Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



бет3/11
Дата15.11.2023
өлшемі191 Kb.
#122748
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
5 Пәннің мақсаты: Студенттерді сақтандыру құқығының басты мәселелерімен таныстыру, оларды сақтандыру құқығы бойынша нормативтік-құқықтық материалдардың ақпараттық ағымында дағдылануды үйрету.
Пәннің міндеттері: Студент сақтандыру құқығын оқу барысында сақтандыру заңнамасымен жұмыс істеу біліктігіне ие болу қажет, тәжірибеде сақтандыру құқығы теориясының негіздерін қолданып және білуі қажет.


6 Пререквизиттер
Берілген пәнді меңгеру үшін келесі пәндер бойынша алынған білім, біліктілік және тәжірибе қажет:
- мемлекет және құқық теориясы;
- Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы;
- Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы;
- Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы.


7 Постреквизиттер
Пәндер бойынша алынған білім, біліктілік және тәжірибе келесі пәндерді оқуға қажет:
- Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы;
- Қазақстан Республикасының банк құқығы;
- Қазақстан Республикасының еңбек құқығы және т.б.


8 Тақырыптық жоспар



Тақырыптыңаталуы

Сабақтардың түрлері бойынша
сағаттар саны

дәріс

тәж.

СӨЖ

1

Сақтандыру түсінігі




1

8

2

Сақтандыру құқығының түсінігі және пәні

1




8

3

Сақтандыру құқығы нормалары және сақтандыру құқықтық қатынастары

1




8

4

Сақтандыру нысандары, салалары, класстары және түрлері

1

1

8

5

Сақтандыру қатынастарының қатысушылары

1




8

6

Сақтандырудың күрделі нысандары

1

1

8

7

Сақтандыру шартының түсінігі және оның мазмұны

1




8

8

Сақтандыру шарты тараптарының міндеттері

1




8

9

Сақтандыру шартын орындаудағы есептесулер

1




8

10

Сақтандыру шартының жарамсыз болуы және тоқтатылуы.

1

1

8

11

Міндетті сақтандыруды құқықтық реттеу

1




8

12

Сақтанушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.

1




8

13

Сақтандыру қызметін қадағалау бойынша уәкілетті органның құқықтық мәртебесі




1

7

14

Сақтандыру қызметін лицензиялау

1




7

15

Сақтандыру заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік




1

7

ВСЕГО

12

6

117

135

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
10 Курс компоненттері
10.1 Дәріс сабақтарының тізімі және мазмұны
1-тақырып. Сақтандыру түсінігі
Сақтандырудың пайда болуы және дамуы.Сақтандыру және сақтандыру қызметінің түсінігі. Сақтандыру ісінде қолданылатын негізгі түсініктер. Сақтандыру сыйлықақылар, сақтандыру сомасы, сақтандыру төлемі, сақтандыру жағдайы, сақтанушы, сақтандырушы, сақтандырылған адам, пайда алушы. Сақтандыру функциясы. Тәуекелді, ескертулі, қалпына келтірілетін, жинақтаушы-сақтаушы, бақылаушы. Әлеуметтік сақтандыру және сақтандыру кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде. Сақтандыруды ұйымдастырудың тарихи нысандары. Сақтандыру мен қаржының ара қатынасы. Нарықтық экономика жағдайындағы сақтандыру.
2-тақырып. Сақтандыру құқығының түсінігі және пәні
Сақтандыру құқығының пәні. Сақтандыру қатынастарының белгілері және олардың өзге де ақша қатынастары түрлерінен ерекшелігі. Сақтандыру қатынастарының түрлері. Сақтандыру ісін ұйымдастыру бойынша қатынастар және материалды сақтандыру қатынастары. Сақтандыру құқығының түсінігі. Сақтандыру құқығының құқық жүйесінде алатын орны. Сақтандыру құқығының қаржы және азаматтық құқықпен байланысы. Сақтандыру құқығын анықтау бағыттары. Сақтандыру қатынастарын құқықтық реттеу әдістері. Құқықтық реттеудің императивтік (бір жақты - биліктік) және диспозитивтік (келісімді) әдістері. Сақтандыру құқығының жүйесі және қайнар көздері.
3-тақырып. Сақтандыру құқығы нормалары және сақтандыру құқықтық қатынастары
Сақтандыру құқығы нормалары және олардың түрлері. Сақтандыру құқығы нормаларының құрылымы. Сақтандыру құқықтық қатынастары, түсінігі, белгілері және түрлері. Сақтандыру құқықтық қатынастарының субъектілері. Сақтандыру құқықтық қатынастарының субъектілерінің өз құқықтарын қорғау тәсілдері. Сот және әкімшілік тәртіпте құқықтарды қорғаудың жалпы сипаттамасы. Сақтандыру қатынастарының пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылу негіздері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет