4-тақырып. Сақтандырунысандары, салалары, класстары және түрлері Сақтандыруды саралау (классификация) түсінігі. Сақтандыру салалары. Өмірді сақтандыру және жалпы сақтандыру. Сақтандыру түрлері және класстары. Сақтандыру нысандары. Жинақтаушы және жинақтаушы емес сақтандыру. Міндетті сақтандыру және оның белгілері. Ерікті сақтандыру және оның белгілері.Жеке және мүліктік сақтандырудың жалпы сипаттамасы.
5-тақырып. Сақтандыру қатынастарының қатысушылары Сақтандыру ұйымдарын құру, тіркеу, қайта ұйымдастыру және жою ерекшеліктері, құқықтық жағдайы. Қайта сақтандыру ұйымының құқықтық жағдайы.Сақтандырушының, сақтанушының, пайда алушының құқықтық жағдайы.Сақтандыру агенттері және сақтандыру брокерлері. Олардың құқықтық мәртебесі және сақтандыру процессіндегі орны. Сақтандыру агенттері және сақтандыру брокерлері арасындағы айырмашылықтар. Сақтандырушылардың бірлестіктері, олардың мақсаттары, түрлері және құқықтық-ұйымдастырушылық нысандары.Сақтандырушы және қайта сақтандырушы пулдар.Актуарияның, құзыретті аудитордың, сюрвейердің құқықтық жағдайы. Өзара сақтандыру қоғамы. Жеке тұлғалардың екінші деңгейдегі банктерге салған үлестеріне ұжымдық кепілдік беруші Қазақстандық фондтар.
6-тақырып. Сақтандырудың күрделі нысандары Қайта сақтандыру түсінігі, қайта сақтандыру шарттарының түрлері. Қайта сақтандырудың сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі орны. Облигаторлық және факультативтік қайта сақтандыру. Пропорционалды және пропорционалды емес қайта сақтандыру.
7-тақырып. Сақтандыру шартының түсінігі және оның мазмұны Сақтандыру шартының түсінігі және оның құқықтық сипаттамасы. Сақтандыру шартының тараптары және олардың жалпы құқықтары мен міндеттері. Сақтандыру шартындағы үшінші тұлғалар. Сақтандыру шартының жағдайлары. Елеулі және елеулі емес жағдайлар. Сақтандыру шартының нысаны. Сақтандырудың жазбаша нысандарының көптүрлігі. Сақтандыру шартының уақыттағы және кеңістіктегі әрекеті. Шарттың заңды күшке ену кезеңі. Сақтандыру шартына отыру тәртібі.