Пәні: Қазақ әдеби тілінің тарихы Тақырыбы



бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі21,76 Kb.
#130968
  1   2   3
Байланысты:
әдеби тіл сөж

    Бұл бет үшін навигация:
  • Пәні

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология факультеті
СӨЖ


Пәні: Қазақ әдеби тілінің тарихы
Тақырыбы: «Шешендік-дидактикалық толғауларда кездесетін ойды білдірудің аналогиялық тәсілі». Махамбет пен Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет жыраулардың тілінде кездесетін ұқсастықтар (әдеби штамптарды қалай пайдаланғанын нақты мысалдар арқылы талдау)»

Орындаған: Есерқан Данияр.


Тексерген: Анесова У.Г.

Алматы, 2023 ж



«Жыраулардың сөзі мақсатсыз айтылмайды. Не айтса да, көптің мұңы,
көптің жайы туралы айтылады»
М.Әуезов
Жыраулар поэзиясында ХV – ХVІІІ ғасырдағы елдің басынан өткерген тарихи оқиғалары, халықтың арман-мұраты, бастан кешкен ауыртпалықтары жырланумен қатар елдің саяси-әлеуметтік тіршілігі, дүниетанымы көркем де бейнелі тілмен берілген. Жыраулар
поэзиясы философиялық терең ойға құрылып, өсиетнама түрінде келеді.
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған ел, оған деген
сүйіспеншілік, елдің бірлігі, бүтіндігімен бірге адамгершілік, этика,
мораль мәселелері де кең орын алған. Жыраулар поэзиясында синтаксистік, психологиялық параллелизм, дыбыстық үндесулер, арнау түріндегі
сөздер көп қолданылған.

ХV ғасырда өмір сүрген, өз заманының асқан


ақылгөйі Асанқайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы Еділ бойында дүниеге келген. Тарихи аңыздарда Асанның әкесі Сәбит саятшы болған деген дерек бар. Асан атына қайғы сөзінің қосылуы оның желмаяға мініп, еліне шұрайлы, жайлы қоныс, шүйгін жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоры болуымен
байланысты болса керек. Ол туралы жыраудың Жәнібек ханға айтқан:


Желмая мініп жер шалсам, Тапқан жерге ел көшір,
деген сөзінен көруге болады.

Асанқайғы «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің» деген толғауында халық қамын ойламай, «қымыз ішіп, қызарып, өзінің бақ-дәрежесіне


масаттанып» жүрген Жәнібек ханның мақтаншақ, парықсыз мінезін батыл әшкерелейді. Жырау «Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа», – деп елді бірлікке, ынтымаққа шақыра отырып:


Ашу – дұшпан, артынан Түсіп кетсең қайтесің Түбі терең қуысқа, –
деген жолдар арқылы теріс мінезден сақтандырады.
Асанқайғының «Қырында киік жайлаған», «Таза мінсіз асыл тас», «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», «Бұл заманда не ғаріп?», «Еділ бол да, Жайық бол», «Көлде жүрген қоңыр қаз» толғаулары ғибратқа, өсиетке,
өнегеге құрылған.

Кейінгі ұрпақ әулие тұтып, аңыз кейіпкеріне айналдырған Асанды Шоқан Уәлиханов «көшпенділер философы» деп атаған.


Асанқайғы туралы академик-жазушы М. Әуезов: «Бұл дәуірдегі әлеумет тіршілігінің ең шешуші мәселесін әдебиет жүзіне түсіріп, алғаш рет қалың ел қамын ойлап, күңіренген қария – Асан» – деп аса жоғары бағалаған.


Жырау толғауларында дыбыс үндестігі көп кездеседі. Мысалы,




Елбең-елбең жүгірген, Ебелек отқа семірген, Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген,
деген шумақ тұтастай «Е» дыбысынан басталған ассонансқа құрылған. Қазақ әдебиетіндегі жыраулар поэзиясының төлбасыларының бірі
Қазтуған жырау Сүйінішұлы шамамен ХV ғасырдың 20-30 жылдарында
Еділ бойында дүниеге келген. Қазтуған Сүйінішұлы – ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі лирик ақын. Өзін «айдаса қойдың көсемі», «сөйлесе қызыл тілдің шешені» деп таныстырған Қазтуған
жырау тайпалар көсемі, отты би, әскербасы, орақ тілді шешен, арқалы
ақын болған. Қазтуған толғауларының негізгі тақырыбы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері. «Салп-салпыншақ анау үш өзен» толғауында жырау туған жеріндегі Еділ, Жайық, Ойыл өзендерін тебірене жырлайды. «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауында жырау:




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет