Пән мұғалімі: Айдаралиева А. Параллель жүретін реакция теңдеулері бойынша есептеу


-есеп. Мына айналуларды іс жүзінде жүзеге асырыңыздар



бет4/6
Дата07.02.2023
өлшемі285,37 Kb.
#66021
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
5-есеп. Мына айналуларды іс жүзінде жүзеге асырыңыздар:
Мыс(II) карбонаты → мыс хлориді → мыс(II) гидроксиді → мыс(II) оксиді


Шешуі. Мыс карбонатын сынауыққа сала, үстіне 15%-дық тұз қышқылын құямыз.
Реакция теңдеуі:
CuCO3 + 2HCl → CuCl2 + 2H2O + CO2
Алынған мыс хлоридіне натрий гидроксиді ерітіндісімен әсер етеміз.
Реакция теңдеуі:
CuCl2 + 2NaOH → Cu(OH)2 ↓ + 2NaCl
Суда ерімейтін мыс гидроксидін қыздырсақ, төмендегідей реакция жүреді.

Реакция теңдеуі: Cu(OH)2 → CuO + H2O


көк қара
6-есеп. Темір(ΙΙ) сульфатын кем дегенде үш әдіспен алыңыздар.
Шешуі: 1. Темір кесегіне сұйық күкірт қышқылымен (W(H2SO4 =20% )) әсер етеміз.
Реакция теңдеуі:

Fe + H2SO4 → Fe SO4 + H2


2. Темірді оттегінде жағып, темір(ΙΙ) оксидін, одан темір сульфатын аламыз.
Реакция теңдеуі:
2Fe + O2→ 2FeO
FeO + H2SO4 → Fe SO4 + H2 O
3. Темір (ΙΙ) хлоридіне натрий гидроксидімен әсер етіп, алынған темір гидроксидіне күкірт қышқылын қосу керек.
FeCl2 + 2NaOH → Fe(OH)2↓ + 2NaCl
Fe(OH)2 + H2SO4 → Fe SO4 + 2H2 O

Эксперименттік есептерді сабақ тақырыптарына сай әр кезде қолдануға болады. Эксперименттік есептерді мектеп зертханасында бар реактивтер мүмкіндіктеріне сәйкес және химиямен айналысқысы келген немесе химиядан олимпиадаға қатысқысы келетін оқушылар сабақтан тыс уақыттада мұғалім немесе лаборант көмегімен жүргізіп, алғашқы зерттеулеріне жол ашуларына болады.


Қашанда өзің көзбен көріп, өзің зерттеу жүргізіп, өзің талдап, қорытынды жасағанға не жетсін! "Еңбектің наны қашанда тәтті"- демейді ме? Білім жолы – талмай ізденіс жолы, талпынған адам мұрат – мақсатына қашанда жетеді, ізденуден, оқудан, зерттеуден еш жалықпаңдар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет