Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Бақылау шараларының кестесін



бет11/11
Дата15.11.2023
өлшемі191 Kb.
#122748
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Бақылау шараларының кестесін, жүріс тұрыс ережелерін кез келген түрде бұзушылықтар мен сабаққа кешігіп келу жағдайлары орын алса, студенттер жауапкершілікке тартылады.
Оқу үрдісіне қатысу дегеніміз барлық сабақтарға қатысу, сабақтарда талданып жатқан оқу сұрақтарына (дәріс, тәжірибелік және ОСӨЖ сабақтары) белсенді түрде қатысу және әрдайым дайын болу дегенді білдіреді.
Сіздің тәжірибелік сабақтарға дайындығыңыз сұрақ қою, орындалған үй жұмысын орындау және топтың жұмысына қатысу арқылы тексеріледі. Егер де Сіз сабаққа дайын болмасаңыз, онда Сіз 0 балл аласыз. Сабақ өтіп кеткен соң оған дайындалу бағалануға жатпайды.
СӨЖ мерзімінде орындамау (сабаққа дайындалудан басқа) балдарды төмендетуге әкеліп соғады:

  • аптаға кешігу жағдайында 1/3 баллға;

  • аптадан артық кешіккен жағдайда 2 есеге.

Тәртіпті бұзу және сабаққа кешігіп келу балдардың жалпы суммасын 2 балға төмендетуге әкеліп соғады. Сабақтан шығарып жіберу үшін сіз 3 баллдан айырыласыз.
Әр семестрде пәннің өткен тақырыптары бойынша жазбаша бақылау жұмысы түріндегі екі межелік бақылау қарастырылған.
Егер де сіз сабақты немесе бақылау шарасын дәлелді себептермен босатсаңыз, онда оқытушы белгілеген жеке уақытта тапсыруға мүмкіндік беріледі.
Пән бойынша межелік бақылауға АҮ баллдары бар студенттер жіберіледі.
АҮ және МБ қорытындылары бойынша келесідей формуламен есептелетін, студенттің пән бойынша рейтинг анықталады:
М1(2) = АҮ1(2) * 0,7 + МБ1(2) * 0,3
Егер де студент МБ өтпесе немесе МБ бойынша 50 ден кем балл алса, онда рейтинг анықталмайды. Мұндай жағдайда декан МБ жеке тапсыру мерзімдерін бекітеді.
Жіберу рейтингінің бағасы семестр үшін ЖМ = (М1+М2)/2.
Оқу материалын зерделеу емтихан тапсырумен аяқталады. Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингін жинақтаған (50баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.
Емтихан жазбаша тұрде екі кезеңде өткізіледі 1) тестілік тапсырмаларды орындау (30 тапсырма); 2) билеттер бойынша. Емтихан билеттері екі теориялық сұрақтан және бір ситуациялық есептен тұрады. Емтихандарда немесе тәжірибелік сабақтарда жазбаша жұмыстарды орындау кезінде көшіру аудиториядан шығарумен және пән бойынша ағымдағы баллдардың (АҮ) жалпы суммасынан «10» баллдың алып тасталуымен жазаланады.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушыда рейтинг бойынша, сондай ақ, қорытынды бақылау бойынша да оң баға болған жағдайда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелді себептерсіз келмеу «қанағаттанарлықсыз» бағаға теңдестіріледі.
Қорытынды бақылау бойынша оң бағаны оны жоғарылату мақсатымен қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.
Егер де сіз емтихан бойынша қанағаттанарлықсыз (50баллдан кем) баға алсаңыз, онда сіздің қорытынды рейтингіңіз анықталмайды, ал, емтихандық тізімдемеге «қанағаттанарлықсыз» бағасы енгізіледі.
Академиялық қарызының болуы жағдайында студенттер пәнді ақылы негізде қайта оқиды.
Сәттілік тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет