Зерттеу пәні – бастауышта математиканы оқытуда жалпылау пәнаралық байланыстарды пайдалану әдістемесі.
Пәнаралық байланысты қолдануға қатысты маңызды теоретикалық - әдістемелік ережеге, бізге таныс мына төмендегі мәселелерде іске аса алатын барлық пәндерді оқыту жатады.
а) оқшылардың ой - өрісін кеңейту, олардың білім алуға және оны пайдалануға деген құштарлығы мен ынтасын арттыруды қалыптастыру;
ә) балаларды белсенді шығармашылық қызметке тартуға мүмкіндік беретін, біліктілік пен дағдыларға үйрету;
б) шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- математика сабағы пәнаралық
байланыстар құруға ыңғайсыздау, бірақ зейінді, ізденгіш мұғалім, бұл жерде де пәнаралық байланыстардың принципін іске асыру мүмкіндігін табылды.
Айта кету керек, бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланыстарды іске асырудағы өз тәжірибелерін талдап, қорытпаса, терең зерттемесе, бұл жұмыс толыспайды.
Жұмыстың мақсаты мыналардан тұрады:
1. Пәнаралық байланысты математиканың бастауыш курсының теориясында және практикасында іске асыру мәселесінің жасалуын анализдеу;
2. Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды енгізудің негізгі бағыттарын көрсету
- бастауыш сынып мұғалімдеріне математика сабақтарында пәнаралық байланысты пайдаланудың аса тиімді формасы мен әдістемелерін табуға көмектесу.
3. Сыныптан тыс шараларды оушылардың көзқарастарын қалыптастыру, оқуға қызығушылығын дағдыландыру, өмірге, қоғамдық-пайдалы еңбекке дайындау мақсатында пайдаланудың тиімділігін көрсету.
4. Жалпы білім беру жүйелерінде бастауыш сыныптардағы математика сабақтарына пәнаралық байланыстарды енгізудің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДЫҢ МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
1. Математика және тіл дамыту
Оқушылардың тілін дамыту – математиканың оқытудың негізгі мәселесінің бірі болып табылады. Осы мәселенің табысты шешілуінен оқушылардың оқу материалды түсіндіру ептіліктерінің қалыптасуымен байланысты, сонымен математикалық қабілеттерінің дамуына әсер етеді, жұмысты бірінші сыныптан бастау керек.
Қазақ тілі және ана тілі сабақтарындағыдай, біз математика сабақтарында ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарын жүргіземіз, сонымен оларға мынадай талаптар қойылады: мазмұндық, куәлілік, анықтылық, дәлдік, логикалық. Осы талаптардың барлығы комплекстік түрде жүзеге асырылады.
Мынандай жаттығуларды ауызша сұрау кезеңінде ұсынылады:
1. Екпіндерін сақтап, сөздерді оқыңдар: километр, миллиметр, есептеу, қосу, шешу т.б.
2. Оқыңдар: 29-дан шегеру, 36-ға қосу, 45-ті қосу.
Егер оқушылар септіктерді дұрыс қолданбаған болса, онда мұғалім оларға көмектесіп, өзі оқып, оқушылардың біреуін оқытатын. Осылай сабақтан сабаққа дейін мұғалім оқушыларды математикалық ұғымдарды, сөз тіркестерін дұрыс оқытуды үйретеді.
3. Бір оқушы 43-12 мысалын былай оқыды: «қырық үш алу он екі». Оқушыларға сұрақ қойылды: «дұрыс па?». Оқушылар мұғалімнің көмегімен қатені тауып, мысалды дұрыс оқыды.
Математикалық терминдердің мәнін түсінікті етіп айтып беруге, дұрыс жазылуын терең меңгеруге және айтылатын ойдың бас-аяғын дұрыс құрай білуге әкеліп түйіндейді. Осы мақсатпен оқытушы төмендегі есептерді ұсынады:
1. Математикалық терминдердің маңызын түсіндіру жаттығулары (терминдер класының бағдарламасынан алынады).
2. Терминдерді дұрыс жазуға арналған жаттығулар
Мысалы: «Қосылғыштардың қосындысы өзгермейді». Барлық жаңа математикалық терминдерді балалар дәптерлеріне немесе «талқылау сөздіктеріне» жазып алатын. Сонымен, оның ана тілі мен қазақ тілі сабақтарының сөздері жазылып, сөздердің түсіндірмелері көрсетілетін.
Үшінші түрдегі жаттығулар ережелерімен анықтамаларды дұрыс және дәл айтуды меңгеруге бағытталған.
Математикалық тіл мәдениетінің қалыптасуы грамматикалық және математикалық қателерді жоюға, тілдің кедейлігі мен нақты еместігін артық сөздерді қолданбауға, сөйлеудегі сөздерді дұрыс жүйеде пайдалануға және т.с.с. жоюға әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |