Пән туралы қЫСҚаша мәлімет: Пән оқытушысы


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет9/18
Дата07.02.2022
өлшемі326,63 Kb.
#24978
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  3. Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. – Алматы, 1967

  4. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. - Алматы. 1960

ТақырыбыЫ.Алтынсариннің ағартушылық қызметі, әдеби мұрасы.

Сағат саны 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) өмірі туралы мәлімет.

  2. Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық сырлары.

  3. Ыбырай - қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы.

  4. Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оқу-құралын жазуы.

  5. Ыбырайдың қазақтың халықтық әдеп-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері, публицистикасы.

Дәріс тезисі*

Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі. Әдеби мұрасы. (1841-1889). Ыбырай алтынсариннің өмірі. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі. Қазақ балаларына арнап бастауыш мектептер, қолөнер, мектеп терін ашуы. 1864 жылы Ыбырай Торғайда ашқан мектептің тарихи мәні, Ыбырайдың қазақ қыздарына арналған оқу орындарын ашуы. Ыбырай Алтынсариннің оқу ағарту ісіндегі ұйымдастырушылық, басшылық қызметі. Ыбырайдың оқу-әдістемелік еңбектері. Қазақтарға орыс тілін оқытып, үйретудің тәсілдерін жүйелеуі. Тұңғыш қазақ тіліндегі оқулық «Қазақ хрестоматиясын» (1879) шығаруы. «Қазақ хрестоматиясының» құрылымы. Мазмұны. Бұл еңбектің тарихи мәні.

Ыбырайдың ислам негіздерін ұғындырған «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің қазақ руханиятындағы орны. Ыбырайдың қазақтың тұрмыс-салт ерекшеліктерін сипаттаған этнографиялық жазбалары. Ыбырай Алтынсариннің халық әдебиет үлгілерін жинап, бастыруы. Қазақ тілінің тазалығы үшін күресте атқарған іс-шараларының тарихи мәні. Оның қазақ тілінде газет шығаруды көксегені. Ыбырайдың қазақтың жаңа жазба әдебиетін ұалыптастырып, дамытудағы, қазақтың жаңа жазба әдебиетін қалыптастырып, дамытудағы, қазақтың жазба әдеби тілін қалыптастырудағы тарихи еңбегі.

Ыбырай Алтынсариннің көркем шығармалары. Өлеңдері мен әңгімелеріндегі тіл тазалығы, нақтылық, айқындық. Ыбырай шығармаларының жанрлық сипаты. Ыбырай Алтынсариннің жанр, түр, стиль жасаудағы әдеби үлгі-үрдістері. Ыбырай мұрасының зерттеліп, бсылым көруі. Ыбырайтанудың қазіргі кездегі көкейкесті мәселелері. Ыбырай Алтынсариннің әдеби, ғылыми мұрасын зерттеуді ілгері оздырудың ендігі талаптары.



Бекіту сұрақтары:

  1. Оқыту жүйесі негізіндегі әдістемелік еңбектері.

  2. Ыбырайдың ақындығы. Ы.Алтынсарин әңгімелері, аудармалары.

  3. Ыбырайдың халық әдебиеті мұраларын жинауы және оларды өзінің ұстаздық жұмысына пайдалануы.

Әдебиет

  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.

  2. Қазақ әдебиетінің тарихы. ХІХ ғ. Бірінші жартысы (1800-1850). 4-том. Он томдық. Ред. Басқарған ф.ғ.д., проф. Асқар Егеубаев. Алматы, 2005. 438 б.

  3. Ысмайылов Е. Ақындар. - Алматы, 1956

  4. Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. – Алматы, 1967

Тақырыбы: Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы, абайтану ғылымының өзекті мәселелері.

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Абай өлеңдерінің хатқа түсуі.

  2. Абайдың жинақтарының жарық көру жайы.

  3. Абай шығармаларының текстологиясы.

Дәріс тезисі*

Әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы. Абай өлеңдерін хатқа түсіру. Ә.Бөкейхановтың Абай мұрасына қатысты қолжазбалары. Кәкітай Ысқақұлы мен Тұрағұл Абайұлының Абай шығармаларын бастыруы. 1909 жылғы «Абай» жинағының құрылымы. Абайдың 1922 жылғы Қазан, Ташкент басылымдары. 1933,1945,1955 жылғы жинақтары. М.Әуезовтің Абай өлеңдерін жинауы, толықтыруы. Абай қарасөздерінің басылымы.Абай шығармаларының кейінгі басылымдары. Абайдың 1916 жылғы «Абай термесі» басылымы туралы тың деректер. Абай шығармаларының текстологиясы. Абайтану ілімінің қалыптасып, дамуы және қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелері.

Абай ақындығы туралы ХІХ ғасыр соңындағы, ХХ ғасыр басындағы тұжырымдар. Ә.Бөкейханов, М.Дулатов Абай туралы. А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» (1913) мақаласы. «Абай» журналы. 20 жылдардағы Абай ақындығы төңірегіндегі айтыстар. Ғ.Тоғжанов, І.Қабылов, І.Жансүгіров, Ғ.Сағди, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, Ы.Мұстамбаев, Б.Кенжебаев, т.б. Абай туралы. Қ.Жұбановтың отызыншы жылдары жазылған «Абай қазақ әдебиетінің классигі» мақаласының Абайтанудағы орны. М.Әуезов және абайтану. С.Мұқановтың абайтанудағы зерттеулері. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілін, жаңа түрін зерттеуі. З.Ахметов – абайтанушы. З.Қабдоловтың Абай ақындығын зерттеуі. С.Қирабаев, Т.Кәкішев, М.Мырзахметов, А.Нұрқатов, Ш.Ысмағұлов, т.б. ғалымдардың абайтанудағы еңбектері. Академик А.Жұбановтың Абайдың ән өлеңдері жайлы тұжырымдары. Тілші ғалымдар Қ.Өмірәлиев пен Р.Сыздықованың Абайдың тіл кестесін зерттеуі. Абайдың өлең құрылысын өлең теориясы тұрғысынан зерттеуі, жетілдіру. Абайтанудың өзекті мәселелері. Абай шығармаларының жанрын, оның ақындық мәселесімен, Абай ақындығының арғы арналарымен сабақтастықта зерттеу міндеттері,т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет