Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені


Есту-тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдері



Pdf көрінісі
бет74/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   162
Есту-тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдері.
Бұғанесту және тепе-теңдік органдары жатады. Есту анализаторларының өткізгіш бөлігі
сезімтел нейрондарынан басталады. Бұл нейрондар, сүйек ұлудың кіндігінен басталған
шиыршықты пластинкада орналасқан. Олардың дендрит қштары дыбыс толқынын
қабылдаса, нейриттері кіреберіс нервісімен бірігіп, кіреберіс –ұлу нервісін түзіп, ішкі есту
тесігінен өтеді. Бұл екеуі мидың V), әкеткіш (VІ),ІІІ-жұп нервісі болып саналады. Есту анализаторларының
орталығы ми сыңарларының самай аймағында жатады. Тепе-теңдік нализаторларының
өткізгіш бөлігіне сезімтал нейрондар жатады. Олар кіреберіс түйіндерінде орналасқан, бұл
нейрондардан шыққан нейриттер кіреберіс нервісін түзіп (ұлу нервісімен қосылып) миға
қарай бағыт алады. Нерв талшықтарының бір тарамы мишықтың құртша бөлігіне, қалғаны
сопақша мидың ромба ойысындағы кіреберіс ядросына барады. Есту және тепе-теңдік
анализаторларының арқасында, адам сыртқы ортадан шыққан дыбыстарды түсініп жасаған
қимылының жағдайын сезеді. 
Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар тілдің кілегей қабықшасындағы
дәм емікшелерінде орналасқан. Сыртқы пішініне қарай жіпше тәрізді, саңырауқұлақ тәрізді,
жапырақша және орлы емізікшелер деп бөлінеді. Дәм емізікшелерінің саны жас балаларда
көбірек болады.
Дәм емізікшелеріне тіл-жұтқыншақ (ІХ), бет (V), әкеткіш (VІ),II) және кезеген (Х) нервтерінің
ұштары (рецепторлары) келіп аяқталады. Осы нерв ұштары арқылы ащы, тәтті, тұзді және
қышқыл дәмдер қабылданады. Қабылданған нерв импульстері сопақша мидың ромба
ойысындағы ядроларда аяқталады. Ал осы ядролардан басталған нейрондар талшықтары
мидың көру төмпегінің сыртқы бөлігіне барады. Осы сыртқы ядродан басталған қосымша
нейрондар арқылы жүретін импульс ми сыңарларының дәм сезу орталығына жетеді. 
Иіс анализаторы. Иіс анализаторының шеткі (перифериялық ) бөлігі болып мұрын
қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс сезімін
қабылдайтын нерв элементтері жатады. Сол себептен, мұрын қуысының жоғарғы бөлігі
ерекше сарғыш келеді. 
Иіс клеткаларының пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың бір ұшы кілегей
қабықшадан басталған, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, нервтерінің құрамына кіреді. Иіс
нервісінің талшықтары тор сүйегі арқылы ми сауытының ішіне еніп. Мидың маңдай
бқлігінің астыңғы иіс жуашығына жетіп аяқталады. Бұл жуашық құрамындағы
клеткалардың нерв талшықтары иіс жолын түзіп, импульстерін иіс бұрышында жатқан
алдыңғы иіс орталығына және теңіз жылқысының қатпарында жатқан екінші иіс орталығына
жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет