Пәні бойынша ОҚу- әдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет100/162
Дата24.10.2022
өлшемі0,99 Mb.
#45184
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
Қан тамырлардың құрылысы. Қантамырларына үлкенді-кішілі артерия, веналар және өте
майда тамырлар қылтамырлар жатады.
Үлкен қантамырлары: қолқа, өкпелік артерия, вена күретамырлары және өкпелік веналар тек
қанды өткізіп беру қызметін атқарады. Басқа тамырлардың барлығы жүйке жүйесінің
басшылығымен тарылып немесе кеңейіп, қанды реттеп отыратын кіші тамырларға жатады.
Қанатамырлардың ішінде тек қылтамыр арқала ғана қан мен ұлпа арасында зат, газ
алмасады.
Қылтамырлар алуан түрлі және өте көп. Денедегі жалпы қылтамырдың саны- 4 млд, жалпы
ұзындығы 100 мың км, көлемі-6000 кв.м. Қылтамырлар өте енсіз және тұрақсыз болады.
Оның мөлшері орта есеппен-5-13 мкм. Жеке қылтамырлардың ұзындығы-0,3 мм.
Сонымен қылтамырлар деп ұсақ артерияларды ұсақ веналармен байланыстырып тұратын
өте нәзік тамырлар тарамын айтады.
Әрбір капиллярдың жуандығы шаштың жуандығынан бірнеше есе кем болады.
Артерия мен веналар. Жүректен басталатын тамырды артерия деп атадық. Артерия
тамырлары алғашқыда өте үлкен, жуан тамыр болады. Жуан тамырды қолқа деп атайды.
Қолқадан тармақталып, тарамдана түседі. Мұны ағаштың бұтақталуымен салыстыруға
болады. Тамыр бұтақтанған сайын саны көбейтіп, жіңішке тармақтарға бөлінеді.
Қылтамырларға ауысатын өте ұсақ артерияларды қылтамыр алды немесе салақылтамырлар
(артериолалар) және қылтамырдың майда веналарға айналатын қылтамырдан кейінгі бөлігін
көкқылтамырлар (венула) деп аталады.
Жүрек Жүрек конус тәрізді етті орган, оның жоғарғы, толық келген жүректің негізі, ал
төменгі сүірленіп жатқан жағын жүрек ұшы деп атайды. Жүректің төмен қарап диафрагма
үстінде жатқан бетін диафрагмалық, алдыңғы жағын жүректің төс қабырғалық беті дейді.
Орта есеппен жүрекке 300 см қан сияқты 250-300 г болады. Ол жүрек қабының ішінде
орналасқан.


Жүрек қабы –екі бүйрінен аралық плевраға, астыңғы жағынан диофрагманың сіңірлі
ортасына, ал алдынан төске жанасып, дәнекер тканді талшықтары арқылы бекиді. Жүрек
қабын сыпырып алып тастаса, оның бетімен жүріп жатқан сайларды байқауға болады.
Жүректі белдеулей көлденең сай өтеді, ол жүрекшелер мен қарыншалар орналасқан. Осы
сайдан төмен қарай жүректің алдыңғы бетімен алдыңғы, ал артқы бетімен артқы ұзынша сай
өтеді. Бұл екі сай арқылы қарыншалар бір-бірімен бөлініп жатады. Осы сайлармен жүректің
негізгі қантамырлары өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет