Пәні: Кәсіпорындарды электрмен жабдықтау және электр жабдықтары


Тұрмыста энергия шығынын азайту жолдары



бет3/11
Дата15.11.2023
өлшемі82,92 Kb.
#123089
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1ргр

2. 2 Тұрмыста энергия шығынын азайту жолдары

Жеке тұтынушы, мысалы пәтер иесі ай сайын коммуналдық қызметтер үшін түбіртектер алып, сол бойынша ақша төлеуге міндетті. Орташа есеппен бір отбасы табысының 10-12% коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалады және бұл көрсеткіш жыл санап көбеймесе азаймайды.


Пәтерде болатын энергия шығынын келесідей түрде көрсетуге барады:
– үйді жылыту;
– ыстық су;
– электр энергиясы.
Энергия шығынын азайтуға болады, оның ең бірінші және қарапайым жолы су және жылулық энергия есептеуіштерін пайдалану. Үйді жылытуға қолданылатын ескі қыздыру шамдарынан бас тартқанымыз жөн.
Тұрғын үйлердегі жарықтандырудың минималды мөлшері санитарлық норма бойынша 50 люкс, осыған сәйкес энергия тұтыну мөлшері шамамен 18 Вт/м2 болады. Осылайша ауданы 8 м2 ас үйді жарықтандыруға қуаты 144 Вт болатын шам қажет.
Үйлерді жарықтандыру құралы қыздыру шамдары болып табылады, оның негізі кемшілігі жарық беруі аз, ал энергия тұтыну мөлшері өте көп. Аз энергия тұтынатын шамдарды қолданатын болсақ, қажетті жарық мөлшерін сақтай отыра, тұтынылатын қуат мөлшерін 5-6 есе азайтамыз. [2]
Орташа отбасында пайдаланылатын электр энергиясының 25-30% жарықтандыруға жұмсалады. Жарықтандырудың тиімділігін жоғарылата отырып электр энергиясының шығынын кеміте аламыз. Үйді жарықтандыруда пайдаланылатын шамдардың негізгі түрлеріне және жұмыс жасау принципіне қысқаша тоқтала кетейік.
Энергия үнемдеуші шамдардың түрі:
Қыздыру шамы. Қыздыру шамының жұмыс істеу принципі электр энергиясының жарық энергиясына түрленуі принципіне негізделген. қыздыру шамының ішіндегі вольфрамнан жасалынған, ваккумда болмаса арнайы инертті газды ортада тал сымның бойынан электр тогының өтіп 3000°с температураға көтірлгенде қоршаған ортаға жарық шашырата бастайды. Ваккум немесе инертті газ қыздыру шамының вольфрам тал сымының тотығуын болдырмау мақсатында қолданылады. Мұндай принциппен жұмыс жасайтын шамдар жұмыс істеу барысында өте қатты қызады.
1. Галогенді шамдар энергия көзін 30-50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бағасы 120-130 теңге аралығында Жарамдылық мерзімі – 3000 сағат (үздіксіз 125 күн)
Артықшылықтары:
– қазіргі таңда бағасы ең арзан шам болып табылады, оның құны орташа есепен 50 теңге;
сәулені шашырату спектрі кең, табиғи жарық көздеріне ұқсас келеді;
– сыртқы температура жоғары жағдайда қолдану мүмкіншілігі бар.
кешіліктері:
– жарық берілісі өте аз, 10-15 лм/вт, оның себебі энергияның негізгі бөлігі жылулық энергияға түрлену арқылы шығынға ұшырайды;
қызмет ету мерзімінің аздығы, оның себебі, біріншіден электр энергиясы сапасының нашарлығы, екіншіден электр тогы желілерінің қанағаттанарлықсыз жағдайда болуы;
– өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес, қыздыру шамдарын сыртқы қаптамасыз қолдануға рұқсат етілмейді. Себебі жұмыс істеу барысында шамдардың температурасы өте жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет