5. Үйіңізге жөндеу жүргізіңіз Үйіңізге жөндеу жүргізіп жатсаңыз, бөлмеге ақшыл түсті түсқағаз жабыстырыңыз немесе қабырғаны ақ түске бояңыз. Ақшыл түстер сәуленің 80 пайызға жуығын қайтара алатын қасиетке ие. Ал, неғұрлым күңгірт түстер жарықтың тек 9 пайызын ғана бере алады.
6. «А» класындағы құрылғыларды көбірек сатып алыңыз Тұрмыстық техникаларды сатып алған кезде энерготиімділік жапсырмасына баса назар аударыңыз. Ол жерде қанша энергия жоғалтатыны туралы анық жазылады. Мәселен, «А» класындағы модельдер энергияны максималды шамада сақтаса, «G» класы минималды шамада сақтайды. Қазіргі таңда шығарылып жүрген құрылғыларда тіпті «А+» және «А ++» кластары да бар. Яғни, олардың энергия сақтау шамалары тіптен жоғары.
7. Электр құрылғыларын өшіріп жүріңіз Теледидар, компьютер сынды құрылғылар күніне бірнеше сағат қосылып тұрады. Яғни, қосылып тұру деген кезде барлығымыз оны пайдаланған сәтімізді ғана айтамыз. Батырманы басып, өшірген соң ол жұмысын тоқтатады деп ойлаймыз. Ал, негізінде тоқтан өшірілмеген құрылғы бұрынғысынша қосылып, энергияны жей береді. Сол себепті тыңғылықты өшіріп қойғаныңыз өзіңізге жақсы. Бір жағы осы болса, екінші жағынан — қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Энергия үнемдеу тұтынушылар үшін сәнге айналған, көп талқыланатын және маңызды мәселелердің бірі болып табылады, себебі әрбір тұтынушы өзінің электр энергиясы шығындары деңгейін бағалап, әркім өзіне: «шығындарды үнемдей отырып, энергия ресурстарын қалай ұтымды пайдалану керек?» деген сұрақ қояды. Мамандардың пікірі бойынша – пәтерді жарықтандыруға үйдің шығындалатын электрэнергиясының бестен бір бөлігі кетеді, сондықтан сарапшылар энергия үнемдейтін шамдарды сатып алуға және А және В класстағы энергия тиімділігі бар тұрмыстық техникаларды таңдауға кеңес береді. Отбасы бюджетін үнемдеуді қыздыру шамдарын ықшамды люминесцентті (сондай-ақ энергия үнемдейтін ретінде белгілі) шамдарға ауыстырып, жарықтандырудан бастау керек.
Статистика бойынша, үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру отбасы бюджетіне елеулі үнем әкеледі. Бұл энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан.Шамдарды ауыстырғандағы үнемді бағалау үшін, мәселен, қыздыру шамы күніне 3 сағаттан 100Вт қуаттылықпен немесе айына 90 сағат жұмыс жасайды деп алайық. Бұл жағдайда қыздырушамы ай сайын 9 кВт (0,1кВт*90=9кВт*ч) электр энергиясын тұтынады. Егер қыздыру шамының орнына 20-ваттық энергия үнемдейтін шамды қолданса, электр энергиясының тұтыну айына 1,8 кВт (0,2кВт*90=1,8кВт*ч) құрайды. Сонымен, бір қыздыру шамын энергия үнемдейтін шамға ауыстырудан болған үнем айына 7,2 кВт құрайды. Егер бір ай көлемінде бір шамды ауыстырумен болған үнем азғантай сияқты болғанмен, ал 10 шамды ауыстыру кезіндегі бір жылғы үнем 864 кВт*ч. құрайды.
Энергия үнемдейтін шамдардың электр энергиясын үнемді тұтынудан басқа да ұзақ мерзім қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Яғни, энергия үнемдейтін шамдарды Сіз 5-10 жыл, ал қыздыру шамдарды 1 жыл ғана қолдана аласыз. Энергия үнемдейтін шамның жоғары жарық беруі ол тұтынатын ең жоғарғы электр энергиясы жарыққа айналатынын болжамдайды, ал қыздыру шамдарындағы электр энергиясының 90 пайызы вольфрам сымдарын қыздыруға, яғни жылытуға кетеді.
Энергия үнемдейтін шамдардың кемшілігі арасында қызудың (шам түріне байланысты 5-120 сек) ұзақтық фазасын атап өтуге болады және қызмет ету мерзімінде қосу/ажырату жиілілігінің әсері, сондықтан жарықты жиі іске қосатын, бірақ аз уақытқа іске қосылатын жерлерде орнатпауға ұсыныс береді.Энергияүнемдейтін шамдардың кемшіліктері болса да, олар сапалы жарық пен отбасы бюджетін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Тағы бір кең тараған аңыз–энергия үнемдейтін шамдардың төменгі сапада жарықандыруы. Шынында алғашқы үлгілері қөзге жылт-жылт еткен және жағымсызжарық түсірген, сондай-ақ түс жіберуі төмен болған, ал заманауи шамдарда мұндай кемшіліктер жоқ. Энергия үнемдейтін шамдардағы жарық сапасы қыздыру шамдарының жарық сапасынан кем түспейді, алайда бұл ретте демалысқа жайлы жұмсақ,жылы жарық, немесеойды жақсы жинақтауға мүмкіндік беретін жарық және салқын болсын, тұтынушының өзі қалайтын жарық әсерімен шамды таңдау мүмкіндігі бар.