Пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет1/3
Дата31.01.2023
өлшемі50,93 Kb.
#63946
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Силлабус Қазақ диаспорасының тарихы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ПӘН СИЛЛАБУСЫ
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы "Қазақ диаспорасының тарихы"
Кредит саны 4 ECTS
Курс, семестр 2 курс, 4 семестр, 2022-2023 оқу жылы
Білім бағдарламасының атауы және шифры ОП – 6В01601-Тарих
Институт Тарих және құқық
Кафедра Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі Дүйсенбайқызы Айтолқын, магистр, оқытушы
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 8 778 622 45 62, aitolkyn_01.04.1995@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)  0,6 + емт  0,4


3. Пәннің қысқаша мазмұны.
Пәннің мақсаты- «Қазақ диаспорасының тарихы» пәні бойынша студенттерге шет елдердегі қазақ диаспорасының тарихына қатысты негізгі ұстанымдар, теориялар және концепцияларды таныстыру.
Пәннің негізгі міндеттері
-студенттерге шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихына қатысты негізгі ұстанымдар,теориялармен және концепциялармен,негізгі зерттеулермен таныстыру;
-студенттерге оқылатын курстың түсініктемелік аппаратымен таныстыру.
«Қазақ диаспорасының тарихы» пәнінің негізгі мақсаты "6В01601-Тарих"мамандығы бойынша білім алушыларды пәндер бойынша оқыту нәтижелерін (РО) ББ(ОП) бойынша пәндік құзыреттіліктермен қатар қалыптастыру болып табылады:
-әлем тарихы,сыртқы саясат,диаспора тарихының басты мәселелері мен оны танудың негізгі методологиялық ұстанымдарын білуі;
-диаспора тарихымен айналысатын ғалымдардың еңбектерін талдап, оларға баға беруді, өз бетімен білім алуды меңгеруі керек.
«Қазақ диаспорасының тарихы» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзіреттіліктермен қатар төмендегідей арнайы құзіреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
кәсіби құзіреттіліктер:
«Қазақ диаспорасының тарихы» - пәнін оқу барысында алған білімдерін өздерінің кәсіби қызметінде пайдалану;
- Алыс және таяу шетелдердегі қазақ диаспорасының тарихына қатысты теориялар мен концепцияларды талдауға дағдылану;
-маман ретінде диаспора тарихына сипаттама беруді және оны диаспоралогия тарихын зерттеуде қолдануды;
-қазіргі цифрлық технологияларды меңгере отырып, диаспора тарихы бойынша басты мәселелерді;
-қазіргі кезеңдегі шет мемлекеттердегі қазақ диаспорасының дамуының негізгі тұжырымдарын;
-диаспоралогияның мәні мен теориялық негіздерін;
-қазақ диаспорасына қатысты әлемдік саясаттың бет алысын бағамдап, талдай алу қабілетін көрсетуі керек;
студенттің:
-қазіргі қазақ диаспорасының шет елдердегі жағдайлары мен даму ерекшеліктері туралы мағлұматы болуы керек.
студент:
-қазақ диаспорасына қатысты негізгі оқиғалар мен қалыптасу барысын;
-курстың түйінді мәселелері бойынша маңызды тарихи деректерді білуі тиіс;
-қазіргі аймақтардағы қазақ диаспорасы тарихына қатысты фактілерге баға беру мен оларды қолдануды;
- қазіргі шет мемлекеттердегі қазақ диаспорасы тарихындағы оқиғалардың барысы мен нәтижелерін, олардың әлемдік қауымдастықтың дамуындағы ролі мен маңызын көрсетуді;
-арнайы лексиканы пайдаланып тарихи материалды еркін және нақты түрде аудиторияға жеткізуді;
-картамен жұмыс жасауды меңгеруі тиіс..
--қазіргі қазақ диаспорасы тарихы бойынша ғылыми әдебиетпен жұмыс жасап, оған қатысты зерттеулік гипотезалар мен концепцияларды салыстыра талдаудың;
-алынған материалды ғылыми сұрыптауда;
-өзіндік ғылыми жұмыс жазуда;
-дискуссиялық тақырыптар бойынша өзіндік көзқарасын дәлелді жеткізуде дағдысы болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет