Пәні: Педагогикалық шеберлік негіздері Тақырыбы: Тәрбиешінің шеберлігінің мәні Бақылау сұрақтары



бет6/7
Дата09.06.2023
өлшемі105,5 Kb.
#100124
1   2   3   4   5   6   7
Бірінші жағдай дәріскердің мазмұнды тыңдаушысына жеткізуді мақсат етеді;

екінші тәсіл – оқыту үрдісін білім алушының өз әрекеті арқылы ұйымдастыруды көздейді, ал

соңғысында оқыту білім көтерушінің сұраныстарына сәйкес ұйымдастырылады. Мазмұндық тәсілде дәстүрлі оқыту жүйесінің белгілері басым болса, ал процессуалдық - әрекеттік тәсіл андрагогикалық оқыту үлгісінің талаптарына сәйкес. Соңғы жол тәжірибеде кеңінен тарай қойған жоқ, себебі білім көтеруді бізде топтар, ағымдар бойынша ұйымдастыру үрдісі қалыптасқан.
Бұл үш тәсілдің қазіргі талаптарына сай келетіні – мұғалімді субъектілік жағдайға қоятын, тұлғаға бағытталған, белсенді танымдық әрекетке негізделген, тұлғаға бағытталған – оқытудың андрагогикалық үлгісі. Тұлғалық-бағдарлы оқыту – адам бойындағы адами қасиеттерді іздеу, табу, олардың әрі қарай дамуына барынша қолдау көрсету. Оның өзін-өзі жүзеге асыру, ретке келтіру, дамыту, өзінің тұлға ретіндегі болмысын жасаудың механизмдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Қоғамдық санада шығармашылық іс-әрекеттің негізгі басымдылық ретінде танылуы жаңаша педагогикалық ойлауды, білім беру деңгейлерінде мұғалімнің өзін-өзі, өзінің бар күш-қуатын іске қосуға бағытталған шығармашылығын дамытуға жағдай жасауды талап етуде.
Мұғалімнің кәсіби шығармашылыққа деген еркіндігі мол деп ресми түрде жарияланып жүргенімен, шеберлікті меңгеріп, шығармашылыққа жету үшін арнайы дайындықтың қажет екені даусыз. Сондықтан әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстардың басты мақсаты – мұғалімнің сұраныстарын қанағттандыру, тиісті ғылыми-педагогикалық сүйемелдеу арқылы жаңаша жұмысқа деген ұмтылысына дем беру, өз философиясына, кәсіби бағыттылығына сәйкес технологияны таңдап алуына көмектесу болып табылады. Демек, әдістемелік, білім көтеру жұмыстарының сапасын арттыру - кезек күттірмейтін шаруа. Осыған орай республикадағы мұғалімдердің біліктілігін арттыратын институттар жүйесі өз жұмыстарына инновациялық тұрғыдан қайта қарап, мамандардың шығармашылық әлеуетін арттыруды технологияландыру, оның мазмұнының тыңдаушылардың сұраныстарына жауап беруін қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялардың соңғы мүмкіндіктерін пайдалану жолға қойылып келеді.
Мұғалімдердің білімін көтеру жұмыстарын ұйымдастыруды жоғарыдағы құрылымнан тұратын әрекеттік негізде жүргізу – олардың кәсіби шығармашылығын арттырудың басты кепілі. Жаңа білімді танымдық белсенділік арқылы меңгеру білімдік әрекеттер арқылы іске асады. Білімдік әрекеттер – тұлғаның өз өмірін өзгертуге бағытталған әлеуметтік белсенділігі. Білімдік әрекетте мұғалім жаңалықты ашып, оның дамуының диалектикасын меңгереді, “өткен тәжірибеге қайта қарап”, “оның құрылысын жаңартады”, сол арқылы өзін-өзі таниды, табады, айналаны, қоғамдық өмірді өзгерте алатын белсенді субъектілік жағдайына келеді.
Қазіргі педагогикалық технологиялардағы жаңашылдықты тану, тиімді қолдану барысында мұғалімнің шығармашылық әлеуетіне негіз болатын қасиет-сапалары іске қосылып, танымдық үрдістерді өн бойынан өткізеді. Өйткені кез-келген технология ғылым мен практика арасындағы аралық құрылым болып есептелінеді.


Оқыту теориясы – мұғалімнің шығармашылығының негізі. Ал, педагогикалық технология – оқыту теориясын мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде жобалау, қойылған нақты мақсаттарға сәйкес оқыту процесін тиімді құрып, жүзеге асыру болып табылады. Дұрыс мақсат қойып, нәтижені интутивті түрде жобалай алу, оның оқушының дамуының іргелес аймағына сәйкес болып, қызыға еңбек етуге әкелетін сабақ жоспарын құру, ұйымдастыру алу – сөзсіз, шығармашылықтың нәтижесі.
Қорыта келе айтарымыз, “

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет