Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


-тақырып. Сақтандыру шарты тараптарының міндеттері



бет5/11
Дата15.11.2023
өлшемі191 Kb.
#122748
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-тақырып. Сақтандыру шарты тараптарының міндеттері
Сақтанушының шартқа отыру және оны орындау барысындағы міндеттері. Сақтанушының өзге де міндеттері. Сақтандырушының шартқа отыру және оны орындау барысындағы міндеттері. Сақтандырушының өзге де міндеттері. Сақтандыру шартындағы сақтандырушыны, сақтанушыны,пайда алушыны ауыстыру.
9-тақырып. Сақтандыру шартын орындаудағы есептесулер
Сақтандыру сыйлықақылар, олардың мөлшерін анықтау тәртібі. Сақтандыру сыйлықақыларын төлеу нысандары. Сақтандыру тарифі сақтандыру сыйлықақылардың бір түрі ретінде.Шартпен көзделген мерзімде сақтандыру сыйлықақыларын төлемеу салдары. Сақтандыру сомасы, оның түсінігі және сақтандырудағы орны. Сақтандыру құны түсінігі және оның сақтандыру сомасымен ара қатынасы.Сақтандыру төлемі және оның түсінігі. Сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасымен ара қатынасы. Сақтандырушылық қамтамасыз ету жүйесі.Сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі.Сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту негіздері. Сақтанушының залалдарды өтеу құқықтарының сақтандырушыға ауысуы (суброгация). Сақтанушының уақытылы түрде сақтандыру төлемін төлемегені үшін жауапкершілік.Сақтандырудағы есептесулердің тәсілдері.
10-тақырып. Сақтандыру шартының жарамсыз болуы және тоқтатылуы.
Сақтандыру шартының тоқтатылу негіздері. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі. Сақтандыру шартын жарамсыз деп тану негіздері.
11-тақырып. Міндетті сақтандыруды құқықтық реттеу
Міндетті сақтандыру және оны белгілеу тәртібі. Міндетті сақтандырудың түрлері. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді сақтандыру және көлік иелерінің, аудиторлардың, жеке нотариустардың, тасымалдаушылардың жолаушылардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі.
12-тақырып. Сақтанушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары.
Сақтанушылардың қаржылық тұрақтылығының негіздері. Сақтандыру ұйымдарының төлемқабілеттерін қамтамасыз ету механизмі. Пруденциалды нормативтер. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметін шектеу. Жарғы капиталы, сақтандыру ұйымының жеке капиталы және олардың тағайындалуы. Сақтандыру қорлары сақтанушының сақтандырушының алдындағы өз міндеттемелерін қамтамасыз етудегі негізгі қайнар көзі ретінде.Сақтандыру қорларын орналастыру тәртібі мен қағидалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет