Пәнінің оқу әдістемелік кешені 6В01725-Шетел тілі: екі шетел тілі



бет19/37
Дата09.12.2023
өлшемі1,59 Mb.
#135442
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
УМКД Сыни

Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. Білім берудің сапасын жақсарту, баланың өзі ізденіп дәлелдеуін дамыту мақ­сатында сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін өз сабақтарымда қо­л­данамын. Оқушы бұрын тек тың­даушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзін­дік пікірі, қоршаған ортасына құрмет­пен қарау көзқарасы қалыптасып, таным, қабілеті ашылады.
Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Әрбір сабақтарда сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары жоғары білім нәтижесін көрсетеді. «Сын тұрғысынан ойлау» техно­логиясы дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бо­йынша алуға тәрбиелейді. Оқу­шылар өзіндік жұмысына мақ­са­т­ты бағдарлар, айқын міндет­тер қоя білуге үйренеді. Бұл оқушының сыни тұрғысынан ойы дамып, өзіндік пікірінің қалыптасуында, өз ойын еркін, тиянақты жеткізе білуіне ықпалын тигізеді. Сынып­та жағымды психологиялық жағ­дай қалып­тасып, өзара ынтымақ­тас­тықта, жұмысты топпен жұмыла орын­д­ауға дағдыланады.
Қазіргі заман талабына сай оқу­шы мектепте алған білімін өмір­де қолдана білуі маңызды. Елімізге қызмет ету үшін оқушы­лар білімді, ақпараттық техноло­гия­ларды қол­дана алатын, өмірде кездесетін проблемаларды шешуге бейімделген тұлға болуы тиіс. Бұл тех­но­логияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт-бағдар беруі ар­қылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәлі­мет­тер алып, еңбектену арқылы игереді.
Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге, ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі Қазақстандық білім беру кеңістігі ақпараттық болып есептелгендіктен, сондықтан уақыттың өтуімен бірге маманның ақпараттық технологияларды пайдалана білу іскерлігі мен кәсіби құзырлығына қойылатын талап та арта түсуде.Пайда болған мәселені шешу республикалық кәсіби білім беру жүйесіне келіп тіреледі. мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – жеткілікті деңгейде кәсіби білімі, құзырлықтары мен шығармашылық іс–әрекеті қалыптасқан, шығармашылық қабілеттері дамыған, кәсіби білікті мамандар даярлау болып табылады. Бұл міндеттерді шешудің жолдары ретінде ақпараттық–коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктеріне негізделген оқушылардың кәсіби бағыттылығын жетілдіруді, шығармашылық іс–әрекетін қалыптастырып, дамытуды атауға болады.
Ойлау формалары – ұғым, пікір және ой қорытындысы деп үшке бөлінеді. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. ұғымдар арқылы адам шығармашылықның ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады.Ғылыми ұғымдарды меңгеру мектепке түсіп оқи бастаған кезден басталады.Соған орай, педагог баланың ойлау тәсілдерін дамыту үшін алғашқыға көрнекілік әдісті пайдаланып, сондай–ақ әр заттың өзіндік белгілерін ажырата білуге баулып отыруы керек.Ойлау үстінде адам бұрын есте сақталған біліміне сүйенеді, оның эмоция, сезім әрекетінде белсенділік туады, қызығуы, темпераменті жанданады,бүлар адамның ойлау қызметіне өң беріп, мақсатты іске бағыттайды. Қиял– адамның есінде сақталған қабылдау, елестету, ойлауды қайтадан өндеп, жаңартып, солардың негізінде жаңа бейнелер жасау.Ол еңбек әрекетінде, әсіресе шығармашылық еңбек үстінде дамып отырады.Қиял – ойлаумен бірге алдын –ала болжау, жаңа бір нәрсені жасау, материалдық обьектіде іске асырылатын нәрсені идеалды түрде көз алдыңа елестету процесі.Қиял бейнелері нәтижесінде адамның шындықты, ақиқатты тануының шекарасы кеңейіп отырады.Осы процестің жәрдемімен адам өзіне тікелей әсер етпеген нәрселерді танып біледі, өткендегіні, келешектегіні, сондай–ақ басқалардың ойы мен сезімін аңғара алады. Педагог еңбегі де шығармашылық сипатта болады.Ол сабақ үстінде алдындағыны қиялмен болжап түрады.Оқушылар да өз келешегін қиялы арқылы болжап, шамалайды.Адамның білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, айқын сенімі мол болса, оның соғұрлым шындыққа сай дұрыс қиялдауға мүмкіндігі мол болады. Қиялда жасалатын бейнелер сөз арқылы тұжырымдалады.Арман –қиялдың ерекше бір түрі екендігін айта келіп, әр оқушының жарқын болашағын алдын – ала қиялдап, аңсап қана қоймай, соған жету жолында күресе білу керектігін мықтап еске салу қажет.Бұл жерде қиялдың осы түріне қарама –қарсы құрғақ қиял болатындығын еске салған абзал.
Шәкірттің қиял қабілетін дамыту, тәрбиелеу, оның келешекті армандай алу қасиетін қалыптастыру –педагогтің басты міндеттерінің бірі.Оқушы қиялының дамуына мектепте алған білімі ерекше әсер етеді.Адамға деген мейірімділік, ізеттілік, тілектестік т.б. тамаша қиялсыз өрістей алмайды.Бала қиялын дамытуға көркем әдебиет, музыканың, сурет салудың, еңбек сабақтарының мәні зор. Зейін – дербес психикалық процеске жатқызуға болмайды. Зейін адам санасының барлық жақтарымен қосақтасып оның психикасын белгілі бір обьектіге бағыттап жинақтайды. Зейін қасиеттерін түсіндіру үшін оларға жеке –жеке сипаттама берген жөн. Мәселен, зейіннің көлемі дегеніміз –адамның бір уақыт ішінде қамтитын обьектілерінің саны. Зейіннің бөлінілуі оқушылар меңгеруге тиісті нәрселердің қасиеттері мен ерекшеліктеріне байланысты. Зейіннің табиғатын дүрыс түсіну үшін обьектілерді дүрыс қабылдап, олардың мән жайын түсіну қажет.Бұл оқушылардың дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Зейіннің аударылуын іс –әрекет үстінде, яғни тиісті міндеттерді шешу үшін бір обьектіден екінші обьектіге, немесе оның бір жағына сананы әдейі аудару арқылы қалыптасатынын нақты мысалдармен түсіндіру қажет. Зейіннің басты бір қасиеті – оның тұрақтылығы.Зейнді түрақтата алу жүйке процестерінің күшіне, әрекет сипатына қалыптасқан әдетке байланысты. Сабақ үстінде баланың зейінін белгілі бір әрекетке ғанашоғырландырып, оны үнемі тұрақты етуге, ол үшін алаңдатушы тітіркендіргіштермен күресе білуі шарт.Зейін әсіресе, жас балаларда шашыраңқы келеді.Өйткені, олардың сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленгіш тізгіні күшті.Шаршағандық, өз ойымен әлек болу, қолайсыз эмоциялық күй бала зейінін ауытқытып, түрлі нәрселерге әсерлендіреді.Оқу тәрбие процесінде педагог балалардың мұң – мұқтажына, көңіл күйіне, денсаулығына, сабақ үлгеруіне үнемі зейін қойып отыруы тиіс.Өйткені, бала зейінінің, ой өрісінің өсуі мүғалімдер үшін аса қажетті обьект.Оқушылар адамда сондай–ақ сыртқы және ішкі зейіндердің де болатынын, олардың өзіндік ерекшеліктерін ескергені жөн.Мәселен, айналаға зер салып қарау, жай көңіл аудару сыртқа бағытталған зейін делінсе, адамның өз ойына, адамгершілік қасиеттеріне, әсемдікті сезіп білуіне, көңіл–күйіне, басынан кешкен оқиғаларының санасының бағытталуы ішкі зейін делініді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет