Жарықдиодты шам. Жарықдиодты шам – электр тогын бір бағытта өткізіп, адам көзі көре алатын жарық спектрін тарататын жартылай өткізгіш элемент.
3. Жарықдиодты шамдар. Энергия көзін 80-90%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Түрлеріне қарай бағасы 170-305 теңге көлемінде. Жарамдылық мерзімі 50000 сағат (2083 күн, үздіксіз 5,5 жыл).
Жарықдиодты шам – екі түрлі жартылай өткізгіш пластинкадан, жартылай өткізгіш элементтер орналастырылатын корпустан, жылу сейілткіштен, пласикалық қораптан және айнымалы токты түзеткіш блоктан құрастырылады. Мұндай шамдардың жұмыс жасау принципі өте қарапайым. Түзетілген тұрақты электр тогы диод арқылы өтеді және жарық таратады. Мұндай шамдарға бойынан электр зарядтары өткенде жылу емес, фотондар бөлетін жартылай өткізгіш материалдар пайдаланылады. Алайда энергияның сақталу заңдылығына сәйкес диодтан өтетін ток энергиясының жарыққа айналған бөлігінен қалған энергия мөлшері жылу түрінде бөлінеді. Ол жылудың әсерінен шам зақымданбауы мақсатында жылу сейілткіштер пайдаланылады.
Диодты лампаның электр энергиясын тұтынуы 10 есе аз, қыздыру күші 3 есе аз екенін айта кету артық болмас. Жарық беру мерзімі 100000 сағат немесе 11 жыл. Алайда кепілдік 3-5 жылға ғана беріледі. Сондықтан он бір жыл бойы жарық бермейтіні анық. Десе де осынау лампалардың жарығы тұрақты, көзге кері әсері жоқ. Сонымен қатар лампаға сынап салынбайды, оның сыртында өндірушілер жасырып қалатын зиянды металлдар да жоқ. Олай болса қуат көзін үнемдеумен қатар, денсаулыққа да зияны жоқ.
Диодты шамның тиімді тұстары.Электр қуатын үнемдейтін шам бұл ғана емес, Жапония елінің мамандары ойлап тауып пайдаланымға қосқан диодты лампалар сөз болған шамға қарағанда электр қуатын 5 есеге дейін, ал бұрынғы шамдардан 10 есеге дейін аз «жейді». Сондай-ақ, ол адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да ешқандай зиян әкелмейді. Есесіне бағасы үнем шамынан үш есеге қымбат. Бірақ оның қымбаттығынан қашпау керек. Өйткені ол өте төзімді әрі ысырапсыз. Бір диодты шамдардың 10 жылға дейін күймей, жанып тұратынына кепілдік бар. Оны «LED solution» компаниясының бас директоры Қаныбек Айтақов айтып отыр. Бас директордың сөзіне сенсек, электр қуатын үнемдеуші шамдар улы сынабымен ғана емес, таратқан жарығымен де денсаулыққа зиянын тигізеді екен. Қаныбек Болатұлы арнайы аппарат арқылы екі шамды салыстыра көрсетіп, дәлелдеп берді. Аппарат түгілі, экранды ұялы телефонын энергия үнемдегіш шамның астына алып барып қосқанда, экран бетінде өте жылдам тербелген толқындар пайда болды. Бұл толқындар көзге көрінбейді. Әйткенмен, оның тынымсыз тербелісін адам миы қабылдап, жүйке талшықтары арқылы бүкіл денеге таратып отырады. Нәтижесінде, ол шамның жарығында ойнаған баланың, жұмыс істеген адамның көзі қарауытып, жұйкесі шаршайды екен.
Артықшылықтары:
– тиімділігі өте жоғары, жарық беруі 100-150 лм/вт аралығында;
– жұмыс жасау мерзімі өте жоғары, 50000 сағат шамасында;
– қызу температурасының төмен болуы;
– қоршаған орта температурасы төмен жағдайда да қолдана аламыз, алайда ылғалдылығы жоғары жерлерде қолдану шам үшін зиянды;
– механикалық беріктілігі және дірілге төзімділігі өте жоғары, себебі оңай сынып қалуы мүмкін бөлшектері жоқ;
– светодиодты шамдар жарықты шашыратып және бір бағытпен тарататын етіп екі түрлі пішінде құрастырылады, сонымен қатар жарығының түсі алуан түрлі болады.
Кемшіліктері:
– жарықдиодты шамдардың ең төменгі бағасы 2000 теңгеден басталып, 4500 теңге аралығында, мұндай шамдарды қолданудағы ең бірінші қиындық бағасы болып табылады;
-температурасы жоғары, және шаң-тозаңды жерлерде қолдана алмаймыз, себебі светодиодтың негізгі жарық таратушы элементі жартылай өткізгіш материалдан жасалынады, температураға тәуелділігі осындай себеппен түсіндіріледі, ал шаң-тозаңның болуы жұмыс жасау барысында қызған диодтың жылу сейілтетін бөлігін толтырып тастап, ауа алмасуын болдырмай қояды. [3]
Осы аталған шам түрлерінің жалпы сипаттамалары ескеріле отырып жасалынған есептеулер нәтижесі (кесте 1) көрсетілген.
Кесте 1. Энергия үнемдеуші шамдарды қолданған жағдайда электр энергиясы мен қаржы шығынын есептеу (шамдар тәулігіне 6 сағат қосылады деген шартпен).
Осылайша шамамен 6 жылда 12 дана қыздыру шамын қолданады екенбіз (12 · 75 теңге = 900 теңге) немесе 1 дана энергия үнемдеуші люминесцентті шам қолданамыз (200 – 350 теңге), ал светодиодты шаның шамамен алғандағы қызмет ету мерзімі 20 жылды құрайды (2000 – 4500 теңге). Осылайша жалпы қаржы шығыны осы уақыт ішінде келесідей болады:
13532 теңге + 900 теңге = 14432 теңге (қыздыру шамын қолданған жағдайда);
2849 теңге + 350 теңге = 3200 теңге (энергия үнемдеуші люминесцентті шам қолданған жағдайда);
1710 теңге + 2500 теңге = 4210 теңге (жарықдиодты шам қолданған жағдайда).
Жоғарыда келтірілген есептеулерді қорытындылай келе энергия үнемдеуші люминесцентті шам, бағасының қымбаттығы мен электр энергиясының жоғары тарифпен болуына қарамастан, қыздыру шамынан тиімді болып келеді екен.