ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы


Магистрлік диссертацияның негізгі бөлімінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптар



бет14/28
Дата27.11.2023
өлшемі133,47 Kb.
#128850
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Syllabus ПЗӘӘ. МГ-1 ПжП (копия)

Магистрлік диссертацияның негізгі бөлімінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптар:
- жұмыс дайындық бағытына сәйкес келетін нақты міндеттерді шешуге арналуы тиіс;
- жұмыс құрылымы, жалпы жағдайда, зерттелетін мәселенің қазіргі жағдайын суреттеуді, міндеттерді шешудің ықтимал жолдарын қалыптастыру мен талдауды, сонымен катар шешімнің нақты нұсқаларын қамтуы тиіс;
- талдаудың әртүрлерін жүргізу үшін қорытынды есептік кестелер, бастапқы мәліметтерінің көпшілігі жұмыстың негізгі бӛліміне енгізілмейді, олар қосымшаға шығарылады; иллюстрациялық материалдың жалпы көлемі (суреттер, графиктер, кестелер) барлык жұмыс кӛлемінің 30 пайызынан аспауы тиіс.
Магистрлік диссертация отандық және шетелдік ғылым мен тәжірибенің қазіргі заманғы теориялық, әдіснамалық және әдістемелік жетістіктері негізінде орындалуы тиіс. Магистрлік диссертация корытындысында жүргізілген ғылыми зерттеулердің жалпы қорытындысы және диссертация бӛлімдері бойынша қысқаша тұжырымдар жасалады. Пайдаланылған дереккөздер тізімі мен оларға жасалатын сілтемелер талапқа сәйкес ресімделеді.
Қосымшалар магистрлік диссертацияның жалғасы ретінде оның кейінгі беттерінде ресімделеді, магистрлік диссертация мәтініндегі келтірілген сілтемелер тәртібі бойынша орналасады. Әрбір қосымшаны жаңа беттің ортасында «ҚОСЫМША» сөзінен және оның шартты белгісін көрсете отырып бастау керек.
Қосымшаның тақырыбы болуы тиіс, ол мәтінге қатысты симметриялық түрде бас әріппен жаңа жолдан жазылады. Қосымша орыс эліпбиінің бас әрпімен, А әрпінен бастап, белгіленеді. Егер магистрлік диссертацияға қосымша ретінде дербес мәні бар кұжат қолданылса, оны түпнұсқа күйінде қосады. Қосымша беттері диссертацияның калған бөлімдерімен бірге рет-ретімен нӛмірленеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Магистрлік диссертацияның негізгі бӛлімінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптар
2. Магистрлік диссертация корытындысы
Блиц тест:
1. Жоғары педагогикалық нәтиже беретін тәжірибе:
а) алдыңғы қатарлы тәжірибе (озық);
б)инновация;
в) тәжірибе;
г) педагогикалық үдеріс.
2. Оңтайлылық, тұрақтылық, перспективалық ненің критерийі:
а) педагогикалың зерттеулер әдісінің;
б) педагогикалық үдерістің;
в) алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің;
г) бақылаудың.
3. Талдау, мәнін түсіну, оқытушының журнал, газеттерге ұсынылған ӛз тәжірибесінің баяндама түріндегі жиынтығын кӛрсететін педагогикалық тәжірибені зерттеу формасы:
а) педагогика мәселелері бойынша семинар сабақтары;
б) педагогикалық оқулар;
в) педагогикалық кеңестер;
г) ашық сабақтар.
Әдебиет:
1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.

14 Дәріс тақырыбы: Педагогикалык эксперимент міндеттері


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Эксперимент, оның түрлері
2.Эксперимент кезеңдері
Дәріс тезисі:
Эксперимент басқа ғылыми-зерттеу әдістеріне қарағанда жақсы нәтиже береді. Бірақ эксперименттің барысында ғылыми материалдарды толықтырып жинақтау үшін бақылау, әңгіме, құжаттармен танысу сияқты зерттеу әдістері де қолданылады. Сонымен бірге, зерттеу барысында техникалық кұралдар кеңінен колданылғаны жөн.
Соңғы кезде педагогикалық әдебиеттерде математикалық және кибернетикалық зерттеу әдістерін пайдалану мәселелері сөз етіле бастады. Бұл әдістерді колданудың кейбір тәсілдері Ительсонның кітабында көрсетілген. Математикалық және кибернетикалык әдістер техника мен жаратылыстану ғылымдарында кеңінен қолданыла бастады. Осы әдістерге сүйеніп, кибернетиканың, математиканың, математикалық, статистикалық, ықтималдықтар теориясы жетістіктерін педагогикалық зерттеулерде қолдануға болады, бірақ, педагогикалық ғылымда бұл әдістерді қолдану мәселелері өз дәрежесінде шешілген жоқ. Өйткені, педагогикалық кұбылыстардың сапалық өзгерістері мен өзара сандық байланыстарын арнайы өлшеу арқылы анықтау өте күрделі проблемалардың бірі. Мысалы, окушылардың сабақ процесіндегі кабілетін, белсенділігін немесе құлықтық сапасы (патриотизм мен интернационализм, адалдық пен шындык) сияқты педагогикалық құбылыстарды өлшеуге болар ма еді? Әрине, бұл сұраққа бірден болады деп жауап беру мүмкін емес. Себебі, баланың іс әрекеті, мінез- кұлқы, оның әлі де толық танылмағаны психикасына байланысты.
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері тек кана ғылымдардың төл ісі болмайды, барлық мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет. Мұғалім өз жұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізінде меңгеріп, социология және психология ғылымдарының әдістерімен ұштастырып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін жан- жақты зерттей алатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет