Пәні: Педагогикалық шеберлік негіздері Тақырыбы: Тәрбиешінің шеберлігінің мәні Бақылау сұрақтары



бет4/7
Дата09.06.2023
өлшемі105,5 Kb.
#100124
1   2   3   4   5   6   7
Шығармашылық ізденіс ретінде.
Адамды шығармашылыққа қозғайтын түрткілер табиғаты ең басты мәселелер қатарына жатады. Психоаналитикалық пікірлерге сүйенетін болсақ шығармашылықтың негізінде сублимация механизмі жатыр. Моральдық шектеулерге байланысты іске асырылмай қанағаттандырылмай қалған қажеттіліктер, әсресе айтқанда либидолық қажеттіліктер әлеуметпен еш шектелмейтін шығармашылықтан көрінісін табады. Бұдан логикалық түрде шығатын қорытынды шығармашылыен айналысатын адамның ішкі кикілжіңі ауыр болған сайын, оның қажеттіліктері қанағаттанырылмай ығыстырылған сайын әсіресе махаббатқа деген қажеттілік — оның шығармашылық белсенділігі де өнімді бола түседі.
Мұндай көзқарасты растайтын жағдайлар тарихта аз емес, көптеген талантты адамдардың өнердегі шыңға көтерілген кездері өз өмірлерінің ауыр кезеңдерінде немесе аур психикалық науқастықпен қатар жүрген. Бұл концепцияны растау үшін көптеген ғылыми жұмыстар жазылса да, олар тура соған қарама — қарсы жағдайларды байқамай қалатыны өкінішті.
Соңғы жылдары психоаналитикалық әдебиеттердің өзінде шығармашылық белсенділік невротикалық бұзылыстарды компенсациялаудың механизмі ғана емес, ол жеке тұлғаның дербес ішкі қажеттілігі деген пікірлер айтылуда. Бірақ соның өзінде бұл қажеттіліктің негізі бар ма, болса оның ролі қаншалықты деген мәселе ашық қалуда.
В.С.Ротенбергтің пікірінше шығармашылық дегеніміз ізденістік белсенділіктің түрі ал ізденістік белсенділікті ол өз алдына былай тұсіндіреді: “белсенділіктің жағымды нәтижелері болжанбаса да субъектінің өзін немесе ситуацияны өзгертуге бағытталған белсенділігі”. Ізденістік белсенділіктің мидағы механизмдері жайлы әлі мәлімет аз.
В.С.Роттенбергтің жануарлар мен адамдарға жүргізген эксперименттерінің нәтижесі ізденістік белсенділік әр түрлі зиянды факторларға деген адамның қарсы тұра алушылығын жоғарылататындығын көрсетті. Бұл эффект ізденіс белсенділігімен қатар жүретін эмоциялардың жағымы не жағымсыз болуына тәелді емес: екі жағдайда да ауруларға деген төзімділік деңгейі жоғарылайды. Бұған қарама-қарсы күй — субъектіні ситуация қанағаттандырмаса да ізденістік ситуациядан бас тартса — индивитің реистенттілігін төмендетіп өлімге алып келуі де ықтимал. Бұл жерде өте маңызды нәрсе ситуация индивидпен орташа ретінде бағаланып, ізденістік белсенділік деңгейі төмендетілген жағдайда да организмнің теріс әсерлерге резистенттілігі төмендейді. Бұл ізденістік белсенділіктің бар не жоқ болуы, ситуацияны эмоционалды бағалаудан да маңызды екенін көрсетеді.
Ғалымдардың пайымдауынша ізденістік белсенділіктің мұндай маңызды болуы оның негізгі биологиялық функциясымен анықталады. Мұндай белсенділік біріншіден әрбір индивидтің өзін өзі дамытуының қозғаушы күші болса, екіншіден бүтіндей популяция прогрессін анықтайтын болғандықтан әр индивид ізденістік белсенділікпен жоғары деңгейде айналысқаны дұрыс.
Сондықтан П.В.Симоновтың пікіріне сәйкес қиындық туған жағдайда ізденістен бас тартатындардың табиғи сұрыпталу жолымен жойылуы биологиялық жағынан қалыпты жағдай. Ізденіске деген қажеттілік қанағаттандырылмау принципінің арқасында прогресстің қозғаушы күшіне айналады — себебі бұл қажеттілік үнемі өзгеріс процессінде болады.
Адамдар мен жануарлардың мінез құлығын бақылау дербес ізденіс белсенділігіне деген қажеттілік бар екенін көрсетеді. Жануарларда олардың алғашқы қажеттіліктері қанағаттандырылған кезде айқын көрініс береді. Бірақ бұл феномен экперимент жағдайында ғана бақыланған.
Салыстырмалы түрде өзінің алғашқы қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын адамда ғана ізденіс белсенділігі таза түрінде көрініс береді. Бұл жерде адамнан талап етілмесе де ол ситуациядан жоғары деп аталатын өзіне қоятын міндеттерін айтады. Прагматикалық тұрғыдан қауіпсіз емес ситуацияларға бару да осыдан болуы мүмкін. “Соғыс үстінде мастаттану” ізденіс белсенділігінің механизмінің бір көрінісі болып табылады.
Сонымен шығармашылық — ізденістегі қажеттіліктің іске асуының ең табиғи формаларының түрі. Сонымен қатар шығармашылыққа түрткі болатындар өзіне сенімділікке ие болуға деген қажеттілік, қоғамның басқ да мүшелеріне өзін мойындатуға деген қажеттілік және т.б. Бірақ мұндай мотивтерді ірі суретшілерге қатысты айтуға болмайды. Шығармашылық потенциалы төмен адамдар үшін “еркін мамандықтар” қиын болғандықтан олар әлеуметтік іс әрекеттің басқа жолдарын таңдайды. Ал шығармашылық жағынан дарынды адамдар үшін психофизиологиялқ заңдылықтарға сәйкес ізденіс процессінің өзі материалды құндылықтр мен нәтижелерден қымбат болады.
Егер шығармашылықтан басқа кез-келген ізденіс түрі табысқа әкелмесе оның теріс нәтижелерінің эмоционалдық маңыздылығы өте жоғары болып мақсатқа жетуге ұмтылысты тежейді. Ізденістен бас тарту күйінің дамуының механизмі осындай болп келеді. Ең жақсы деген жағдайда ізденіс басқа бағытт жалғастырылады. Бірақ шығармашылық процессінде жалғыз мақсат пен қуаныш бір нәрсенің мәнісіне жету болғандықтан ізденісті тоқтатуға әкелетіндей мұнда табысқа жетпеуден пайда болатын психотравмалар орын алмайды, себебі теріс нәтиже де – нәтиже, және ол ізденіс аумағын кеңейту керектігінің белгісі. Бірақ егер де бұл процессте жалғасатын іс-әрекетке емес адамның өз сезімдеріне баса көңіл аударылса онда бұл жағдай психотравмаларға алып келіп, ішкі кикілжің тудырып жеткілікті түрде бастан өткізілмеген комплекстердің активизациясына алып келеді.
Сонымен қатар бас тарту процессі иррадацияға бейім болып келеді, адамның бір іс-әрекет аймағына екіншісіне ауысады. Бұл невроз негізінде жатқан мотивациялық кикілжіңдерді шешу жолында ізденістен арнайы түрде бас тартуда көрініс береді. Невроз шығармашылық өнімділікке теріс әсерін тигізетіні белгілі. Ізденістен бас тартудың иррадациясы ос жерде толық көрінеді.
Енді жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып шығармашылық орындалмай қалған қажеттіліктердің сублимациясы деген пікірді қайта қарастырайық. Егер де субъект қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандырудан бас тартуға мәжбүр болса, егер соның салдарынан ізденіс белсенділігі еріксіз түрде ығыстырылса, компенсация ретінде шығармашылықтағы ізденіс күшеюі ықтимал. Бірақ бұл жерде басқа мүмкіндік те бар – маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырмау қатты психотравмаға әкелетін болып, бас тарту типі бойынша мінез-құлық адам і-әрекетінің барлық сфераларына ауысады, солардың ішіне шығармашылық та кіреді. Сонмен қатар шығармашылыққа деген бағдар ерте жастан бастап бала бойында тәрбиеленетін болса субъект барлық өзін өзектендіру формалардың ішінен шығармашылықты таңдауы үшін өмірлік белсенділігінің аймағын кішірейтуі міндетті емес болып шығады. Міне сондықтан да, фрустрация мен шығармашылы белсенділік арасында байланыс болуы мүмкін емес, және сублимация концепциясы қолда бар фактілердің барлығына түсіндірме бола алмайды, және оны универсалды ретінде есептеуге болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет