Пән туралы қЫСҚаша мәлімет: Пән оқытушысы



бет8/18
Дата07.02.2022
өлшемі326,63 Kb.
#24978
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Дәріс тезисі*

Сал-серілер, әнші-ақындардың ХІХ ғасыр әдебиетін тарихындағы орны. Сал-серілер, әнші-лирик ақындар мұрасы. Олардың зерттелу, таралым, танылым жайы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Әрі ақындық, әрі сазгерлік, әрі орындаушылық өнер.

ХІХ ғасырдағы сал серілік, әншілік дәстүр, әншіілік жайлы А.Жұбановтың ғылыми теориялық тұжырымдары. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің шығармашылық мұрасы Е.Ысмайлов зерттеулерінде. Ш.Керімовтің сал серілер жайлы арнайы зерттеуі. М.Мағауин сал серілік өнер туралы. І.Жақановтың сал серілер шығармашылық мұрасын айқындаудағы еңбегі.Аймақтық ән мектептері. Жетісу, Арқа, сыр, Маңғыстау өңіріндегі әнші ақындар мұрасы.

Біржан салдын өмірі мен шығармашылығы. Әншілік өнердің көшбасшысы екендігі. Шығармаларының тақырьштық, әуендік ерекшелігі. Ән-өлендегі алар орны.

Біржанның «Жанбота», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» олеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, түжырымдар. Бұл айтыстың көркемдік сапасы.

Ақан сері Қорамсаұлы. Жаяу Мұса Байжанұлы. Өмірі. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Қара торғай», «Үш тоты», «Ақ көйлек», т.б. ән-елеңдері. Ақыннын сезім жырларының кекемдік мәні. Ақан Сері өлеңдеріндегі әлеуметтік үн. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге», т.б. өлеңдері. Ақан сері әндеріндегі лиризм, ғашықтық.



Бекіту сұрақтары:

  1. Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929), өмірі мен шығармашылығы

  2. Әсет Найманбайұлы (1867-1923), өмірі мен шығармашылығы

  3. Балуан шолақтың өміріне қатысты тарихи деректер

Әдебиет

  1. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 4 том. –Алматы: «ҚАЗақпарат», 2005.-438 б.

  2. Мәдібай Қ.Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2 кітап. –Алматы: «Қазақ университеті», 2004.-270 б.

  3. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап. –Алматы: «Қазақ университеті», 2001.-467 б.

  4. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. –Алматы: «Ана тілі», 1992.-360 б.

  5. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. –Алматы: «Санат», 1997.

  6. А.Жұбанов . Замана бұлбұлдары . А.1975ж.

  7. Е.Ысмайлов Ақындар. А., 1963ж.

  8. ӘуезовМ. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991

Өткізу форматы:Презентация,дискуссия

ТақырыбыХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Ағартушы, демократияшыл көзқарастағы ақын-жазушылар шығармашылығының XIX ғасырдағы әлемдік өркениет дамуындағы маңызы.

  2. Қазақтың ағартушы, демократ ақын-жазушыларының шығармаларына өзек болған мәселелер: қазақ елінің тұрмысы, әлемдік өркениет жаңалықтары.

  3. XIX ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар және оның реалистік жаңа жазба әдебиетті дамытудағы игі ықпалы.

Дәріс тезисі*

ХІХ ғасырдағы оқу-ағарту кітап басу ісі. Оның ел әдебиетіне ықпалы. Әдеби дамуға тигізген әсері. ХІХғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбұрыс бағыты. Әдебиеттің жаңару, өзгеріс өрістері. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі өзгешеліктердің Абаймен жалғасуы. Жаңа жанрлардың тууы. Мысал, сықақ, сатираның жандануы. Поэманың тууы. Лирика табиғатына енген еуропалық үрдіс, үлгі, көркем аударма, көсемсөз. Ән өлеңдегі өзгешеліктер.ХІХғасыр әдебиетінің көркемдік жүйе жөнінен қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп, зерделенуі. Зерттеу мәселелері.

ХІХ ғасырдағы әдеби жаңа түр, жанрлардың, жаңа жазба әдебиеттің туып қалыптасуының алғышарттары. Тарихи дамудың қазақ қоғамының алдына қойған міндеттері. Орыс үкіметі тарапынан жүргізілген діни ықпал саясатының ел арасында ислам негіздерін кеңірек насихаттауға жасаған ықпалы. Кітаби тілдің өрістеуі. Қазақ оянушылығының басталуы. Тіл тазалығы үшін, қазақ баласының орыс тілін, білімін үйрену үшін ұмтылуы.

Бекіту сұрақтары:


  1. Шоқантану ғылымының басты мақсаты мен міндеті

  2. Абайтану: кеше және бүгін

  3. Ыбырайтануға қатысты өз пікіріңіз

Әдебиет

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  3. Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. – Алматы, 1967

  4. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы. 1960

ТақырыбыШ.Уәлиханов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы.

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Шоқан Уәлихановтың (1835-1868) өмірі туралы мәлімет.

  2. Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері.

  3. Шоқанның қазақ ақындары мен қаза әдебиеті берген бағасы, зерттеулері.

  4. Шоқанның қырғыздың тарихы мен фольклорына байланысты зерттеулері. «Манас» эпосына тұңғыш рет тарихи, әдеби талдаулар жасауы «Көкетай ханның өлімі және асы» деген үзіндісін орыс тіліне аударуы.

  5. Ғылыми очерктері мен күнделтеріндегі жазушылық-публистік суреткерлік шеберлік белгілері.

Дәріс тезисі*

Өмірі. Шоқан өскен орта. Омбы кадет корпусындағы жылдар. Проф. И.Березинге хат.Омбы зиялыларымен арақатынасы. Шоқан Уәлихановтың Ресей география ғылымын дамытуға қосқан үлесі. Шоқан Уәлиханов –қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениетін, әдебиетін, тарихын зерттеуші. Әдебиет үлгілерін жинаушы. Ғалымның Тәтіқара, Шал ақын, Арыстанбай, Жанақ, т.б. ақын-жыраулар туралы мәліметтері. Едіге жырына назар аударуы. «Манас» эпосына қатысты ғылыми тұжырымдары. Шоқанның жолсапар, күнделік жазбалары. Хаттары. Олардың көркемдік құндылығы. Шоқан Уәлихановтың саяси -әлеуметтік ұстанымдары. Қазақ қоғамының көкейкесті мәселелерін қорғауы Шоқан Уәлиханов жайлы зерттеу еңбектер. Әлкей Марғұлан жәнешоқантану ілімі. Шоқан Уәлихановтың қазақ тарихындағы орны.

Қоғамдық, әдеби қызметі. Шоқан Уәлиханов 1853 жылы кадет корпусын бітіріп, Омбыда әскери қызметке қалуы. Қызметі барысында Шоқан Уәлиханов патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздіктерді жете танып, қарсы батыл пікірлер білдіруге тырысуы. Осы қызметтерді атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен географиясын зерттеуге белсене араласуы.

Омбыдан кетуді, өзінің туған халқына пайдасы тиетін істермен шұғылдануды армандағанын өзінің достары Ф.М.Достоевскийге, Қ.Қ.Гутковскийге жазған хаттарынан анық көрінеді. 1855 жылы Шоқан Уәлиханов Омбыдан Семей, Аякөз, Қапал арқылы, Іле Алатауынан өтіп, Жоңғар қақпасына дейін келеді, қайтарда Алакөл, Тарбағатай жерлерін аралайды. Орталық Қазақстан-Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл сапарда ол қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында көптеген материалдар жинайды. Сонымен бірге өзі болған аймақтардың тарихы, ескі қалалардың орны, шың-тастарағы жазу, белгілерін, көне ескерткіштер, аңыз-әңгімелер, ертегілер мен өлеңдерді жазып алуы. Осы материалдардың негізінде "Тәңірі", "Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" сияқты еңбектер жазуы.

Бекіту сұрақтары:


  1. Шоқанның жазған хаттары және ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

  2. Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері.

  3. Шоқан Уәлиханов мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы.

Әдебиет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет