Жеке бейнелерді құрастыру арқылы күрделі жүйе құру;
Ішкі бейнелерді сыртқыға айналдыру.
Психологиялық инерция – бұл тапсырманы орындау кезінде қандай-да бір әдісті басшылыққа алып, ең алдында кездескен шешімнен басқа мүмкіндіктерді қарастырмау.
Педагогикалық шығармашылық кезеңдерін ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, дәлелде.
Біздің шығармашылыққа бейім тұлға жайлы ойларымызды әдетте екі қарама-қарсы стереотиптер арқылы беруге болады:
Біріншісі – жүз процентке табысты: ойлы көзқарас, кенет ойға келген идея, аз уақыт ішінде мойындау, табыстар, қызықты адамдармен кездесулер, ұлылармен достық, халықаралық конгресстер, мадақтаулар;
Екінші стереотип қайғы қасіретке толы: шығармашылықпен байланысты еңбек жұмысшылар-дыкінен қиын – қаржының жетіспеушілігі, мойындатумен байланысты таусылмас күрес; Бұл пікірлердің қайсысы дұрыс екеніне таласпауға да болады, себебі мұның бәрі өмірден көрінісін табуда.
Соған қарамастан шығармашылық әлемі алуан түрлі және оны әр түрлі жақтарынан қарастыруға болады. Шығармашылықпен айналысатын тұлғаға келетін болсақ, бұрыннан бері оның келесі көріністерін келтіретін болған: гениалдылық, талант, қабілеттер. Генийлер шығармашылық қиял мен интуицияны терең меңгерген адамдар болады. Тек қана гений тікелей шындыққа көз жеткізуге қабілетті. И.Канттың жазуы бойынша: «Гений табиғаттың өзі сияқты әрекет етеді… Гений арқылы табиғат адамға өз заңдарын жеткізіп отырады».
Шығармашылықпен белсенді айналысқан 2000 адамның өмірбаянын зерттеу арқылы ғалымдар шығармашыл жеке тұлғаның келесі сапаларынң тізімін беріпті:
Шындыққа жанаспаса да мақсатты жасқанбай таңдай алу, және оны өз өмірінің басты векторына айналдыру;
Қойлыған мақсатты жету жолындағы шешілуі қажет проблемаларды көруге деген қабілеттілік;
Жоспарға сәйкес жұмыс істеуге деген қабілеттілік. Айлық, жылдық, өмірлік жоспарлырдың болуы. Сол жоспарлырдың орындалуын қадағалау.
Жоғары жұмыс өнімділігі.
Мәселе шеңберіне енетін шығармашылық міндеттерді шешуге бағытталған жақсы техниканың болуы;
Кез-келген жағдайларда өз идеяларын қорғай алу. Табыссыздықтан қорықпау.
Шығармашылық көп деңгейлі екені анық. Техникалық шығармашылық пен өнертапқыштық міндеттеріне байланысты шығармашылықтың келесі деңгейлері ажыратылады (Г.А.Альтшуллер бойынша):
Белгілі әдісті белгілі мәселені шешуге қолдану. Мұнда не берілген мақсат үшін тікелей арналған тәсілдер қолданылады, немесе мәселені шешудің альтернативалық варианттарының біреуі таңдалады.
Белгілі шешімнің жаңаша қолданылуы немесе шешімі бұрыннан белгілі мәселені берілген аймақта шешуге қолданылмаған тәсіл арқылы шешу.
Ғылым аймағы үшін жаңа мәселе үшін барлық жағынан жаңа шешім табылады. Мұндай шығармашылық алыс келешекке жұмыс жасайды.
Техникалық шығармашылық философиясы. Техникалық шығармашықтағы эвристикалық және алгоритмдік бағыттар.
Шығармашылықты қарастыруда екі шеткі бағыттарды атап көрсетуге болады:
— шығармашылықты басқаруға болмайды және ол адамның еркіне тәуелді емес;
— шығармашылықты бағдарламалауға болады және оның тиімділігін арттыру мақсатында оны саналы түрде басқаруға болады;
Шындығында шығармашылық іс-әрекетке айтылғандардың екеуі де тең дәрежеде тиесілі. Бір жағынан спонтандық элементі бар болса, екінші жағынан адам шығармашылық жұмысқа өзін саналы түрде дайындап, оның тиімділігін өзін кемелдендіру арқылы жоғарылата алады.
Техникалық шығармашылықта шығармашылық іс-әрекетке ықпал ететін бірнеше жүйелер мен теориялар жасалған.
Ол әдістер өз алдына екі үлкен топқа бөлінеді:
— психологиялық;
— алгоритмдік.
Психологиялық әдістер ойлау, қиял әрекеттерін белсенді ететін психологиялық әсер ету құралдарын қолдануды білдіреді. Оларға ми штурмы, морфоанализ, бақылау сұрақтары және т.б. жатады.
Әдетте шығармашылықты адамның іс-әрекет сферасына қарай айырады:
— ғылыми;
— техникалық;
— көркем өнер;
— қолөнерлік және қолданбалы;
— діни;
— мистикалық;
— күнделікті-практикалық және т.б.