3.Саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жеткіліктілік пен даралық, жүйелілік пен қозғалмалылық сияқты адістемелік қағидаттарында көрінетін дене шынықтыру заңдылықтары
Саналылық принципі. Дене жаттығуларын үйретуде саналылық принципінің таратылуына айтарлықтай үлес қосқан атақты орыс ғалымы П.Ф.Лесгафт болды. Ол "мектеп жүйесінде оқып жүрген баланың күшін ғана дамытып қоймау керек, ең бастысы өзін-өзі басқару дағдысын, сонымен қатар оны өз қызметінде, өмірінде тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыру керек", -деп атап көрсетті.
Саналылық принципін жүзеге асырғанда төмендегідей кейбір ережелерді тұтастай сақтаған жөн:
1.Өз ісін түсіну және саналы катынасты дамыту әдістері оқушының жас ерекшелік мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі керек. Дене жаттығуларымен шұғылданушы өзінің қимылын саналы түрде атқаруға міндетті. Алғашқы қозғалысты игерген бірінші сынып оқушысы мен жалпы білім беретін мектеп бітірушісіне бірдей талаптар қойылатын болса, онда саналылық принципін жүзеге асыру тек есепке жатқызу үшін ғана болғаны.
Белсенділік деңгейі қанағаттанғандық өлшеміне тікелей тәуелді емес. Мысалы, оқудағы табыстар белсенділіктің артуына және төмендеуіне әкелуі ықтимал. Қимыл-қозғалысына қанағаттану А.С.Макаренконың айтуы бойынша "Зоологиялық қимылға" айналуы мүмкін.
Белсенділік принципін жүзеге асыра отырып, кейбір төмендегі ережелерді сақтаған жөн:
- қойылатын талаптар оқушы ұстанатын себептер сипатын есепке алу керек. Егер балада оқу міндеттерін орындауға кедергі келтіретін себептер көбірек болса, онда олар жоғары деңгейдегі себептермен жақындасу үшін пайдалану қажет.
Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципінде көрсетілген оқыту заңдылығы, ақиқат шындықты және тануды төмендегі ережелерден байқауға болады: "Даму тіршілігінен абстрактілі ойлауға және одан тәжірибеге айналу". Яғни ғылыми таным жүйесін оқытып үйрету кезіндегі таным жүйесімен салыстыруға болмайды
4. Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері.
Сыныптан тыс жұмыс мына міндеттердің орындалуына бағытталған :
1. Баланың өзіндік оң – «Мен- концепциясын» қалыптастыру, ол мына факторлармен сипатталады:
а) басқа адамдардың оған деген тілектестігі, қарым-қатынасы
жақсы екеніне сенімділігі;
б) баланың тақырыпты және басқа шұғылданатын жұмысын
дұрыс меңгере алатындығына сенімділігі;
в) өзін тұлға ретінде сезінуі. Оң «Мен- концепциясы» баланың өзіне деген позитивтік қатынасын және әрі қарай жеке тұлға ретінде дамуына негіз болатын, өзін-өзі бағалау әділдігін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |