Қанның оң жақ қарыншадан шығып, өкпе артериясы капиллярлары мен веналары арқылы
сол жақ құлақшаға дейінгі жүретін жолы өкпелік немесе кіші қанайналым шеңбері деп
аталады.
Үлкен қанайналым шеңбері (немесе дене қанайналым шеңбері)- сол жақ қарынша жиырылып,
қанды адамның ең ірі артериясы- қолқаға (аорта) айдайды. Одан барлық мүшелерді,
жүректің өзін де қанмен қамтамасыз ететін артериялар тармақталады.
Аретиялар әрбір
мүшеде біртіндеп тармақтала отырып, көптеген ұсақ артериялар
мен капиллярлар торын
түзеді. Үлкен қанайналым шеңберінің капиллярларынана дененің барлық ткандеріне оттегі
мен қоректік заттар келеді, ал клеткалардан капиллярларға көмірқышқыл газы өтеді. Бұл
кезде артерия қаны вена қанына айналады. Капиллярлар алдымен ұсақ, одан соң едәуір ірі
күретамырға жиналады. Бас мойын қолдағы қанды-күретамыр, ал дененің барлық қалған
бөліктеріндегі қанды-көктамыр жүрекке жеткізеді. Күретамыр да,
көктамыр да оң жақ
құлақшаға құяды.
Қанның сол жақ қарыншадан шығып, барлық дене мүшелеріндегі артерия, капилляр және
веналар арқылы оң жақ құлақшаға дейінгі жүретін жолы үлкен қанайналым шеңбері деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: