Пәндерінің барлық мамандықтарға арналған дәрістер жинағы Алматы, 2022ж. Модуль- 3



бет49/84
Дата05.12.2022
өлшемі460 Kb.
#54829
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84
Бақылау сұрақтары:



  1. Еңбек іс-әрекетінің мотивациясын қалай түсінесіз?

2. Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясын талдаңыз
3. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар, кәсіби маманның сенімдері мен бағдарларын түсіндіріңіз.
4. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізін анықтаңыз.
5 «Әлеуметтік әлемдегі Менді» сипаттаңыз.

  1. Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу жасаңыз

  2. «Мотивация және iс-әрекет» дегенді қалай түсінесіз?

  3. Мотивация және жеке адам – талдау жасаңыз.



Дәріс 3. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Жоспар:
1.1. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі, оны түсіну және эмпатияға қабілеттілік
1.2. Эмоцияның формалары мен негiзгi түрлерi және Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттері
1.3. Эмоционалдық интеллект анықтамасы және тұлғаның даралық сипаттамасы ретінде
1. Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты.
Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.
Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы және т.б. жатқызамыз.
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады:эмоция пәнi,эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттары: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мәнi қәзiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда қажеттiлiктермен белгiленедi. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiнқанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мәнсiз болуы мүмкiн.
Әсiресе қуаныш эмоциясы осы жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. Бiздiң бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi. Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш әкеледi.
Жағымды эмоциялар адам өмiр жолын таңдау барысында өмiрлiк бағдар бередi. Жағымсыз эмоциялар керiсiнше ояту функцияларын орындайды.
Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етедi, себебi эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйенi құрайды. Сондықтан да эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көптi өзгерiстерiмен бiрге жүредi. Физиологиялық фукнцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкiндiктерi өте көп.
Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестерiне де дәл осылай әсер етедi. Эмоциялардың әсерiмен олардың мүмкiндiктерi мен фукнциялық сипаттамалары қатты өзгерiске үшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды). Мысалы, адам қатты стрестiң әсерiнен ойлауы, есте сақтауы, зейiнiн тұрақтандыруы, нашарлауы, өзi әрекеттерiн саналы бақылауының төмендеуi мүмкiн. Эмоциялық механизмдердiң негiзiнде творчествалық ойлау мен қиял жұмыс iстейдi. Эмоциялық күйде болмаған оқиғалар бейтарапқа қарағанда жақсырақ есте сақталады.
Эмоцияның бұл функциялық ерекшелiктерiнiң практикалық мәнi маңызды.
Эмоциялар iшкi психикалық процестер болып табылады. Бiрақта олар сырттай жақсы көрiнедi: мимикадан, көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан және сөйлеудiң басқа да ерекшелiктерiнен. Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйiн түсiнуге және олармен нәтижелi қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк бередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет