Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 4 (төртінші) Тақырыбы



жүктеу 36.71 Kb.

Дата15.03.2017
өлшемі36.71 Kb.

Пәні:  Қазақ тілі 

Сыныбы: 4 (төртінші) 

Тақырыбы: Сын-қимыл үстеуі 

Мұғалімі: Жантлеуова Айлаззат Амангелдіқызы 

Санаты: доқ 

Еңбек өтілі: 3жыл 9 ай. 

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: 

а) Ақпараттық: оқушылардың үстеу туралы білімдерін толықтыру, сын-қимыл үстеуі туралы 

түсінік қалыптастыру, білімдерін тереңдету. 



ә) Коммуникативтік: ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу, шапшаңдыққа, ойын ашық айта 

білуге, жеткізе білуге дағдыландыру. 



б)Проблеманы шешу: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлығын дамыту, өз бетімен жұмыс 

жасау қабілетін арттыру  



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ 

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, көрнекілік,топтық, деңгейлік,өздік, бекіту. 

Көрнекілігі: қосымша оқулық, сюжетті суреттер, топшамалар (деңгейлік тапсырмалар) . 

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану. 

                   Қолданылатын әдебиет: Дайындауыш қазақ тілі 55 сабақ, қызықты грамматика.  

Күтілетін нәтиже: теориялық білімдерін толықтыру, яғни үстеу туралы білімдері кеңейеді. 

Шығармашылыққа жұмыстанады, ойлау қабілеттері дамиды. 

 

 

Барысы: 

                        І. Ұйымдастыру бөлімі                             

 

Психологиялық көңіл-күй. 

Бақыт бар менде

Бақыт бар сенде,  

Бақыт бар барлық жерде                                                          . 

Тыныштық бар менде, 

Тыныштық бар сенде, 

Тыныштық болсын барлық жерде. 

Бейбітшілік бар менде, 

Бейбітшілік бар сенде, 

Бейбітшілік бар болсын барлық елде. 



 

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. 



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 

4-жаттығу.  153бет 



Қызығушылығын ояту. 

Қимыл жұмбақ 

 

Шарты:Оқушыларға мұғалім қимыл арқылы жұмбақ жасырады. Ол ненің қимылы екенін және 

не екенін табу керек. 



Мысалы: жай жылжиды, қауіп төнген кезде, қорғаныс қамын жасай алады.          (тасбақа) 

 

Жан –жағына сақтықпен қарап, тез жүгіреді өте секемшіл, қорқақ. 



(қоян) 

-Қимылды не үшін жасаймыз? 

-Қимылдың қандай пайдасы бар? 

Қандай пәндермен байланыстыра аламыз? 

Неліктен? 

(Оқушы ойын тыңдау,денсаулыққа қатынасын айыру) 

Күтілетін нәтиже: сабаққа деген   қызығушылықтары оянады, сабақ тақырыбын 

түсінеді. 

 

-

 



Ендеше, балалар, бүгінгі болатын сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? 

-

 



Әрине, сын-қимыл үстеуі 

-

 



Үстеу дегеніміз не? 

-

 



Қандай түрлерін білеміз? 

 

 



 

 

 



1-жаттығу  

Кестемен жұмыс 

Үстеу 


сұрағы 

байланысы 

мағынасы 

жасалуы 


ақырын 

қалай? 


күрделі етістік 

жай, баяу 

сын есім 

тез-тез 


қалай? 

дара етістік 

шапшаң, 

жылдам 


қайталама қос 

сөз 


зорға 

қалай? 


дара етістік 

әрең 


Сын есімге 

барыс септігінің 

–ға жалғауы 

арқылы 


бостан-босқа 

қалай? 


дара етістік 

текке 


қайталама қос 

сөз 


Күтілетін нәтиже: үстеудің басқа сөз таптарымен байланысын анықтауды, мағынасын ажырата 

білу дағдылары қалыптасады. 



Ережені меңгерту    

а) теориялық білім беру. 



   Іс-әрекетің амалын, тәсілін бейнесін білдіретін үстеуді сын-қимыл үстеуі  дейі. Ол қалай?  деген 

сұраққа жауап  береді. Мысалы: ақырын жүрді,  әрең көрінді, балаша күлді. 

ә) практикалық біліммен ұштастыру  (бір оқушыны тақтаға шығарып, түрлі қимылдар жасату 

арқылы және көрнекіліктермен түсіндіру).       

 

2-жаттығу.Топпен жұмыс 



1-топ.а) қалай? деген сұраққа жауап беретін үстеулердің астын сызу. 

Үлгі: а)Ұлжан Кенжетайды көтере бергенде етпетінен (қалай?)түсті.  Төр алдында Сапар 

шалқасынан (қалай?) түсіп ұйықап  жатыр. 

Үстеу 


Мезгіл үстеу 

Қашан? 


Мекен үстеу 

Қайда? 


Сын-қимыл  

үстеу 


.............. 

 

......... 



 

Ол жай (қалай?) жүрсе, жұрт та жай  (қалай?) жүреді.  Кім де болса шапшаң   (қалай?) жүріп 

келе жатыр.  

Су ақырын (қалай?) ғана жылжып, қырқадан сайға ағады.Осы күннің тез (қалай?) өткенін 

сезбей қалыппын. 

 

2-топ.ә) қарама-қарсы мағынадағы  үстеулерді табу. 

ә) етпетінен-шалқасынан, жай-шапшаң,  ақырын – шапшаң 

 

3-жаттығу 



Өздік жұмыс 

Шарты:көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, көшіріп жазу.а) жазбаша орындау. 

1.

 



......................... орнымнан тұрып, далаға  шықтым.  2.Өсімдік жапырағындағы шық ..........  

жылтырайды. 3.Шаршаған адамдар ............. жылжып келеді. 4. Қайырбек берілген 

тапсырманы ............ орындады.  

Керекті сөздер: тасбақаша, жалма – жан, күмістей, тез. 

ә) ауызша орындау. 

1) сын-қимыл  үстеуі(қалай?) 

2)үстеу мен етістіктің байланысын сызба арқылы көрсету 

 

Сергіту сәті: 



Оңға, оңға түзу тұр. 

Солға, солға түзу тұр. 

Алға қарай бір адым, 

Артқа қарай бір адым, 

Жоғары-төмен қарайық, 

Үстеулерді атайық. 



«Менің бағытым» ойыны. 

оқта                                                жөнекей 

сөзбе                                               бері 

жол                                                 текте 

бүгін                                               сөз 

ары                                                 ертең 

ә) ауызша талдау 

 

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс 



Мақсаты: деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін 

арттыру, сабаққа деген қызығушылығын ояту. 



Тиімділігі: әр оқушы өз бетінше жұмыстана алады, оқушы деңгейін ажырата аласың және 

осы арқылы әр оқушыға бағыт-бағдар бере аласың, тақырыпты толық ашуға мүмкіндік 

аласың, 

1-деңгей 

Марал сабақты  ..................... оқиды.  Менің атам ......... сөйлейді. Киік өте әдемі, әрі 

......................  – жануар. Балалар көлде қайықпен .......... жүзіп жүр.  

Керекті сөздер: асықпай, көп, жүйрік, баяу. 

Күтілетін нәтиже: оқушы керекті сөзді тауып қояды, білім-білік дағдысы қалыптасады. 

 

2-деңгей:  



Шарты:Қарама-қарсы үстеулерді  жазу 

Ілгері-........................(кейін-қалай?, сын-қимыл үстеу) 

Дереу-....................... (сосын-қашан?, мезгіл үстеу) 

Ерте- ........................(кеш-қашан?, мезгіл үстеу) 

Осында-....................... (анда-қайда?, мекен үстеу) 


Алысырақ-.......................(жақынырақ- қалай?, сын-қимыл үстеу) 

Артта-...............................(алда-қайда?, мекен үстеу) 



Күтілетін нәтиже:өз бетімен ойланып, жұмыстанады. Үстеу түрлерін, ерекшеліктерін 

ажырату дағдысы қалыптасады. 

 

3- деңгей:  

Шарты:Берілген сұрақтарға жауап беретін үстеулерді тауып,  бөліп жазу. 

 

қашан? 



қайда? 

қалай? 

ежелде 


әріде 

шикілей 


былтыр 

артта 


қазақша 

күндіз 


сонда 

бекерге 


таңертең 

беріде 


амалсыздан 

қазір 


 

 

 



 

 

Күтілетін нәтиже: шығармашылық ,ойлау қабілеті дамиды, шарықтайды. Үстеу туралы 

білімдері толығады, бекиді. 

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған «Ине-жіп» ойынын ұйымдастыру. 

Қорытындылау: Үстеу түрлерін атау. 

                               Үстеулерге мысал келтіру. 



Рефлексия:  

Бүгінгі сабақтан алған әсерім ерекше 

Сабақтан көп нәрсе алдым, түсіндім, өмірде де қолдануға тырысамын. 

Менің сұрағым да көп, түсінбегенім де көп..? 

Мен шаршадым 

 

Бағалау. 



Үйге тапсырма беру : 1)5-жаттығу.  155 бет. 

                                     2) ереже жаттау 



 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал