Педагогикалык эксперимент міндеттері: 1) жобаланған педагогикалық кұбылыс және оның іске асуында көрініс беретін себеп- салдарлы байланыстар мәнін зерттеу:
2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы:
3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нәтижесін өлшеу.
Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: - теориялық ( проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын және денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- әдістемелік (зерттеу әдістемесі мен оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нәтижелерді өңдеу әдістерін нақтылау);
- эксперимент жұмысы - бірнеше тәжірибелік зерттеу әрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тәжірибені басқару және зерттеушілердің жауап әрекеттерін бағалау);
- талдау-сандық және сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Эксперимент түрлері: 1. Табиғи ( калыпты оқу-тәрбие процесі жағдайында) және зертханалыққандай да әдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу ( экспериментке алынган балалар тобы ӛз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалык құбылыс мазмұны, мақсаты және т.б. орай ұзаққа созылған не кысқа мерзімді болуы мүмкін.
2. Егер эксперимент педагогикалык процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констртирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына кажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эсперимент - қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі.
Эксперименттік әдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен әдептілігі, кӛрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.
Бекіту сұрақтары: 1. Эксперимент түрлері:
2. Табиғи эксперимент
Блиц тест: 1. Пікірталас, дискуссиялар-педагогикалық тәжірибені зерттеу формасы ретінде мыналардың қайсысын алға қояды?
а) педагогикалық тәжірибенің теориялық талдауын;
б) белгілі бір мәселе бойынша пікір алмасуда;
в) дидактикалық материалдар жасаудңір
г) эмпириялық тәжірибенің теориялық талдауы.
2. Конференция - педагогикалық зерттеудің формасы, алға қоятын мақсаты:
а) тәжірибелік тәжірибені кешенді зерттеу;
б) белгілі бір ғылыми тақыръгаден шығу;
в) ашық сабақтарды талдау;
г) ғылыми проблемакы ӛзінен оқу.
3. Педагогикалық оқу, экспедициялар, конференциялар, дӛңгелек үстелдер, өз бетімен білім алу:
а) озық педагогикалық тәжірибені оқу формасы;
б) алғашқы ақпаратты жинау әдісі;
в) педагогикалық үдерісті ұйымдастыру құралдары;
г) педагогикалық мәліметтер жинақтау.
Әдебиет: 1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.
№15 Дәріс тақырыбы: Теориялық және тарихи ғылыми педагогикалық зерттеулердің әдістері
Сағат саны: 1 Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары: 1. Ғылыми танымның екінші деңгейі.
2. Теориялық деңгей әдістері
3. Талдау мен синтез.
Дәріс тезисі: Ғылыми танымның екінші деңгейі-теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.