Байланысты: Прак. Тәрбие жұмыс.теория. әдістеме (1)
үшіншіден: Әр түрлі жағдаяттарды шешу жолдары арқылы оқытудың өзекті әдістерін қолдану; осы тақырып бойынша практикалық сабақтарда өзекті мәселелерді құруға деген сұраныс бар ма соған назар аудару;
төртіншіден: студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесімен танысу (жекелеген, топпен, фронтальды, репродуктивті не шығармашылық сипаттағы); студенттерге жеке қарауды жүзеге асыру; өзіндік жұмысты орындау барысында оқытушының студентке берер көмегі, олардың түрлері; студенттердің өзіндік жұмыстарын жетілдіру әдістерін анықтау. Студенттердің өздігімен сабаққа жауап беруінің мұғалімнің шақыруы бойынша айтқан сабаққа қатысу;
бесіншіден: студенттерден сабақ сұрау түрлері, олардың жағдаяттарды шешуі, жаттығуларды орандағанда, практикалық сабақтарға қатысу кезіндегі белсенділігі және дербестілігі. Студенттердің жұмыс дәптерлерінің кейбіреулерін алып тексеру керек, сонымен қатар олардың білімін тексеру нәтижесімен, үй тапсырмасын оқытушының қалай тексеретіндігімен танысу керек. Әр тақырып бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын өздігімен жоспарлауына және студенттердің есеп берулерінің әсерлілігіне назар аудару қажет. Журнал бойынша студенттердің 2-3 айдағы сабаққа қатысуларын тексеріп, практикалық сабақ беретін мұғалімнің журналымен салыстыру керек. Студенттер босатқан практикалық сабақтарды өңдеудің формаларына сараптама жасау. Студенттердің практикалық сабақтардағы белсенділігін тексеру;
алтыншыдан: студенттердің жұмыс дәптерлерін алып кейбірін тексеріп, жазулардың формалары мен жүйесіне, аудиториялық, үй тапсырмаларын орындаған кездегі қорытындылардың формулировкасына назар аудару қажет. Семестрлік тапсырмалар, олардың ауқымы, материалдық қамтылуы тексеріледі. Жеке және топтық кеңестерді жүргізу түрлерін (кафедра құжаттарын, арнайы журналдарды қарау) және семестрлік тапсырмалар, басқа да аудиториядан тыс жұмыстардың орындауын тексеруді ұйымдастырылуын тексеру;
жетіншіден: оқу-әдістемелік кешеннің материалын тексере отырып, практикалық тапсырмаларды жүргізетін осы пән бойынша оқу әдебиеттерімен студенттердің қамтамасыз етілуін тексеру.
сегізіншіден: ОҒЗЖ саласы бойынша кафедра жоспарымен (практикалық сабақтарда), практикалық сабақтарда студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының элементтерін, ізденушілік сипаттағы тапсырмалар мен жағдаяттарды шешу мысалдарын, студенттік топтарды жігерлендірудің тиімді варианттарын қолдануды, зерттеушілік жұмыстардың дағдыларын қалыптастыруды, ізденушілік-танымдылық сипаттағы өздік жұмыстарды тексеру;