ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет2/28
Дата27.11.2023
өлшемі133,47 Kb.
#128850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
9. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
9.1 Дәрістер
1. Дәріс тақырыбы: Ғылыми психологиялық-педагогикалық әдіснама туралы түсінік
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Ғылым дамуының басты шарты
2. Ғылым әдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің – нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы
Дәріс тезисі*
Деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесінің ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелділілігі.
Әдіснамалық білімнің екі күйі: дескриптивтік не прескриптивтік. Әдіснамалық білімдер тобының төрт деңгейлілігі Э.Г. Юдин бойынша.
Философиялық әдіснама.
Жалпы ғылымдық әдіснама.
Нақты ғылым әдіснамасы.
Технологиялық әдіснама.
Әдіснаманың ең жоғары деңгейі танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады.
Екінші – жалпы ғылымдық – әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не кӛпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді.
Үшінші деңгей – нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми пән аймағында қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығын құрайды.
Нақты ғылым әдіснамасы белгілі саладағы ғылыми тануға тән болған проблемаларды, сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (моделдеу) проблемалары.
Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе-нұсқау сипатына ие.
Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі таным процесі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен айқындалады.
Бекіту сұрақтары:
1. Ғылыми жаңалықтың мәні мен маңызы
2. Психологиялық-педагогикалык зерттеулердің әдіснамасы
3. Жаңа педагогикалык білімдерді калыптастыру жолдары.
Блиц тест:
1.Шешім талап ететін күрделі ғылыми немесе тәжірибелік мәселе:
а) проблема;
б) қарама-қайшылық;
в) болжам;
г) мақсат.
2.Берілген жағдайда оқылатын зерттеу нысанының тарабы:
а) ұғым көлемі;
б) мәселе;
в) зерттеу пәні;
г) адамдар тобы немесе жеке тұлға.
Әдебиет:
1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.

2 Дәріс тақырыбы: Ғылыми білім танымдық іс-әрекеттің нәтижесі ретінде


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Ғылым әрекет ретінде
2. Әдіснама – ғылымды тану жолы
3. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері.
Дәріс тезисі*
Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғарғы пішімі, оның практикалық кызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей ӛндірістік күшіне айналды.
Fылымның басты мақсаты – ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған болмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру. Ғылым адамзат қоғамының ерте дәуірінен, адам баласының танымдық және ӛндірістік қажеттілігінің арасы ажырамай тұрған кезеңнен бастау алады.
Ежелгі Шығыста (Бабыл. Мысыр, Үндістан. Қытай) болашақ ғылымға негіз болған білімнің алғашқы нышандары калыптасты. Ғылымның алғышарты ретінде мифологияны атауға болады. Онда алғаш қоршаған орта туралы бүтіндей тұтас, жан-жақты танымдық жүйе қалыптастыруға ұмтылыс болды. Бірақ, бұл нақты теориялық білім болды, оның объективтілігі, логикалық кӛңілге қонымдылығы бірінші орынға шықты.
Ежелгі Грекияда дамыған ғылым (Аристотель жэне т.б.) қоғам мен табиғат зандылықтарын ашып, мәдениет тарихында ұлы рөл атқарды; олар тұтастай алғанда дүниетанымды білдіретін бұрынғы абстрактілік ұғымдар жүйесіне танымдық қызмет тәжірибесін енгізді, дүниетанымның объективті, табиғи зандылыктарын тұрақты іздестіруді дәстүрге айналдырды, ғылымның ерекше тәсілі дәлелдеу негізін қалыптастырды. Осы дәуірде натурфилософиядан білімнің кейбір салалары даралана бастады.
Ежелгі грек ғылымның эллинистік кезеңінде геометрия (Евклид), механика (Архимед), астрономия (Птолемей) жеке ғылым салалары түрінде бӛлініп шықты. Орта ғасырларда ғылымның дамуына Шығыс, араб елдері Орта Азия ғалымдары елеулі үлес қосты. Олар Ежелгі Грекияда қалыптасқан ғылыми таным жетістіктерін сақтап қана қойған жоқ, оны кӛптеген салаларда толықтырып, дамытты. Шығыста әл-Фарабиді Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" деп таныды. Орта ғасырларда араб елдері мен ислам діні тараған басқа да аймақтарда философия, медицина, эстетика, математика, астрономия, т.б. ғылым салалары қауырт дамып, бұл құбылыс кейін Ислам Ренессансы деп аталды.
Ғылымның калыптасуына негіз болған тағы бір тірек алхимия мен астрология дамуы болды. Алхимия табиғи заттар мен қоспаларды тәжірибе жасау арқылы зерттеп, химияның қалыптасуының алғышартын жасады.
Астрология аспан денелерін зерттеу арқылы астрономияның дамуына ықпал етті. Қайта ӛрлеу дәуірінде діннің басымдылығы әлсіреді, ғылым рухани ӛмірдің дербес факторы болып, дүниетанымның негізгі тірегіне айналды. Сондай-ақ, ғылым табиғат кұбылыстарын жан-жақты зерттеп, адамзат танымының көкжиегін кеңейте түсті.
16-17 ғасырларда ғылымда болған терең ӛзгерістер алғашқы ғылыми революцияға алып келді. Ғылымның каркынды дамуы, дүниенің жаңа бейнесін қалыптастырудағы ролінің артуы, жаңа дәуірде ғылымды жоғары мәдени құндылық ретінде тануға көптеген философиялық мектептер мен бағыттардың ғылымға қарап бой түзуіне ықпал етті.
Қоғамдық өмір кұбылыстарын тану саласындағы өзгерістер діннің "табиғи бастауын" іздеу, кұкык, мораль, т.б. "адам табиғаты" туралы түсініктер бағытындағы ізденістерден көрініс тапты. Механикадағы жетістіктер ғылымның аяғында жүйеленіп, толығып, әлемнің механикалы бейнесі туралы түсінік калыптастыруда шешуші рӛл атқарып, кейін әмбебап дүниетанымдық маңызға ие болды. Fылымның дамуына қазіргі кезендегі философиялық дүниетанымдық базасы диалекті-логикалық тұжырымдама болып табылады.
Ғылымның "өсу нүктесі" оның ішкі даму логикасы мен казіргі заманғы адамзат коғамының көпқырлы әлеуметтік қажеттілігінің ұштасуына байланысты. 20 ғасырдың басында жаратылыстану ғылымында алдыңғы катарға биология шықты, онда ДНК-ның молекулалық кұрылымы белгіленіп, генетикалық кодтары айқындалды. 20 ғ-да ғылымның даму карқыны оның түрлі салаларының ұштасып, қазіргі кезеңнің кешенді, ірі мәселелерін жаңа бағдарда шешуге бағытталған мәселелерде (материалдар мен энергияның жаңа кӛздерін калыптастыру, адам мен табиғат қатынастарын тиімділендірудің үлкен жүйелерді басқару, ғарыштык зерттеулер. т.б.) ерекше байқалады.
Ғылымның өз зандарын ашуға бағытталған кызметі – түсіндіру мен болжау болып табылады. Занды ашу жолындагы ізденіс зерттелу үстіндегі нысанның маңызды емес, екінші қатардағы қасиеті мен байланысынан алшақтауды, оған назар аудармаудан талап етеді, басқаша айтқанда оны "таза" күйінде қарастыру кажет. Ғылымдағы абстрактілеуді субъективті тәсіл деп ұғуға болмайды. Оның ғылымдағы рӛлі зерттелудегі акикатқа кол жеткізуге жәрдемдесуімен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет