66. Физикалық этиологиялық жайттарға жатады: A. Шу
B. Құнсыз тамақтану
C. Гельминттер
D. Вирустар
E. Приондар
67. Химиялық этиологиялық жайттарға жатады: A. Пестицидтер
B. Рентгендік сәулелену
C. Үдеу
D. Электр ағымы
E. Қысылу
68. Механикалық этиологиялық жайттарға жатады: A. Созылу
B. Ванадий мен хром тұздары
C. Фосфорорганикалық заттар
D. Вирустар
E. Кандидалар
69. Қабынудың этиотропты еміне жатады: A. Антибиотиктер
B. Мембрана тұрақтандырғыштар
C. Медиаторларға қарсы дәрілер
D. Микроциркуляцияны жақсартатын дәрілер
E. Антиоксиданттар
70. Қоршаған ортаның температурасы жоғарылағанда адамда дамитын бейімделу тетіктері: A. Шеткері қантамырларының кеңеюі
B. Тыныстың сиреуі
C. Шеткері қантамырларының тарылуы
D. Бұлшықет межеқуатының жоғарылауы
E. Бұлшықет дірілі
71. Гипертермияның бейімделу сатысында организмдегі өзгерістері: A. Тыныстың жиілеуі
B. Ішкі ағзалар тамырларының кеңеюі
C. Бұлшықет дірілі
D. Бұлшықет межеқуатының жоғарылауы
E. Брадикардия
72. Ауруларды патогенездік емдеуге жатады: A. Патогенездің негізгі тізбегін жою
B. Аллергендердің аз мөлшерімен емдеу
C. Жұқпаны таратушылармен күрес
D. Жұқпалы ауруларға қарсы егу
E. Емдік сары сулар қолдану
73. Монокаузализм – бұл ... . A. Ауру пайда болуына бір ғана себептің әсері жеткілікті болатыны туралы көзқарас
B. Ауру пайда болуы үшін жағдайдың да, себептің де қажеттігі туралы көзқарас
C. Ауру себептері туралы идеалистік көзқарас жағдайы
D. Ауру жағдайлар кешенінің әсерінен пайда болатыны туралы көзқарас
E. Ауру себептері туралы диалектикалық көзқарас жағдайы
74. Кондиционализм – бұл ... . A. Ауру себептері туралы идеалистік көзқарас
B. Ауру пайда болуына бір ғана себептің әсері жеткілікті болатыны туралы көзқарас
C. Ауру пайда болуы үшін жағдайдың маңызы болмайтыны туралы көзқарас
D. Ауру себептері туралы материалистік көзқарас
E. Ауру пайда болуы үшін жағдайдың да, себептің де қажеттігі туралы көзқарас
75. Альпинист 6500м биіктікке шыққанда есінен танып, оны қарап тексергенде айқын цианоз, тынысы сирегендігі анықталды. Дамыған аурудың себебі, патогенездегі негізгі тізбегі және патогенезіндегі кері айналып соғу шеңбері: A. Атмосфералық ауада рО2 төмендеуі
B. Атмосфералық ауада рСО2 төмендеуі
C. Барометрлік қысымның жоғарылауы
D. Гипероксемия дамуы
E. Ацидоз дамуы