49 Білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің шынықтыру сабақтарының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері.
Аталған құралдарды кешенді пайдалану дене тәрбиесінің білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерін толыққанды, міндетті түрде іске асыру жағдайы, сонымен бірге дене тәрбиесі жүйесінде ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие құралдары қолданылып, барлық тәрбие түрлерінің негізгі байланысын көрсетеді.
Дене жаттығуларының пайда болуы адам қоғамының ұзақ даму барысына жатады. Дене жаттығуларының пайда болуында шешуші рөлді материалдық өмір жағдайлары, атап айтқанда, бәрінен бұрын еңбек қызметі ойнады. Мұнда адамның жаттығу болмысын сапалы түрде түсінуінің үлкен маңызы бар. Адамды еңбекке дайындау үшін оның дене күшін дамытуға бағытты түрде әсер етуге және қозғалыс тәжірибесін балаларына үйретуге деген қажеттілікке байланысты дене жаттығулары пайда болды.
50 Қимыл-қозғалыс дағдылардың өзара байланысы.
Қозғалыс әрекетін мұғалімнің көрсетуі (немесе оқушы мұғалімнің тапсырмасы бойынша) кең тараған оқытып үйрету әдісі болып табылады. Шын мәнісінде бұл оқытып үйрету әдісі еліктеу арқылы іске асады. Кез келген еліктеу сапалы әрекет болып саналады. Алайда саналылықтың деңгейі мен еліктеудің себебі әр түрлі болуы мүмкін. Еліктеу кезіндегі оқушының саналылығының деңгейі көрнекілікті кабылдауды талдау қабілетіне тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |