185. Жасуша зақымдануын туындататын эндогендік жайтқа жатады: A. Майлардың асқын тотық өнімдері
B. Ауыр металл тұздары
C. Иондаушы радиация
D. Вирустар
E. Қоршаған ортаның температурасы
186. Жасуша зақымдануын туындататын экзогендік жайтқа жатады: A. Гамма-сәулелену
B. Жасуша сыртында осмостық қысымның жоғарылауы
C. Жасуша сыртында осмостық қысымның төмендеуі
D. Тироксиннің гиперсекрециясы
E. Белсенді бос радикалдар
187. Жасуша зақымдануының арнайы емес көріністері: A. Ацидоз
B. Жоғары температураның әсерінен нәруыз молекулаларының табиғатын жоғалтуы
C. Жасушаның кальциймен зорығуынан тотығу және фосфорлану үдерістерінің ажырауы
D. Цианидтермен цитохромоксидазаның тежелуі
E. Радиация әсерінен молекулалардың иондалу
188. Жасушаның созылмалы зақымдануының апаттық сатысында байқалады: A. Бұзылмаған құрылымдар қызметінің жоғарылауы
B. Жасушаның дистрофиясы
C. Жасуша құрылымдарының гипертрофиясы және гиперплазиясы
D. РНҚ, нәруыздар және АҮФ түзілуінің тұрақтануы
E. Жасуша өлуі
189. Жасушаның созылмалы зақымдануының тұрақты бейімделу сатысында байқалады: A. Жасушаішілік гомеостаздың сақталуы
B. Бұзылмаған құрылымдар қызметінің жоғарылауы
C. Жасуша өлуі
D. Жасуша апоптозы
E. Жасушаның дистрофиясы
190. Апоптозға тән: A. Жасушаның жоспарланған өлімі
B. Жасуша дистрофиясының салдары болып табылады
C. Қабынулық серпіліспен қабаттасуы
D. Зақымдаушы жайттың әсерінен дамиды
E. Кариолизис
191. Некрозға тән: A. Жасуша дистрофиясының салдары болып табылады
B. Жасушаның хроматині бар бөлшектерінің түзілуі
C. Жасушаның жоспарланған өлімі
D. р53 әсерінен дамыған инициация
E. Апоптоз «денешіктерінің» фагоцитозы
192. Жасуша мембранасы асқын тотығуының күшейткіші болып табылады: A. Гипероксия
B. Е гипервитаминозы
C. SH-тобы бар нәруыздардың артуы
D. Пероксидазаның әсерленуі
E. Супероксиддисмутазаның әсерленуі