.)
6. Жеке тұлға сапаларының қалыптасуындағы дене шынықтырудың орны мен рөлі
Қимыл әрекетке үйрету үрдісі кезңнде спортшының дене қуаты деңгейі байқалады. Ол дене қуаты қасиеті деңгейі сол жаттығу техникасын орындауға сай болмауы мүмкін. Ондай болатын болса жаттығу техникасын үйрену барысында сол дене қуаты қаситін дамыту керек болады.
Дене тәрбиесіндегі оқытудың нәтижесі-қозғалысты меңгеру болып табылады. Мектептегі дене шынықтыру бағдарламасының мазмұны, оқушылардың жүйелі түрде дене шынықтыру сабағында,отбасындағы дене шынықтыру, үйірмелер мен спорттық секцияларда өмірге қажетті қимыл дағдыларын: жүру, жүгіру, лақты-ру, секіру, тепе-теңдік сақтау, шаңғымен жүру дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |